Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?

ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сыни ойлау, коммуникация және цифрлық сауаттылық секілді дағдыларын бағалайтын жаңа формат енгізілуі мүмкін. Осыған орай Egemen.kz тілшісі аталған министрлікке «ҰБТ жүйесіне өзгерістер қашаннан бастап енгізіледі, тест құрылымы сақтала ма әлде түбегейлі жаңара ма?» деген сауал жолдаған болатын. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу – Қазақстандағы ең маңызды білім сынақтарының бірі. Биыл бұл жүйенің енгізілгеніне 22 жыл. Осы уақыт ішінде жүйе бірнеше рет өзгеріп, қоғамдағы ең көп талқыланатын реформалардың біріне айналды. Осы жүйе арқылы мектеп бітіру емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандары бір арнаға біріктірілді.

Сол кезеңде билік ҰБТ арқылы жемқорлықты азайтуды, барлық талапкерге бірдей мүмкіндік беруді, ауыл мен қала түлектерінің білімін тең бағалауды мақсат етті.

Көлік, пәтер немесе 50 млн теңге: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады

ҰБТ енгізілгеннен кейін жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесі орталықтандырылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл емтихан өткізу тәртібін біріздендірді, грант бөлу процесін ашық етуге көмектесті, талапкерлердің білімін салыстырмалы түрде бағалауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар тестілеу ауыл мектептері түлектерінің де республикалық деңгейде бәсекеге түсуіне жол ашты.

Алғашқы жылдары тестілеу қоғамда үлкен пікірталас туғызды. Бірі оны әділ жүйе деп бағаласа, енді бірі оқушыларды өз ойын еркін айтудан тежейтін, шығармашылық және аналитикалық ойлауға мүмкіндік бермейтін, «тест жаттауға» үйрететін механизмге айналды деп сынады.

2017 жылдан бастап ҰБТ форматы өзгертілді. Тест енді мектеп бітіру емтиханынан бөлініп, тек жоғары оқу орнына түсу құралы ретінде қалды.

Кейінгі жылдары талапкерлерге тестті бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі берілді. Мысалы, ақылы бөлімге түсу үшін қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ тапсыру тәжірибесі енгізілді. Қазіргі формат бойынша талапкерлер 3 міндетті пән, 2 бейіндік пән тапсырады. Тапсырмалар саны – 120, ең жоғары балл – 140.Соңғы жылдары тестілеу толық цифрландырылды. Талапкерлер тест тапсыратын күнді, уақытты, орталықты өздері таңдай алады.

ҰБТ электронды форматқа көшкеннен кейін нәтижені бірден көру, апелляцияны онлайн беру, бейнебақылауды күшейту мүмкіндігі пайда болды. Министрлік мұны ашықтықты арттырудың бір тетігі ретінде бағалады.

ҰБТ-2026: Грант алу мүмкіндігі жоғары 10 бағыт

20 жылдан астам уақыт осындай нәтиже көрсеткен жүйе енді тағы өзгеріске ұшырағалы отыр.  

Ведомствоның редакция тілшісіне берген жауабында 2025 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ETS басшылығымен кездескені айтылған. Кездесу барысында Қазақстанда халықаралық тәжірибені пайдалану мәселелері талқыланған.

«Кездесу нәтижелері бойынша осы компанияның тәжірибесін пайдалана отырып, тестілеу жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылды», деп хабарлады министрлік.

Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығы ETS-пен бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрған. Оның аясында Admissions Insight Test (AIT) деп аталатын жаңа тест форматын әзірлеу жоспарланып отыр.

AIT модульдік форматта болады және екі негізгі блоктан тұрады.

«Бірінші блокта жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын бағалауға бағытталған пәндік модульдер қарастырылады. Ал екінші блок ХХІ ғасыр дағдыларын – сыни ойлау, коммуникация, цифрлық сауаттылық, жобалық ойлау және басқа да негізгі құзыреттерді бағалауға арналған инновациялық құралдарды қамтиды», делінген жауапта.

Осылайша, болашақта тест жүйесінде тек жатталған білім емес, талапкердің аналитикалық ойлау қабілеті мен функционалдық сауаттылығы да бағалануы мүмкін.

Министрлік 2026 жылы тестілеу форматына өзгеріс енгізілмейтінін нақтылады. Ал реформаны енгізу бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылмақ.

«2027 жылы тесттің шағын үлгісі әзірленіп, сынақтан өткізіледі. 2028 жылы жаңа формат шетелдік университет филиалдарына түсушілер үшін пилоттық режимде қолданылуы мүмкін. 2029 жылы қолданыстағы ҰБТ орнына жаңа жүйені толыққанды енгізу мәселесі қаралады», деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ министрлік барлық өзгерістер ғылыми тұрғыда зерттеліп, отандық және шетелдік сарапшылармен жан-жақты талқыланатынын, білімді бағалау жүйесіндегі өзгерістер мен күтілетін нәтижелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Сонымен қатар, келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға оқуға түсу кезінде талапкерлердің тек ҰБТ нәтижесі ғана емес, ауызша емтихан көрсеткіштері де ескерілмек. Жаңа талапқа сәйкес, үміткерлердің педагогикалық қызметке дайындығы, кәсіби бейімділігі мен коммуникативтік қабілеттеріне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ ҰБТ-ны бір реттік форматқа көшіру мәселесі ұсынылып отыр. Бұл бастама грант конкурсына қатысушыларды барынша әділ әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді деп күтіледі. Дегенмен талапкерлердің білім деңгейін алдын ала тексеру үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шартты түрде қабылдау тәжірибесін тоқтату жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай жүйемен қабылданған студенттердің едәуір бөлігі кейін қажетті өту балын жинай алмайды.

«ҰБТ енгізілген кезде басты мақсат әділдік болды деп ойлаймын. Расында, ауыл мен қала баласына бірдей мүмкіндік берілді. Бірақ жылдар өте келе балалардың білімді түсінуінен гөрі, тест жаттауға көбірек дайындалатынын байқай бастадық. Қазір оқушылар формуланы немесе жауапты есте сақтауға тырысады, ал өз ойын еркін айтып, талдау жасауға уақыт аз қалады.

Бала үнемі тестпен дайындалған соң, шығармашылық ойлау да шектелетін сияқты. Мысалы, кітапты терең түсініп оқу емес, «осыдан қандай сұрақ келеді?» деген көзқарас қалыптасты. Оның үстіне ҰБТ-ның айналасындағы стресс те өте үлкен. Кей ата-аналар мен балалар үшін бұл бір ғана емтихан емес, тағдыр шешетін сынаққа айналып кетті.

Дегенмен жүйені толық жоққа шығаруға болмайды. Қазір жаңа өзгеріс енгізіледі деп жатыр, сондықтан болашақта тест тек жаттанды білімді емес, баланың ойлау қабілетін, пікір айтуын, логикасын бағалайтын бағытқа өзгерсе дұрыс болар еді», дейді астаналық ата-ана Гүлмира Ахметова.

Министрліктің мәлімдеуінше ұсынылып отырған өзгерістер жоғары білім сапасын арттыруға, талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіруге және елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз қалыптастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әл-Фарабидің ойлары кейінгі саяси-философиялық дәстүрлерді түсінуге маңызды бағдар болды

Президент • Бүгін, 15:49

Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

Президент • Бүгін, 15:43

Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси заманда тарихи диалог орнатудың маңызын айтты

Президент • Бүгін, 15:34

Президент: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн  

Президент • Бүгін, 15:30

Орталық Азияда көш бастады: Қазақстан жаһандық бедел индексінде жетекші орынға ие болды

Қазақстан • Бүгін, 15:24

Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі

Президент • Бүгін, 15:20

Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

Мереке • Бүгін, 15:10

Президент: Еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырды

Президент • Бүгін, 15:01

Министр Таяу Шығыстағы эвакуацияға кеткен шығын көлемін атады

Оқиға • Бүгін, 14:55

Мемлекет басшысы: Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды

Президент • Бүгін, 14:50

1600 балдың 1530-ын жинаған: Алматылық ерекше бала Berkeley университетіне оқуға түсті

Білім • Бүгін, 14:47

Астанада халықаралық симпозиум өтіп жатыр: 20-дан астам елден делегация келді

Президент • Бүгін, 14:40

Лувр музейіндегі атышулы ұрлық туралы фильм түсіріледі

Әлем • Бүгін, 14:22

АҚШ-тағы мешітте атыс болып, бес адам көз жұмды

Әлем • Бүгін, 13:59

Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?

Жасанды интеллект • Бүгін, 13:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 16:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары