Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: Әдебиет порталының жаңа бастамасы

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: Әдебиет порталының жаңа бастамасы

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап құмар болып өсуі керектігін айтқан еді. Сол бастамамен 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» болып бекітіліп, ұлттық сауалнама жүргізілген болатын. Нәтижесінде ұлт оқитын 100 кітап сауалнама қорытындысы арқылы іріктелді.

Соның негізінде бүгін Астанада «Qazcontent» АҚ-на қарасты «Әдебиет порталы» интернет-жобасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының «Ұлт оқитын 100 кітап» бірлескен жобасының ресми таныстырылымы болып өтті.

Басты мақсат – ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау, оқырман қауымның сүйікті шығармаларын заманауи форматта оқуға және іздеуге қолжетімді ету.

«Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы Айна Задабекқызы аталмыш жобаның ерекшелігі таңдалған 100 кітапты оқуды оқырманға барынша ыңғайлы ету дейді.

Бұл жобаның атауы – «Онлайн кітапхана» деп аталады. Ол бәріне ашық, қолжетімді кітапхана. Бұған дейін сауалнама арқылы ұлт оқитын жүз кітап таңдалған болса, оны бір жерден оқу мүмкіндігі болмаған еді. «Әдебиет» порталы жасаған бұл платформа кез келген жерде әдеби туындыны оқуға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Сондай-ақ порталда барлық туынды он жанрға бөлініп топтастырылған. Жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқырман жанрды немесе авторды таңдай отырып, әдеби туындыны оқи алады. Ол үшін «Әдебиет» порталының басты бетіне өтіп, «Ұлт оқитын 100 кітап» батырмасын басу жеткілікті.

Әдебиет порталы – үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша ақпарат тарататын білім мен рухани азық беретін еліміздегі ең ірі онлайн-әдеби портал. Аталған жоба ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп жүзеге асырылған. Платформада ұлттық әдебиеттің алтын қорына енген шығармалармен қатар заманауи туындылар да қамтылған.

«Әдебиет» порталының шығарушы редакторы Ықылас Ожай маңызды кітаптарды топтастыру, жинау әлемде бар үдеріс дейді.

Жалпы таңдаулы 100 кітап туралы түсінік – бұл өркениетті елдердің көбінде бар үдеріс. Сондықтан өркениеттегі өлшемдердің бізге де келіп жатқаны қуантады. Себебі ұлттың интеллектуалды мәнін, бар болуының мәнін тек білім ғана анықтайды, – дейді ол.

Ал портал тілшісі Асылбек Байтанұлы жоба Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасы негізінде жинақталған таңдаулы кітаптарды насихаттау мақсатында жасалынғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысында, елімізде таңдаулы 100 кітап анықталған болатын. Біз сол таңдалған кітаптарды бағыты, жанры бойынша топтастырып, бір платформаға жинадық, – дейді Асылбек Байтанұлы.

Таныстырылымға келген зиялы қауым өкілдері, ҚР Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Жазушылар одағының мүшелері, белгілі қаламгерлер мен кітапханалар қызметкерлері де бұл жобаның маңыздылығы туралы сөз қозғап, ұсыныстарын жеткізді.

Мысалы мәжіліс депутаттары мемлекет тарапынан мәдениет саласына бөлінетін қаржы көлемін көбейту керек десе, зиялы қауым, әдебиет сыншылары портал бетінен аудио форматтағы жобаларды, әдеби сындарды көруге ниет білдірді.

Аталмыш жоба оқырманға қолжетімділікті арттырып қана қоймай, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бұл – рухани мұраны сақтаудың әрі оны цифрлық кеңістікте жаңғыртудың нақты қадамы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Желтоқсан 2025 19:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары