Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Ұлттық қорғаныс университетінде генерал Шәкір Жексенбаевтың 125 жылдығына арналған мемориалдық бұрыш ашылды

Ұлттық қорғаныс университетінде генерал Шәкір Жексенбаевтың 125 жылдығына арналған мемориалдық бұрыш ашылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алқалы жиынға әскери жоғары оқу орнының басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, «Генералдар кеңесі» РҚБ президиумының төрағасы генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков және батырдың ұрпақтары қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Конференцияны ашқан Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Болат Оспанбеков әскери қайраткердің ерлік жолын кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

– Шәкір Жексенбаев – аса көрнекті әскери тұлға. Оның өмір жолы мен жанқиярлық қызметі жастарды Отан алдындағы парызға адалдыққа және еліміздің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеуде үлгі-өнеге болып келеді, – деді ол.

Конференция барысында университет оқытушылары мен магистранттары Шәкір Жексенбаевтың балалық және жастық шағы, майдан жолы, сондай-ақ бейбіт кезеңдегі ғылыми-зерттеу қызметі туралы баяндамалар жасады.
Шәкір Жексенбаевтың мерейтойына орай соғыс қаһарманының ерлігіне құрмет ретінде «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі естелік медаль тағайындады. Бұл қоғамдық марапат конференцияға қатысып, даңқты қолбасшының көп қырлы қызметін насихаттауға үлес қосқан азаматтарға табысталды.

Іс-шара соңында Ұлттық қорғаныс университетінде Шәкір Жексенбаевтың бюсті орналасқан мемориалдық бұрыш ашылды. Онда генералдың Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқанын дәлелдейтін архивтік құжаттар, мінездемелер мен марапат қағаздарының, сондай-ақ ол туралы жазылған мақалалардың көшірмелері қойылған.
Шәкір Жексенбаев Ұлы Отан соғысы жылдарында техникалық әскерлер генерал-майоры атағын алған тұңғыш қазақ болғанын атап өту керек. Химиялық қызметтің басшысы ретінде ол отты әрі химиялық қаруды қолданудың озық тәсілдерін енгізіп, талай жауынгердің өмірін сақтап қалуға және жауды жеңуді жақындата түсуге зор үлес қосты. Жауынгерлік ерлігі үшін ол Ленин орденімен, төрт Қызыл Ту орденімен, І-ші дәрежелі Отан соғысы және  Қызыл Жұлдыз ордендерімен, сонымен қатар әр түрлі медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін Шәкір Жексенбаев Мәскеуде оқытушылық қызметін жалғастырды. Ол Химиялық қорғаныс әскери академиясы мен Куйбышев атындағы Әскери-инженерлік академияда еңбек етті. 1988 жылы қайтыс болып, Кунцево зиратына жерленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары