Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Университет пен мектепте жазба жұмыстары аудиторияда оқытушының қатаң бақылауымен өте бастады

Университет пен мектепте жазба жұмыстары аудиторияда оқытушының қатаң бақылауымен өте бастады

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Gizmodo.com сайтына сілтеме жасаған Aikyn.kz танымал тұлғаның чат-ботқа неге ренжігенін түсіндіреді.

Ким Кардашьян baby bar емтиханын бірнеше рет тапсырып, тек 2021 жылы одан сәтті өткен. Фото nypost.com сайтынан алынды. Авторлығы: kimkardashian/Instagram

Ким Кардашьян чат-ботқа сенемін деп, заңгерлік тестерден үнемі сүрінетінін айтқан. Осы аптада жарияланған Vanity Fair-дің жаңа видеосында Ким Кардашьяннан жасанды интеллект қолдануы туралы сұралды. Реалити-шоу жұлдызы тестерге дайындық кезінде ChatGPT өзіне қате жауаптар бергенін айтып, оны айыптаған.

Кардашьян 2019 жылдан бері заң саласына өз бетінше дайындалып жүр. 2021 жылы ол «baby bar» деп аталатын алғашқы межелік емтиханнан өтті. Entertainment Weekly дерегінше, ол мамырда заң білімін тәмамдап, шілдеде адвокаттық емтихан тапсырған, қазір нәтижесін күтуде.

Ким Кардашьян дәстүрлі университеттің заң мектебіне бармай, тәжірибелі адвокаттармен жұмыс істейтін шәкірттік бағдарлама арқылы заңгер болуға дайындалып жүр. Сол себепті ол baby bar емтиханын бірнеше рет тапсырып, ақыры 2021 жылы одан сәтті өткен. «Baby bar» – бұл заңгер болуды дәстүрлі емес тәсілмен таңдаған адамдар тапсыратын бастапқы үлкен емтихан.

Актриса YouTube-тағы Vanity Fair видеосының бір эпизодында ChatGPT қолданғанын айтады. Жасанды интеллекті «дос» санайсың ба?» деген сұрауға Кардашьян: «Жоқ. Мен оны құқықтық кеңестер үшін қолданамын. Маған бір сұрақтың жауабы керек болса, суретке түсіріп, одан сұраймын», – деп жауап берген.

Жүргізуші әзілдеп, бұл «көшіру» емес пе деп сұрағанда, Кардашьян бұл тек тестке дайындық екенін, бірақ бағдарлама жиі қателесетінін түсіндіреді:

«Олар үнемі қателеседі. Соның кесірінен мен тестерді қайта-қайта құлаттым. Сосын ашуланып, «сенің кесіріңнен құладым, неге бұлай істедің» деп оған айқайлаймын да».

Кардашьян ChatGPT-ден «мені сәтсіздікке ұшыраттың, енді өзіңді қалай сезінесің» деп сұрағанда ақылды чат-бот: «Бұл саған ішкі түйсігіңе сенуді үйретеді. Сен жауапты бұған дейін де білдің» деп жауап берген.

Ия, қиялға шомып, елеске берілген (галлюцинацияға) генеративті ЖИ мағынасыз жауап беруге бейім. Технология шын мәнінде не айтып тұрғанын «түсінбейді». Оның жауабы көбіне қисынды естілуі мүмкін. Бірақ шынтуайтында ол сөздерді бірінен соң бірін қисынды тіркеп, сізге ұсынады. Әдемі оқылуы, естілуі мүмкін. Бірақ бұл алдамшы сезім.

Сондықтан «Кардашьяндар әулеті» атты реалити-шоудың жұлдызы Ким чат-ботты «қас дұшпан» немесе «улы дос» деп санайтынын мойындаған.

«Олар өз жұмысын жақсырақ істеуі керек. Өйткені мен олардан көмек сұраймын. Ал олар маған өмір сүруді үйреткісі келеді. Психотерапевт сияқты менің неге өзіме сенуім керектігін түсіндіреді. Өздері жауапты қате береді. Мен үнемі скриншот жасап (чат-боттың жауаптарын – авт.), оны достарым отырған топтық чатқа жіберемін. Және: «Мынаның маған осылай сөйлегеніне сенесіңдер ме? Бұл жындылық қой!» деп жазамын», – дейді актриса.

Жастардың арасында өте танымал жұлдыздың оқиғасы жасанды интеллектке толықтай сенудің шектеулерін көрсетеді. Технология пайдалы болуы мүмкін, бірақ оның қателеспейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Кимнің мысалы адамдарға өз білімін тексеру мен сыни ойлаудың әлі де маңызды екенін еске салады.

«Селебретилер» өмірінен эпизод мына видеода: 

Ким Кардашьян – америкалық тележұлдыз, кәсіпкер, продюсер және мәдени ықпалы өте жоғары танымал тұлға. Ол Keeping Up with the Kardashians атты реалити-шоу арқылы бүкіл әлемге әйгілі болды. Кейін косметика (KKW Beauty, SKKN), киім және shaping–киім бренді (SKIMS) сияқты табысты бизнес жобаларын қолға алды.

Соңғы жылдары Ким құқықтық реформалар мен адвокатураға назар аударып, түрме жүйесіндегі әділетсіздікке қарсы науқандарға қатысып келеді және заң саласына ресми түрде қадам жасап жатыр.

Ким Кардашьянның мысалында ChatGPT-ке толық сүйенуге болмайтынын көреміз. Оның жауаптарын ой елегінен өткізіп, тексеріп отыру керек. Орта білім саласында оны оқушыларға қолдануға мүлдем тыйым салу керек. Осы себепті әлемдегі жоғары, орта білім беру ұйымдары соңғы кездері жазба жұмыстарын аудиторияда профессор немесе оқытушының бақылауымен, қатаң прокторингпен орындауға ауыса бастады. 

Бұндай жағдайда смартфондарын тапсырған оқушылар өзінің біліміне ғана сүйенуге мәжбүр болады. Осындай білім тексеру формалары академиялық адалдық пен нағыз білім беру үшін қажетті шаралар деп ойлаймыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 11:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see111

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see99

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see98

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары