Түркияда Mercedes электромобилі өртенді өрт 12 сағат бойы сөндірілді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Түркияның Айдын қаласында жолда келе жатқан Mercedes AMG EQE 53 электрмобилі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"Түркия жаңалықтары" Telegram-арнасы мәліметінше, оқиға 22 тамызда Сөке ауданындағы Сазлыкөй елді мекенінің маңында болған. Көлік Измирден Бодрумға қарай бағыт алған. Жүргізуші көліктің артқы жағынан жалын шыға бастағанын байқап, жол жиегіне тоқтап, көліктен алыстап үлгерген.
Болжам бойынша, өрт аккумулятор бөлімінен басталған. Тілсіз жауды әдеттегі әдіспен сөндіру қиынға соққандықтан, құтқарушылар жаңа буындағы арнайы өртке қарсы шатырды қолданды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол 2100 градусқа дейінгі температураға төтеп бере алады.
Өртті сөндіру жұмыстары шамамен 12 сағатқа созылды. Құтқарушылар жалынның басқа көліктерге және жақын маңдағы орманға жайылуына жол бермеді.
Өрттен кейін Mercedes көлігі мүлдем жарамсыз болып қалған. Көліктің құны 8 миллион түрік лирасына бағаланып отыр, бұл шамамен 76 миллион теңгеге тең.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Қытай электрмобильдер үшін жаңа қауіпсіздік стандарттарын енгізіп жатыр
Қытайда электрмобиль батареяларына арналған жаңа стандарт енгізілді: көлік иелері үшін не өзгереді?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 15:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















