Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тұралап қалған қысқы спорт

Тұралап қалған қысқы спорт

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Өкінішке қарай, әзірге жалпы есепте ешқандай медальға қол жеткізбедік. Айтқандай-ақ, Олимпиадаға соңғы төрт жылда отандық спортшыларды дайындауға бюджеттен 13,3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған екен. Бұл қаражаттың тиімділігі мен медальға айналар-айналмасы Олимпиада аяқталғанда белгілі болатыны ақиқат. Алайда көкейде еліміздегі қысқы спорт шынымен дамып жатыр ма деген сұрақ әлі де тұр.

Статистика не дейді?

Туризм және спорт минис­тр­лігінің деректеріне сүйенсек, 2022–2025 жылдары қысқы спорт­тың 14 түрі (оның 13-і олим­пиадалық) бойынша сек­ция­ларға тұрақты қатысатындар саны 158,4 мың адам деңгейінде қалған. Өсім көрсеткіші небәрі 1,2%. Бұл бұқаралық серпілістен гөрі, ішкі ауыс-түйісті аңғартып тұр. Қысқы спорт түрлерінде шаң­ғы және сноубордқа қызығу­шылық әрдайым жоғары бола­тын. Алайда соңғы үш жылда бұл бағыттардан 9,5 мың спортшы кеткен екен. Дегенмен шаңғы жарысы әлі де қысқы спортпен шұғылдан­ушылардың 46%-ын құрайды. Теріс динамикадан тек биатлон мен фристайл ғана ерек­шеленіп тұр.

Тағы бір қызық жайт, елде шай­балы хоккей мен допты хок­кейдің танымалдығы күн санап артып келеді. Бұл спорт түрле­рінде спортшылар саны 5,8 мың адамға, яғни 13,6%-ға өскен. Сарап­шы­лар, мұны жанкүйерлік белсен­діліктің артуымен және бала­ларды спортқа беру сұраны­сының көбеюімен байланыс­тырып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ең жоғары өсім биатлонда (+64,1%), кёрлингте (+65,1%) және допты хоккейде (+37,5%) тіркелген. Сондай-ақ мәнерлеп сырғанау (+25,4%), фристайл (+30%) және шорт-трек (+11%) те оң динамика көрсеткен. Бұл – белгілі бір бағыт­тарда жүйелі жұмыс бар деген сөз. Ал ең аз қатысушы тіркелген спорт түрі – ски-альпинизм. Ел бойын­ша бар-жоғы 6 спортшы және бір ғана жаттықтырушы жұмыс іс­тейтін жалғыз секция бар. Иә, жаңа бағыттың дамуы үшін мұндай көрсеткіш жеткіліксіз көрінеді.

Түйткілді мәселе көп

Қысқы спортты бұқаралық дең­гейде дамыту ісінде қорда­ланған мәселе аз емес. Соңғы жылдары отандық бұқара­лық ақпарат құралдары талай мәрте спорт ны­сан­дарының нақты жағдайын көтерді: бір жерде мұз айдынының салқындату жүйесі істен шыққан, енді бір жерде шаң­ғы базаларының мате­риал­дық-техникалық жабдық­талуы ескірген. Ауыл-аймақтарда спортшылар жарысқа лайық дайындық өткізу үшін ондаған шақырым жол жүруге мәжбүр. Кей нысандарда киім ауыстыра­тын бөлме, медициналық пункт сынды қарапайым талаптардың өзі сақталмайды. Мұндай жағдай­да тұрақты нәтиже күтудің өзі қиын.

Жақында өткен Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық туризм саласындағы негізгі түйткілдерді атап өткен болатын. Министрдің айтуынша, салада негізгі көр­сеткіштер бойынша өсім бай­қалғанымен, шешімін таппаған жүйелі мәселелер әлі де бар.

– Ең алдымен, бұл – курорт­тық а­ймақтар инфрақұры­лымы­ның жай-күйі. Мем­лекет басшы­сының туристік бағыттарды тиісті деңгейге келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет аппараты мен Президент әкімшілігінің инспекторларымен бірлесіп, бірқатар курорттық ай­мақтарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Бурабай, Баян­ауыл, Катон-Қарағай, Балқаш, Қапшағай, Алакөл (Абай және Жетісу облыстары), сондай-ақ Кас­пий теңізі жағалауы (Маңғыс­тау облысы) қамтылды, – дейді Ербол Мырзабосынов.

Министр атап өткендей, бірқатар өңірде сумен қамту және орталық кәріз жүйе­сіне қатысты мәселелер шешілмей отыр. Бұл проблема әсіресе Ақмола, Қара­ғанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай мен Жетісу об­лыс­тарындағы демалыс аймақ­тарында өзекті. Су ресурстарын, оның ішінде ұңғымаларды пай­далану мәселесі де ерекше бақы­лауды талап етеді. Әсіресе, Алакөлдің шығыс жаға­лауында бұл түйткіл өткір сезілуде.

– Сонымен қатар жағалауды бекіту жұмыстары да күн тәрті­бінде тұр. Министрдің айтуынша, Алакөл көлінің екі жағалауында да жағалауды нығайту шараларын жедел қолға алу қажет. Мәселен, Абай облысындағы кейбір демалыс базалары суға тым жақын орналасқан. Бұл – қауіпсіздік тұрғысынан да, инвестициялық тұрақтылық тұрғысынан да алаңдатарлық жағдай. Сондықтан бұл мәселені созбалаңға салуға болмайды, – дейді ол.

Бұдан бөлек, Жетісу облысын­дағы Алакөл жағажай аймағында және Каспий теңізі жағалауында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Бұл, бір жағынан, туристердің қауіп­сіздігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан, жағажай инфра­құрылымы­ның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым ақсап тұр 

Жалпы алғанда, қысқы спорт секцияларының саны 2022 жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 4,8 мыңға жуықтаған. Алайда секция санының көбеюі инфрақұрылым сапасының артуына ықпалын бермей отыр. Мәселен, шаңғы базаларының саны үш жылда 46%-ға қысқарып, 189-дан 102-ге түскен. Өткізу қабілеті де 9,5 мыңнан 6,4 мың адамға дейін азайған. Яғни, 87 база жабылған. Оның үстіне, жұмыс істеп тұрған нысандардың 24%-ы – жекеменшік. Бұл бұқаралық спорттың қолжетім­ділігіне күмән тудырады.

Хоккей корттарының саны да 19,8%-ға қысқарған (1,4 мыңнан 1,1 мыңға дейін). 278 алаң жа­былған, оның 33-і – жекемен­шік. Көбіне мұз айдындарын ұстау қымбат шығады. Сондықтан да көп нысандар жабылуда. 

Ал конькимен жүгіру стадион­дары (7) мен шаңғы трамплиндері (3) саны өзгермеген. Бір қарағанда тұрақтылықты ұстап отырғандай көрінеді. Бірақ та жаңа нысан­дардың салынбағанына біршама жыл болып қалды. Мысалы, Щучинскідегі шаңғы-биатлон кешені 11 жыл бойы салынып, 61 млрд теңге жұмсалған. 

Сонымен қатар қомақты қара­жат­тың бір бөлігі шет­елдік ойыншыларды тартуға жұмсалатыны жасырын емес. Жарыс аяқталған соң олардың едәуір бөлігі өз елдеріне оралады. Бұл ұзақ­мерзімді кадрлық саясат­тың әлсіздігін көрсетіп отыр. 

Ал дамыған мемлекеттер керісінше, басымдықты бұқара­лық спортқа береді. Өйткені чемпиондар дәл сол кең ауқымды база мен қолжетімді инфрақұры­лымның ішінен шығады. Мәселен, Нидерланды халқының саны Қазақстаннан аз болса да, бұқара­лық спортқа жұмсалатын шығын кәсіби спортқа қарағанда екі есе көп. Соның нәтижесінде голланд спортшылары халықаралық арена­ларда тұрақты әрі жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Қорытындылай келе, Олим­пиада – төрт жылдық еңбектің есебі. Бірақ бір жарыспен ел спортының ахуалын өлшеу дұрыс емес. Кей спорт түрлері қарқын алып жатқанымен, дәстүрлі өзімізге тән қысқы спорт түрлері әлсіреуде. Егер біз шынымен қысқы спортты дамытамыз десек, басты назарды бұқаралық базаға аударуымыз керек. Дәл қазір Милан мен Кортинада болып жатқан доданың қорытындысы да қысқы спорттың болашағына да жақсы өзгеріс әкеледі деген се­німдеміз.

Әсет ҚАЛИ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 08:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары