Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Түсіме де кірмеді : Петропавл тұрғыны 95 млн теңгені науқас балаларға бөліп берді

Түсіме де кірмеді : Петропавл тұрғыны 95 млн теңгені науқас балаларға бөліп берді

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Петропавл тұрғыны Данияр Тәліпов баласының еміне жиналған ақшаны сырқат балаларға үлестіріп берді. Бірнеше жыл баласының ауруымен күрескен әкенің әрекеті жұртты сүйсіндірді. Sputnik Қазақстан тілшісі Данияр Тәліповтың өзімен сөйлесті.

Әлтайыр – Тәліповтер отбасындағы екінші бала. Ол жеті жасқа толғанда сырқаттанып қалуды жиілеткен.

"Әлтайыр 2023 жылы бірінші сыныпқа барғанда жәй ғана ауыратын. Тамағы ауырып, ыстығы көтерілетін. Жиі ауырып қалатын. Ауруханада емін алып, жазылады. Бір аптадан соң қайта ауырып қалады. Бір күндері денесіне қызыл дақтар түсе бастады, жиі шаршап қала береді. Біз бірден ауруханаға барып, Қызылжарда қан тапсырдық. Дәрігерлер ақ қан ауруы болуы мүмкін деді. Ол 2023 желтоқсан айы еді. Содан астанадағы "Ана мен бала орталығына" барып, анализ тепсырып едік, сол лейкоз деген диагноз қойылды", - дейді Данияр Тәліпов.

2025 жылы Әлтайыр қатерлі сырқатты жеңіп, мойнына чемпион деген медалін тағып, қоңырау соғып, ауруханадан өз аяғымен шығады.

© Sputnik / Айдана ДайыроваДанияр Тәліпов баласының еміне жиналған ақшаны сырқат балаларға үлестіріп берді

Данияр Тәліпов баласының еміне жиналған ақшаны сырқат балаларға үлестіріп берді

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Екі айдан кейін ұлым ойнап жүріп дұрыс отырмай қалды ма, білмедім, жұмыртқасы айналып кетіп, қайта ауырып қалды. Ол ауырған балаларда ғана емес, жалпы ер балаларда солай болады екен. Дұрыс қимылдамай қалса, бірден орнынан тұрған кезде солай болады дейді. Ауруханадан шыққан соң Әлтайыр әлсіз болды, мүмкін сол да әсер еткен болар. Петропавлда шұғыл ота жасалды", - дейді Әлтайырдың әкесі.

Әлтайырға ота жасаған дәрігерлер одан қатерлі ісік табылғанын айтады.

"Бір жұмыртқасын алып тастаған дәрігерлер екіншісін де алу керек деді. Өйткені одан да метастаза анықталған. Біз оған келіспедік. Содан қайтадан "Ана мен бала" орталығына жаттық. Содан қор жинадық, өйткені Қытайда емдету керек болды. Басында Қытай 130 млн теңге деген, кейін бағасын 180 млн деді. Негізі Бейжіңге барамыз деп едік, олар келісіп алып, біз енді жиналып шығамыз дегенде жауап бермей қойды. Ауру дендеп барады. Содан кординаторлар Донгуанга барып емді бастай беріңіздер, кез келген уақытта Бейжіңге ауыса аласыздар деді", - дейді Данияр.

Сол күннен бастап Әлтайырдың отбасы үлкен сынақпен күресе бастаған. Әкесі Данияр әлеуметтік желіде парақша ашып, баласының еміне қаржы жинайды.

Донгуанда сол уақытта Қазақстанның екі баласы ем қабылдап жатқан. Олар емді жақсы деген соң, сонда тоқтап, емделе бастайды.

"Сол ауруханада Айя есімді қазақ қызы емделіп жатқан. Оның диагнозы дәл менің ұлымдыкі сияқты. Айяға трансплантация жасалған. Бірақ екі айдан кейін Айяның ауруы асқына бастаған. Оны көріп Әлтайырды Бейжіңде емдетеміз деп шешіп, сол жаққа кеттік", - дейді Әлтайырдың әкесі.

Алайда Бейжіңде емдейміз деп уәде берген қытайлық профессор аяқасты бас тартады. Өйткені Әлтайырдың анализдері нашар дегенді айтқан. Олар Қытайдағы басқа клиникаларды ұсынады. Ал ол жерде Қырғызстаннан келген балалардың ем алып жатқанын, емнің дұрыс болмай жатқанын естиді. Амалы құрыған отбасы Қазақстанға қайта оралып, Түркия және Израильге құжат жолдайды.

"Израиль бізді қабылдаймыз деді, бірақ құжаттарды рәсімдеуге үш жұмадай уақыт кететін болды. Ал рак клеткалары өршіп барады. Сосын Түркияға бардық. Бірақ бұл ауруды ол жақта да емдей алмады", - деген Данияр Тәліпов қазақстандық дәрігерлердің де кәсіби білікітілігі өте жоғары дейді.

"Қазақстандағы дәрігерлердің де, мейірбикелердің де кәсіби біліктілігі өте жоғары. Бірақ... Бірақ бізде заманауи технология жағы жеткіліксіз болып тұр. Біздің денсаулық сақтау саласын сәл болсын қолдап жіберсе қаншама қазақстандық өз елінде ем алып, сол шетелге жұмсалған қаражат өзімізде қалар еді. Мысалы сүйек кемігін трансплантациялауды бұрыңғыша жасайды, шетелдерде заманауи жасалады. Әйтпесе шетелдік дәрігерлердің біздің дәрігерлерден еш артықшылығы жоқ", - дейді Данияр.

Өкінішке қарай Әлтайыр өмірден өтті. Екі жыл үздіксіз емге қарамастан кішкентай Әлтайырды аман алып қалу мүмкін болмады.

"Қанша күрессем де Әлтайырымды аман алып қала алмадым. Қайтыс болған соң жетісіне қарай түске кіреді деп айтып жатты. Ол менің ең болмаса түсіме де кірмеді. Негізі ұлым ауырып, қор жинағанда біз іздеген қаражат жиналды, бәрі оңынан шешілді. Мен Әлтайырым жазылады деп сондай сенімді болдым", - дейді Данияр Тәліпов.

"Баласын ұрған ата-ананы түсінбеймін. Мен балам өмір сүрсін деп жанталастым. Алтынның қолда барда қадірін білу керек. Мен баламды аман алып қалу үшін ажалмен арпалыстым", - дейді ол.

Әлтайырға жиналған 180 млн теңгенің тең жартысы Қытайға, Түркияға барып ем қабылдағанда жұмсалды.

"Қалған 95 млн теңгені мұқтаж балаларға таратып бердім. Ол ақшаны не істеймін? Менің Әлтайырымды құтқармаса да басқа науқас балалардың өмірін аман алып қалсын. Менің батырым Әлтайыр да солай істегенімді қалар еді. Сол балаларға көмегім тисін, сол балалар аман қалсыншы. Үй, көлік алу, жеке басымның қажетіне жұмсау, өз пайдамызды ойлау әйеліміз екеуміздің ойымызда болмапты. Дүниненің құны көк тиын", - дейді Данияр Тәліпов.

45 млн теңге Аяна есімді қызға берілген. Ол Әлтайырдың ауруханада бірге жатқан досы, әлі күнге ем қабылдап жатыр. Алмас есімді балаға 25 млн теңге берілген. Ал қалған ақша Дәрия есімді Кореяда ем алып жатқан қызға берілген. Алмас пен Дәрияның кім екенін танымаймыз, бірақ қаражатқа мұқтаж жандар, дейді Данияр.

Данияр Тәліповке әлі күнге ақша сұрап күніне бірнеше өтініш түседі. Бірақ ол ұлының емінен қалған ақшаны бір тиынын қалдырмай үлестіріп бергенін айтады.

"Көп балаға таратып беруіме де болушы еді. Бірақ ақша ұсақталып, еміне жетпей қала ма деп ойладық. Мен қарапайым маманмын, әйелім жұмыссыз. Шамам жетсе барлық балаға көмектесер едім, әттең", - дейді ұлынан айырылған әке көз жасына ерік беріп.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Ақпан 2026 17:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары