Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Түйе сүтінен балмұздақ пен йогурт

Түйе сүтінен балмұздақ пен йогурт

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оралдық жас ғалымдар түйе сүтінен балмұздақ пен йогурт жасаудың жолын тапты. Жәңгірхан университетінің ғылыми зертханасында дайындалған осы өнімдер болашақта балалар тағамы өндірісінен өз орнын алуы мүмкін.

Университет жанынан «Тағам қауіп­сіз­дігі» ғылыми-зерттеу зертханасы ашылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Зертхананың негізгі мақсаты – тағам өндірісі са­ла­сында жаңашылдыққа бет бұру, өңдеу саласын дамыту, өңір­­де тағам қауіпсіздігі мен сапалық көрсет­кіш­­терін анықтау бойынша қыз­мет көрсету. Дәл осы зертхана ға­лым­дары киік етінен шұжық жасау­дың технологиясын ойлап тапқаны жөнінде тамыз айында ғана оқырмандарымызды хабар­дар еткен едік. Енді, міне, зерт­хана жетекшісі, техника ғылым­да­рының кандидаты Аян Оразов тағы бір жаңалықпен қуантып отыр.

«Әңгімені сәл әріден бастасам, түйе сүтінен балмұздақ, йогурт жасау идея­сы 2023 жылы басталған. Ғылыми ізденісім, кандидаттық диссер­тациямның тақырыбы да осы еді. Диссер­тациямды сәтті қорғап, жас маман ретінде еңбек жолымды бастаған кезде жас ғалымдарды қолдайтын грант жобасы байқауына қатыстым. Сөйтіп, түйе сүтін қайта өңдеп, пайдалы қасиеттерін ескере оты­рып, жаңа өнім алу идеясы мемлекеттік қолдауға ие болды. Үш жылға жоспарланған грант – 24 млн теңге қаржыға ғылыми-зерттеу жүргізілді, ғылы­ми жұмысқа қажетті ма­териалдық-техникалық базаны ны­ғайт­тық. Яғни зерттеуге қажетті құрал-жабдықтар алынды. Халық­аралық беделді басылымдарда мақалалар жарияланды. Ғылыми өнертабысқа патент алынды. Түркия, Эстония елдерінде өткен халықаралық ғылыми конфе­рен­­цияларға қатысып, осы өнім­мен таныстырдық. Шетелдік әріп­тес­теріміздің арасында жаңа өнім­ге қызығушылық танытушы­­лар аз емес. Олар түрлі сұрақ қойып, байланыс деректерімізді алып жатады. Болашақта олардан ұсыныс болып жатса, бірге жұмыстануға дайынбыз», дейді Аян Жарылқасынұлы.

Сонымен, оралдық жас ғалым­дар ұсынып отырған жаңалық­тың мәні қан­дай? Қазіргі жасөспірім­дер, кішкене сәбилер арасында дұрыс тамақтанбау салдары­­нан туындаған мәселе көп. Ма­ман­дар балалардың тағам рационын реттеу жөнінде көптен дабыл қағып келеді. Мәселен, адам ағзасындағы құрастырушы материал – ақуыз. Қазіргі балалар табиғи тағамдардан жеріп кетті, тез дайындалатын, қорытылуы қиын көше тағамын жиі тұтынады. Міне, осындайда кез келген бала қуана қол созатын балмұздақ пен йогурттың өзін «өзгертіп», пайдалы етуді оралдық ғалымдар ұсынып отыр.

«Сиыр сүтіне қарағанда түйе сүтінің ақуыз мөлшері көбірек, ол түйенің түріне байланысты өзгеріп отырады. Ұлттық сусынның бірі – шұбаттың ерекше қасиеті осында. Біздің бал­мұз­дақты жеген балалар дәл осы шұбат ішкендей болып, ағзаға қажетті ақуыз мөлшерін бал­мұз­­дақтан  алады», дейді А.Оразов.

