Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Түркістан облысының тауларында турист аюды жолықтырды кездесу ерекше аяқталды

Түркістан облысының тауларында турист аюды жолықтырды кездесу ерекше аяқталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сайрам шыңына шығу кезінде аю туристен небәрі бес метр жерден бірақ шықты. Жыртқышты адамдардан алыстату үшін топ мүшелері дронды пайдалануды ұйғарған және бұл ерекше кездесуді видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Шымкенттің 26 жастағы тұрғыны Диас Түркістан облысының тауларына жиі шығып тұрады. 21 тамызда ол досы Хан Биссакалмен бірге биіктігі 4 238 метр болатын Сайрам шыңына аттанған. Шыңға өрлеу кезінде олар аюды байқап қалды.

"Аюды алдымен досым Хан көрді. Ол аюды үркітпек болғанда, жануар тура менің алдымнан - шамамен бес метрдей жерден жүгіріп өтті. Содан кейін аю тоқтап қалды. Сол сәтте бұл маңда сегізге жуық адам болды, сондықтан өзіміздің және басқа топтардың қауіпсіздігі үшін оны алысқа қууды жөн көрдік", - деп бөлісті ол.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Dias Kuralbek (@diaskuralbekk)

Сол кезде туристер дронды пайдалануға бел буған.

"Біз дронды ұшырып, оны аюға қарай бағыттадық. Алдымен оның көмегімен жануарды кетуге мәжбүрледік, содан кейін зумды қолданып түсіруді жалғастырдық. Бұл ретте аюды артық мазаламау және оған зақым келтірмеу үшін дрон жеткілікті деңгейде алыс қашықтықта болды", - деді турист.

Жануарларды және осындай жағдайларды түсіру үшін Диас шағын DJI дронын пайдаланады.

"Мұндай жағдайларда дрон расында көмектесе алады. Жабайы жануарлардың адамнан сескенуі сақталғаны және оларды тамақ көзі ретінде қабылдамағаны маңызды. Егер аю бір рет адамға шабуыл жасап, адам етінің дәмін татса, ол адамдарды іздеуді жалғастыруы мүмкін деген қауіп бар", - деп ескертті ол.

Аюмен алғашқы кездесу емес

Кейін Диас тауда аюларды жылына бірнеше рет кездестіретінін айтып берді. Мамырда олардың бірі лагерьге дейін келген.

"Мен тауға жиі шығамын және аюларды жылына кем дегенде екі-үш рет жолықтырамын, сондықтан қайғылы жағдайды болдырмау үшін қалай әрекет ету керектігін білемін. Мысалы, жақында ғана, мамырда аю таңертең ерте біздің лагерьге келді. Абырой болғанда, дронның арқасында оны қуып жіберіп, қауіпті жақындықтан құтылдық", - деді ол.

Жиһанкездің айтуынша, жалпы Түркістан облысының тауларында аюлар жиі кездеседі. Сондықтан олардың мекендейтін жерлерін білу, іздерін тану және қозғалыс бағытын түсіну, ең бастысы - мүмкіндігінше жануармен кездесуден алдын ала қашу маңызды.

Қазақстанның қай жерлерінде аюды кездестіруге болады?

Орман шаруашылығы комитеті Қазақстанда қоңыр аю мен Тянь-Шань қоңыр аюы мекендейтінін хабарлады. Оларды келесі аймақтарда кездестіруге болады:

Кәдімгі қоңыр аю:

Абай облысы; Шығыс Қазақстан облысы.

Тянь-Шань қоңыр аюы (Қызыл кітапқа енген):

Батыс және Солтүстік Тянь-Шань: Өгем, Қаржантау, Талас, Қырғыз, Іле Алатауы, Кетпен, Күнгей және Теріскей Алатау жоталары; Жоңғар Алатауы: Тоқсанбай, Қояндытау массивтері және "Алтын Емел" ұлттық паркінің аумағы.

Орман шаруашылығы комитетінің мәліметінше, қоңыр аю - өте жақсы жүзетін, ағашқа өрмелейтін және сағатына 60 шақырымға дейін жылдамдықпен жүгіре алатын ірі жыртқыш. Әдетте бұл аңдар адамнан қашуға тырысады, бірақ адамдармен көршілес болуға үйреніп кетсе немесе оларды оңай олжа ретінде қабылдай бастаса, нағыз қауіп төндіруі мүмкін.

Сондай-ақ ведомство статистиканы бөлісті: 2020 жылдан бастап Қазақстандағы аюлар популяциясы айтарлықтай өсіп, 2297-ден 3568-ге жеткен. Осылайша, кейінгі жылдары олардың саны 1271 жыртқышқа көбейді.

ТЖМ мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері 112 бірыңғай құтқару қызметі нөміріне аюлардың шабуылы туралы қоңыраулар мен хабарламалар түспеген.

Аюмен кездескенде өзіңді қалай ұстау керек?

Комитет қауіпті кездесудің алдын алу үшін туристерге келесі кеңестерді береді:

қозғалыс кезінде шу шығару - аю адамды алдын ала байқауы үшін сөйлесу, топпен дауыс шығарып отыру. қалың бұталарға кірмеу - биік шөптер мен бұталардың арасында жануарды тым жақындағанша байқамай қалу мүмкін. ашық жерлер мен сирек орманды таңдау, мұнда аюды алыс қашықтықтан көруге болады. қонжықтардың қасында өте сақ болу - аналық аю ұрпағын қорғау үшін агрессия көрсетуі мүмкін. аюға жақындамау, ол сабырлы болып көрінсе немесе адамға қызығушылық танытпаса да. артыңыздан тамақ пен қалдықтарды қалдырмау, жануар адамды тамақ көзімен байланыстыруға үйренбеуі тиіс. аюды байқаған жағдайда алдын ала қашықтықты ұзарту және жануарды кенет әрекеттермен ашуландырмау.

Айта кетейік, кейде жыртқыштармен кездесу қайғылы аяқталады. ШҚО-да аю 58 жастағы омарташыға шабуыл жасады - екі куәгер ер адамды арашалап алуға көмектесті. Зардап шегуші ауыр жарақаттармен және сынықтармен жансақтау бөліміне түскен, 19 тамызда ол ауруханадан шығарылды.

Тағы бір оқиға мамырда Жетісу облысында болды: аю қонақ үй үйшігінің болат есігін майыстырып, ішке кіруге әрекет жасаған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға жолбарыс жақын маңда жүргені ескертіледі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 17:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары