Үш жүз мыңнан астам кәсіпкер қызметін тоқтатты: вице премьер себебін түсіндірді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 356 мың жеке кәсіпкердің қызметін не себепті тоқтатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 19,3 трлн теңге салық түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 трлн теңгеге немесе 18,2%-ға артық.
"Өсімнің негізгі драйвері қосылған құн салығы болды. Бұл салық бойынша түсімдер 37,3%-ға өсті", – деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер саны да артып келеді. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимде 981 мың адам тіркелген. Олардың 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тұрған.
Жалпы, биыл тоғыз айда 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 34,7 мыңы – заңды тұлға, 242,3 мыңы – жеке кәсіпкер.
Сонымен қатар осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға мен 356 мың жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған.
"Алайда жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің іс жүзінде тоқтағанын білдірмейді. Қызметін тоқтатқан 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған, ал 20,8%-ы кәсібін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге көшкен", – деп атап өтті вице-премьер.
Айта кетері, биыл жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Оның аясында қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемелері белгіленді. Ал депутаттар кодекске тағы бір өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