Мәселенің екінші жағы да бар – адам түрлі болады, қазіргі балалар пайдалы ұлттық сусындарды ұнатпауы мүмкін, шұбатты іше алмайтындар да бар. Ал оралдық жас ғалымдар шұбаттың пайдалы қасиеттерін, түйе сүтіндегі пайдалы сүтқышқылды бактерияларды алып, йогуртке енгізуді жөн көрген. Бүгінде түйе сүтінен әзірленетін балмұздақ­тың патенті алынған. Ал биологиялық белсенді қоспаны талдап-тексеріп, сараптама жасау үшін кемінде бір жыл уақыт керек. Қазір тиісті орындарға ұсыныс берілген.

«Түйе сүтін Батыс Қазақстан, Атырау облыстары аумағындағы шаруа қожалықтарынан алып жатырмыз, бұл мәселе өте өзекті. Түйе шаруашылығы Батыс Қазақстан өңірінде тапшы, болашақта бұл мәселені ескеру керек. Алдымен түйе сүтінің құрамына талдау жасалып, сапасы тексеріледі. Одан кейін сүтті салқындатып, рецебіне сәйкес өнімдерді қосып, фрезерлеу үдерісінен өткіземіз. Балмұздаққа арналған қоспаны ауамен қанықтырып, қатырып, дайын өнім аламыз. Бұл балмұздақ ағзасында ақуыз жетіспейтін балаларға өте пайдалы. Ондай балалар аз емес», дейді Аян Жарылқасынұлы.

Балмұздақтың тағамдық құн­ды­лығын жоғарылату мақса­тын­да ақуыз концентраты қосыла­­ты­нын айттық. Бұл да сүттен әдейі бөлініп алынған өнім, 85–90 па­йыз­ға дейін ақуыздан тұрады. Ғалымдар оны балмұздақтың рецебіне қосып, рецепті математикалық модельдеу арқылы қанша ингредиент қа­жет екенін есептеп алған. Осы екі қоспаны қосу арқылы жоғары ақуызды балмұздақ дайындалады.

Йогурт жобасындағы бір ерек­ше­лік – ғалымдар сүт құрамы­нан пробио­тика­лық қасиеті бар сүтқышқылды бактерияларды бөліп алып, йогурттың құрамына қосады. Оның әсерін зерттеп, пайдалы қасиетін тексереді. Бұл сүт қышқылы бактериялары адам ағзасына өте пайдалы әсер береді, ішек микрофлорасын жақсартып, пайдалы бактерия­лармен қамтамасыз етеді. Асқазан-ішек жолдарында болатын аурудың емі.

«Барлық құжат жинақталған соң, жоба коммерцияландыру байқауына қатысады. Өнертабыстар арқылы, ғылыми-тех­никалық зерттеу­лер­дің қоры­тын­­­дысы негізінде алдағы уақытта осы өнімдерді өндіріске ұсынамыз. Елімізде шығарылатын отандық өнімдер ассортиментін кеңейтуге өз үлесімізді қосамыз деген ойдамыз», дейді А.Оразов.

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Әуенмен емдейтін нейрожүйе

Digital • Бүгін, 09:50

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Түйе сүтінен – балмұздақ пен йогурт

Экономика • Бүгін, 09:25

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15

Әлеуметтік қамсыздандыру: мақсат пен меже

Қоғам • Бүгін, 09:10

Тікелей сұхбаттастықтың пайдасы

Саясат • Бүгін, 09:05

Бірпалаталы жаңа Парламенттің атауы қарастырылды

Саясат • Бүгін, 09:00

Медицина жүйесін цифрландыру жайы талқыланды

Медицина • Бүгін, 08:58

Отаншылдықтың өлшемі

Айбын • Бүгін, 08:55

Шетел жұмысшылары қай салада көп?

Қоғам • Бүгін, 08:50

Еңбек нарығының тың бағыттары

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 10:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары