Ұлытау облысындағы өсімдіктердің 205 түрі қамтылған тұқым атласы жарық көрді
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ботаника және фитоинтродукция институтының «Тұқым банкі» зертханасы «Ұлытау облысы өсімдіктерінің тұқым атласы» атты ғылыми-анықтамалық басылымды жарыққа шығарды. Жинаққа өңір аумағында өсетін өсімдіктердің 205 түрінің тұқымдары мен жемістеріне қатысты мәліметтер енгізілген. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлытау облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа атлас Қазақстанның жабайы өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігін зерттеуге, сақтауға және насихаттауға бағытталған өңірлік басылымдар сериясының жалғасы саналады. Серияның алғашқы жинағы – «Алматы облысы өсімдіктерінің тұқым атласы» 2023 жылы жарық көрген.
Басылым «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының міндеттерін іске асыру және өңірдің ботаникалық ресурстарын тұрақты пайдалану мақсатында жүзеге асырылып жатқан 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарлама аясында дайындалған. Аталған бағдарлама Ұлытау облысы өсімдіктерінің кадастрын жасауға бағытталған.
Атласта өңір аумағынан жиналған өсімдіктердің 61 тұқымдас пен 138 туысқа жататын 205 түрінің жемістері мен тұқымдарының сыртқы морфологиялық ерекшеліктері сипатталған. Әрбір түр бойынша өсімдіктің атауы, тұқымдасы, тұқымының ботаникалық-карпологиялық сипаттамасы үш тілде беріліп, фотосуреттерімен толықтырылған.
Жинаққа Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің 10 түрі де енген. Бұл деректер өңірдің сирек кездесетін өсімдіктерін зерттеу мен олардың табиғи алуан түрлілігін сақтауда ғылыми маңызға ие.
Қазіргі уақытта өсімдіктердің тұқымдарын зерттеу және ғылыми коллекцияны толықтыру жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта атластың келесі басылымына осы жинаққа енбеген өсімдік түрлерінің жемістері мен тұқымдарының фотосуреттерін, сондай-ақ морфологиялық сипаттамаларын енгізу жоспарланған.
Ғылыми басылым ботаникалық зерттеулер жүргізуге, экологиялық білім беруді дамытуға және Ұлытау облысының табиғи мұрасын сақтауға қажетті анықтамалық дереккөз ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым банкі 2013 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының базасында құрылған. Бүгінде оның коллекциясында жабайы өсімдіктердің 1638 түрін қамтитын 6600-ге жуық тұқым үлгісі сақталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы
Байланыс








Ең көп оқылғандар



















