Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Үкімет энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасын түзетті

Үкімет энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасын түзетті

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ұлттық жобаны іске асыру аясында инфрақұрылымы едәуір деңгейде тозған ТМС олардың жабдықтары мен желілерінің жай-күйіне қарай тәуекел топтары бойынша жіктеледі. Бұл жөндеу және жаңғырту үшін басым бағыттарды тиімді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл процеспен байланысты бірқатар мәселе бар.

Қызыл деңгей дереу жөндеуді немесе ауыстыруды қажет ететін өте нашар күйдегі объектілерді көрсетеді. Жабдықтар мен желілердің тозуы 65 пайыздан асады, бұл реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы мен сенімділігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл объектілер авариялық жағдайлардың басты себебіне айналып, іркіліссіз жабдықтауға қауіп төндіреді және қызмет көрсетуде кідіріс болғызбау үшін дереу қаржы құюды талап етеді.

Сары деңгей таяу арада күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды қажет ететін, тозу деңгейі 55 пайыздан 65 пайызға дейінгі объектілерге қатысты. Мұндай объектілер жұмыс істей беру мүмкін, бірақ оларды пайдалану барған сайын қауіпті бола бастайды. Қалпына келтіруге инвестиция уақтылы салынбаса, олар істен шыға бастауы мүмкін, бұл авариялардың артуына және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкеледі.

Жасыл деңгей жай-күйі жүйенің жұмыс істеуіне бірден қауіп төндірмейтін, тозу деңгейі 55 пайызға дейінгі объектілерді қамтиды. Жай-күйінің жарамды болуына қарамастан, болашақта бұл объектілердің сенімділігі мен тиімділігін арттыру үшін оларды ұзақмерзімді жаңғырту жоспарларына қосуға болады.

Нақты проблема тозу деңгейі бойынша қолданыстағы жіктеудің шынайы қауіп дәрежесін үнемі көрсете бермейтініне сайып келеді, әсіресе жаңғыртудың барлық кезеңдерінде қаржыландырудың жеткіліксіздігінен объектілердің техникалық жай-күйі нашарлауы мүмкін жағдайларда. Кейде сары деңгейдегі объектілер іс жүзінде өте нашар жағдайға жақын болуы мүмкін, бұл ұзақмерзімді жоспарлауға қарағанда анағұрлым мұқият қарауды талап етеді. Тозу туралы деректердің жеткілікті интеграцияланбауы да проблема болып табылады, бұл жедел бақылауды және объектілерді жаңғырту мен жөндеудің бірыңғай стратегиясын құруды қиындатады.

Осылайша, объектілерді тозу дәрежесі бойынша дұрыс жіктеу ғана емес, сонымен қатар ескірген инфрақұрылымды пайдалануға байланысты шынайы қауіпті де ескеру қажет, бұл инфрақұрылымның маңызды учаскелерінің мониторингі мен нысаналы инвестицияларды жақсарту бойынша қосымша шараларды қажет етеді.

Тұрғын үй-коммуналдық сектор ел экономикасының энергияны көп қажет ететін салаларының қатарына жатады және түпкілікті энергия тұтыну шамасы жағынан бірінші тұрған тұтынушы болып табылады, оның үлесі 32 пайыз. Соңғы бес жылда тұрғын үй секторында энергия ресурстарын тұтыну 16,9 пайызға өсті.

Тарифтер қолданылатын кезеңде реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде жұмылдырылған қолданыстағы активтерді жаңартуға және құруға бағытталған инвестициялық бағдарлама салалық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен бірге бекітіледі. Жаңа инвестиция тарту арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту тарифтік саясаттың түйінді бағыттарының бірі саналады.

Сонымен қатар тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тарту жүзеге асырылуда, бұл тұтынушылардың әртүрлі топтары арасында тарифтерді теңестіруге және бизнес пен бюджеттік ұйымдарға қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі. Мұның өзі жергілікті бюджет қаражатын босатуға және өңірдің басым әлеуметтік мұқтаждығына бағыттауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, табиғи монополиялар туралы заңнаманы жетілдіру шеңберінде ҰЭМ электр энергиясымен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау және газ тасымалдау саласындағы тарифтерді өзгерту бөлігінде түзетулер енгізді, онда желілерге қызмет көрсетуге және оларды сенімгерлік басқаруға қабылдау кезінде пайдалануға жұмсалатын шығын ескерілген, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде кемінде 200 табиғи монополиялар субъектісі және кемінде 30 жылу электр орталығы жаңғыртылып, жаңартылады.

Жобаны қаржыландырудың жиынтық инвестиция көлемі — 13 588 млрд теңге. Оның ішінде:

энергетикалық сектор — 6 208 млрд теңге;

коммуналдық сектор — 6 778 млрд теңге;

автоматтандыру және аспап орнату — 602 млрд теңге.

2025-2029 жылдар кезеңінде барлық субсидия 1 480 млрд теңге, одан әрі сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 10 пайыздан жоғары айырмасы қарыз мерзіміне байланысты субсидияланады.

Айта кетелік мораторий аяқталғаннан кейін коммуналдық тариф қалай болатыны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:245
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 16:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары