Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ұлттық ұлан жауынгері Айбат Амановты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Ұлттық ұлан жауынгері Айбат Амановты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорттық-сауықтыру кешенінде ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қызметінің үздігі және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Айбат Ерболұлы Амановты еске алуға арналған бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы І Республикалық турнир басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шараның ашылу салтанатында алғашқы сөзді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова алып, былғары қолғап шеберлері мен жанкүйерлерді облыс орталығында тұңғыш рет өткізіліп отырған бокс додасының ашылуымен құттықтады. Зина Жұманазарқызы Ұлттық ұлан жауынгері Айбат Амановтың ерлігі мен өнегелі өмірі халық жадында мәңгі сақталады және мәртебелі спорттық шараның Ұлт ұясы -  Ұлытау жерінде алғаш рет өткізіліп отырғаны біз үшін үлкен жауапкершілік, - деді. Одан кейін өңір әкімінің орынбасары сарбаздың ата-анасына облыс әкімі Дастан Рыспековтің атынан арнайы Алғыс хатты тапсырды. Сондай-ақ әкесі Ербол Аманұлының иығына шапан жауып, анасы Гүлназ Әлкенқызына гүл шоғын сыйлады.

Өз кезегінде сөз алған Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, запастағы полковник Қуаныш Қожахметов турнирдің Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында өтуінің өзінде символикалық мән бар. Өйткені аға ұрпақтың даңқты жауынгерлік дәстүрін бүгінгі Ұлттық ұлан жауынгерлері лайықты жалғастыруда, - деп атап өтті.

- Мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы мен ардагерлерінің атынан Ұлытау облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасы және облыстық Бокс федерациясына шексіз алғысымды білдіремін. Ал жарысқа қатысушыларға сенімділік пен жігер, қазақ халқына тән батырлық пен қайсарлық тілеймін. Ұлттық ұлан өз батырын ұмытпайды. Айбат мәңгілік сапта, - деді.

Турнир басталарда Айбаттың анасы Гүлназ Әлкенқызы спортшыларға сәттілік тілеп, республикалық деңгейде өткізілгелі отырған жарыстың ұйымдастырушыларына аналық алғысын білдірді.

Айбат Аманов 2003 жылдың 29 мамырда Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 2008-2018 жылдары жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын аяқтады. 2011 жылдан бастап бокс үйірмесіне қатысып, бокстан облыстық, республикалық жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы және  жүлдегері атанды. Облыс құрама команда мүшесі болды.

2022 жылы әскер қатарына шақырылып, мерзімді қызметін Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінде атқарған.  Ол әскери міндетін атқару кезінде Талдықорған қаласында орын алған Қаңтар оқиғасында конституциялық және қоғамдық тәртіпті қорғау жолында ерлікпен қаза тапты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін қатардағы жауынгер Аманов Айбат Ерболұлы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен  марапатталды.

Турнирдің мақсаты –  Айбат Амановтың ерлік үлгісін дәріптеу және өскелең ұрпақ арасында боксты насихаттап, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу болып табылады.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент  қалалары мен Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай  және Ұлытау облыстарынан келген 100-ге жуық боксшы қатысуда.  Олар шаршы алаңда 15 дәрежедегі салмақта сынаққа түседі. Дода үш күнге созылып, ең мықты былғары қолғап шеберлерін анықтайды. Жарыстың жабылу салтанаты 9 мамыр – Жеңіс күні өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары