Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

ҰБТ форматы өзгертіледі

ҰБТ форматы өзгертіледі

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ҰБТ форматының өзгеруі заман талабы.

Әлемдік жетекші университеттердің барлығы дерлік талапкердің ең алдымен сыни ойлау қабілеті мен  логикасын тексереді. Енді Бірыңғай ұлттық тестілеу форматы да халықаралық стандарттарға бейімделеді. Биыл сынақ ережелері өзгеріссіз қалғанымен келесі кезеңнен бастап сұрақтардың мазмұны түбегейлі жаңармақ.

Ұлттық бірыңғай тестілеу - мектеп түлегі үшін маңызды сынақ. Ал талапкердің тағдырын анықтайтын тестілеуді өткізу сала мамандары үшін жауапты да күрделі міндет. Нышангүл Қожабекқызы - оқушылардың білімін бағалайтын жүйені жасауға атсалысып жүрген ұстаздардың бірі. Айтуынша, бүгінде тест сұрақтары жаттанды білімге емес, оқушының ізденісіне негізделген. Дегенмен, уақыт талабына сай жүйені тағы да жетілдіру қажеттігі туындап отыр.

Нышангүл Қожабекқызы, №82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің тарих пәнінің мұғалімі: 

- ҰБТ-ны реформалау мәселесі талқыланып жатыр ғой, айлтс форматы сияқты. айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым арқылы бағалау деп. Бұл реформа қоғам талабы деп есептеймін. Дегенмен, ҰБТ бір күнде жасалған дүние емес, ол қаншама жылдық еңбектің, әдістемелік тәжірибенің қаншама облыстардан келіп, тәжірибелі мұғалімдер құрастырып жатыр. өзімде құрастырушы маман ретінде айта аламын бұл өте үлкен база. 

Жүйедегі өзгерістерді талапкерлер де тағатсыздана күтуде. Мәселен, Нұрәли Болатұлы қазір екі тестке қатар дайындалып жүр. Мақсаты - шетелдегі айтулы университеттердің біріне оқуға түсу. Дегенмен, Ұлттық бірыңғай тестілеуге де дайындық жүргізу қажет. Егер емтихан форматы халықаралық стандартқа сай болса, талапкердің жүгі жеңілдер еді,-дейді ол.

Нұрәли Болатұлы, №82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің оқушысы: 

- Ең алдымен октбярь айында тапсырған болатынбыз. физика-математика бағытымен 77 балл алған болатынмын. Мен қазір 2 экзаменге қатар дайындалудамын. Шетелге, Қазақстан университетіне бір экзамен болғанда ол жақсы болатын еді. 

Айта кетейік,  қаңтар айында ҰБТ тапсыруға 187 мыңға жуық адам өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Биыл сынақ форматы өзгермейді. Ал келесі жылдан бастап жүйені біршама өзгеріс күтіп тұр. Министрлік Ұлттық бірыңғай тестілеуді халықаралық стандарттарға негіздеуді көздеп отыр.

Гүлмира Қорғанбаева, сарапшы:

- ҰБТ-ның жаңа бағыты мәтінді сараптау, ойды жүйелеу және креативті шешімдер қабылдауға негізделген. Елімізде ашылып жатқан шетелдік университет филиалдары мен бірлескен бағдарламалар жаһандық талаптарды алға тартады. Сондықтан эссе жазу дағдысы — бұл жай ғана емтихан тапсырмасы емес, жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің кепілі. Біздің түлектер әлемнің кез келген нүктесінде өз білімін дәлелдей алатын деңгейге көтерілуі тиіс.

Биылғы сынақта оқушыларға 120 тапсырма беріліп, ең жоғары 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін цифрлық калькулятор мен Менделеев кестесі экранда қолжетімді болады. Сонымен қатар, тест тапсырушылар сынақ аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сарапшылар бұл техникалық жеңілдіктер емес, білімді тереңдету маңызды екенін айтады.

Наргиз Бекмағанбетова, Досбол Байдильдин

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 16:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары