Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ұшақтардағы бизнес пен 1 класс орындары табыстың жартысын әкеледі

Ұшақтардағы бизнес пен 1 класс орындары табыстың жартысын әкеледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

CNBC деректеріне сүйенген Aikyn.kz әуекомпаниялардың қымбат орындарға басымдық беруінің экономикалық себептерін түсіндіреді.

Компанияның бас директоры Роберт Исом бұл көрсеткіштерді 16 қыркүйекте Morgan Stanley ұйымдастырған салалық конференцияда жариялады. Оның айтуынша, қолданыстағы ұшақтарды қайта жабдықтау және жаңа борттар сатып алу премиум орындардың санын өсіруге мүмкіндік береді.

«Ұшақтарымыздың салоны жаңартылып, жаңа ұшақтар келген сайын, қазір 30%-ды құрайтын премиум орындарымыз көбейе береді», – дейді Исом.

Қыркүйектің басында American Airlines өз паркіндегі ең ірі ұшақ – Boeing 777-300ER-дің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Оның бизнес-класында 70 Flagship Suite орны бар. Жеке есіктермен бөлінетін бұл орындарда жолаушының заттарын сақтауға қосымша кеңістік қарастырылған. Бұған қоса, ұшақта 44 премиум-эконом орны және аяқ созатын кеңістігі ұлғайтылған 30 Main Cabin Extra орны бар. Компания осы үш санаттағы 144 орынды жайлылығы жоғары ұсыныстарына жатқызады. Жаңартылған алғашқы ұшақ 2 қыркүйекте Нью-Йорктен Буэнос-Айреске рейс орындаған.

Компанияның Boeing 777-300ER паркі 20 ұшақтан тұрады. Олар Лондон, Токио, Сан-Паулу, Буэнос-Айрес және Сидней секілді алыс бағыттарға қатынайды. Сондықтан салондарды жаңарту ұзақ сапарда кең орын мен жеке кеңістікке сұранысты қанағаттандыруға арналған.

American Airlines пайда көлемі бойынша ірі бәсекелестерінен қалып келеді. Роберт Исом ауқатты жолаушыларды тартуды осы алшақтықты қысқартудың маңызды жолы деп санайды. Премиум қызметке сұраныстың сақталуы әуекомпанияларға шығын өскен кезде қосымша түсім алуға мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе 2026 жылы авиаотынның қымбаттауы тасымалдаушыларға салмақ түсірді. Жанармай – еңбекақыдан кейінгі екінші ірі шығын бабы. Сондықтан компаниялар әр рейстен түсетін кірісті көбейтіп, шығынның өсуін өтеуге ұмтылады.CNBC бұл бетбұрысты «K тәрізді экономика» үрдісімен байланыстырады. Бұл ұғым халықтың әртүрлі топтарының қаржылық жағдайы екі бағытта өзгеруін сипаттайды. Бір бөлігінің тұтыну мүмкіндігі кеңейсе, екіншісі шығынын шектеуге мәжбүр. Әуе тасымалдаушылар үшін жайлылыққа қосымша ақы төлейтін топтың маңызы артып келеді.

Бұндай өзгеріс шағын және бюджеттік тасымалдаушыларды да қамтыған. Allegiant Air мен JetBlue жолаушыларға жайлылығы жоғары орындарды ұсынуға күш салып жатыр. Исомның айтуынша, American Airlines-та сұраныс эконом-класта да сақталған.

«Халықаралық бағыттарда да, ішкі нарықта да, премиум және эконом салондарда да сұраныс жоғары», – дейді ол.

Жаңарту бағдарламасы Boeing 777-300ER ұшақтарымен шектелмейді. Маусымда CNBC-ге берген сұхбатында Исом Boeing 787-8 Dreamliner салондарын жаңғырту және 777-200 ұшақтарының интерьерін өзгерту жоспарын айтқан. Сол кезде ол компанияның 2026 жылы жаңа кең фюзеляжды ұшақтарға тапсырыс беруге ниетті екенін де жеткізген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қазан 2026 14:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары