Ұлттық банк төлем қызметтері қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Аталған жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды іске асыру шеңберінде әзірленген.
— Жобада электрондық ақша иелерін оңайлатылған сәйкестендіруді алып тастау көзделген. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін ескере отырып, банктердің электрондық банк қызметтерін көрсету барысында сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы биометриялық аутентификацияны қолдану тәртібін бекіту ұсынылады, — делінген құжатта.
Бұдан бөлек, жобада дербес деректерді қорғау және электрондық қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды нақтылау қарастырылған.
Сонымен қатар Ұлттық банктің ашық банкинг жүйесі арқылы төлем қызметтерін бөгде жеткізушілердің электрондық банк қызметтерін көрсету тәртібін бекіту ашық банкинг жүйесінің қатысушылары мен операторы арасындағы өзара іс-қимылдың құқықтық айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетейік, Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің қағидаларын бекітпек.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 19:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















