Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жарылыс Вирудхунагар округіне қарасты Каттанарпатти ауылындағы Мутхуманикамға тиесілі Vanaja кәсіпорнында болған. Оқиға кезінде аумақта 100-ден астам жұмысшы болған, олардың шамамен 30-ы өндірістік жұмыстарды атқарып жатқан.
Зардап шеккен алты адамның төртеуінің жағдайы ауыр. Олар Вирудхунагар мемлекеттік медициналық колледжінде ем қабылдап жатыр. Жараланғандардың үшеуі – денесінің 60 пайыздан астамы күйген әйелдер.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылыстың ошағы ғимараттың алдыңғы бөлігінде орналасқан, онда жұмысшылар шикізатты өңдеу және соңғы өндірістік операциялармен айналысқан. Жарылыс салдарынан кемінде үш бөлме толық қирап, бірнеше көршілес нысан бүлінген. Құтқару жұмыстары фейерверктердің қайта-қайта жарылуына байланысты қиындаған, үйінді астында адамдар қалуы мүмкін.
Бастапқы тергеу нәтижесі бойынша, кәсіпорында Мұнай және жарылғыш заттар қауіпсіздігі ұйымының (PESO) лицензиясы болған.
Бұл оқиға өңірде жыл басынан бергі ең ірі өндірістік апат саналады. Бұған дейін осы округтегі Вембакоттай ауданында болған ұқсас жарылыстан төрт адам көз жұмған.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Айта кетейік, биыл наурызда Үндістанның Махараштра штатындағы жарылғыш заттар өндіретін зауытта болған жарылыс салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 18 адам жараланды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 04:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















