Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Түркістан облысында бір топ адамға оқ жаудырып, 17 жастағы студентті өлтірген күдіктілердің бірі ұсталды

Түркістан облысында бір топ адамға оқ жаудырып, 17 жастағы студентті өлтірген күдіктілердің бірі ұсталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түркістан облысында бір топ адамға оқ атқан күдіктілердің бірі ұсталып, қамауға алынды. Ал екінші қаскөйге полицейлер іздеу жариялаған. Бұл қанды қылмыс екі күн бұрын Түлкібас станциясында болған. Түнде көшеде сөйлесіп тұрған бірнеше адамға бетін бүркеген бәз біреулер қарудан оқ жаудырған. Қарулы шабуылдан сол жерде 17 жастағы жасөспірім тіл тартпай кетті. Тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қарулы шабуыл Түлкібас стансасындағы кеңсенің алдында болған. Бес-алты жігіт сөйлесіп тұрған кезде көлік келіп тоқтап, ішінен шыққан екі жігіт еш ескертусіз оқ жаудырған. Мұны көргендер алғашында «отшашу деп ойладық» дейді. 

— Бір жігіт жүгіріп келді, мына бұрыштан, үстінің бәрі көрінбейді. Маска киген. Ата бастады, мен салют екен деп ойладым. Бес-алты рет атылды, кейінгісі қатты атылды да, салют екен дедім. Жігіттерге пранк жасап жатыр деп ойлағам, – дейді Динара Бейсенбаева. 

Өкінішке қарай, пранк емес, қарулы атыстан 17 жастағы жасөспірім сол жерде көз жұмды. Тағы үшеуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі амбулаториялық емге жіберілсе, 30 және 22 жастағы екі жігіт әлі емделіп жатыр. Оқ тиген үш науқастың да денесінен бытыра түгел алынбаған.

— Стационарға түскен науқастың санына, балтырына, табанына оқ тиген. Екінші науқастың тек табанына, терісінде жарақат бар. Бәрінде бытыра. Науқастардың жағдайы тұрақты. Емі хаттамаға сәйкес тазаланды, – деді Түлкібас ауданы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансұлу Ақылбаева.

Оқ тигендердің барлығы Түлкібас ауданына қарасты Көктерек ауылының тұрғындары. Оларға неліктен қастандық жасалғаны туралы тұщымды мәлімет жоқ. Сондықтан ел арасында түрлі алып-қашпа әңгіме тарауда.

— Бір аудан мен тағы бір ауданның балалары бір-бірімен текетірескен деп естідік. Біреуі Түлкібас, біреуі Беловод, Сайрам ауданы. Ерегескенде, араларында отырыста болған сөз болған шығар, білмедім. Сондай қауесет бар. Студенттер, мына балаларды атқанда шатасып атып тұр, бұл балалар емес, атқан да, қашып кеткен. Жазықсыздан жәбір шегіп тұр, – деді Бибайша Байымбетова. 

Қазір Түлкібаста тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қастандық жасағандардың біреуі ұсталып қамауға алынғанымен, екінші күдікті әлі іздестірілуде. Полиция олардың жеке басын анықтадық деп отыр.

— Осы факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық істер қозғалды. Осы жәйттер мен қылмыскерлердің орналасқан жерін әшкере етуге іс-шала жүргізілуде, – деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев. 

Атыстан қаза тапқан Төрехан Төреәлінің жақындары отбасы қауіпсіздігі үшін ашық сұқбат беруден бас тартты. 17 жастағы студенттің денесі жер қойнына кеше тапсырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 11:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see117

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see117

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see116

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see115

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see114

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see113

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see113

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see113

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see113

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see112

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see112

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see111

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see110

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see110

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see110

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see109

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары