Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Үздік 2025: Дастан Сәтпаевқа Спорттағы жыл серпіні атағы берілді

Үздік 2025: Дастан Сәтпаевқа Спорттағы жыл серпіні атағы берілді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша саладағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Instagram/f.c.kairat

Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, сондай-ақ грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Айдос Сұлтанғали үздік деп танылды.

Ал «Жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымында Алуа Балқыбекованың жеке жаттықтырушысы Долкунжан Камеков пен Айдос Сұлтанғалиді дайындаған Райымбек Ғабиден лауреат атанды.

Қазақстан бокс федерациясы «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» атағына ие болды. Федерация ұлттық құраманың 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижелері мен спортшыларды жүйелі түрде қолдағаны үшін марапатталды.

Сондай-ақ Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» «Жылдың үздік спорт ұйымы» атанды. Жыл қорытындысы бойынша ұйым 12 ұлттық және ат спорты түрі бойынша 837 спортшыны дайындап, 53 ресми жарыста 85 медаль жеңіп алған. Оның 28-і – алтын.

Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?

«Жылдың үздік спорт өңірі» аталымы бойынша Қызылорда облысы жеңімпаз деп танылды. Қазіргі таңда өңірде 377 мың адам, яғни тұрғындардың 44,6 пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады. Кейінгі жылдары облыста спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып, өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

«Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы» аталымы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Сержан Баденовке бұйырды. Ол бұқаралық спортты дамытуға, жарыстар ұйымдастыруға және ауыл жастарын жүйелі түрде спортқа тартуға елеулі үлес қосқан.

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» аталымында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі үздік деп танылды. Қарқаралы ауданында республикалық және облыстық деңгейдегі спорттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, спортпен тұрақты айналысатын тұрғындардың үлесі 41,3 пайызға жеткен.

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» аталымында Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы жарысы жаттықтырушысы Владимир Шалыгин жеңімпаз атанды. Ол спортшыларды ұлттық және облыстық құрамаларға, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дайындаған.

«Namys» спорттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Дене шынықтыру және спорт саласының үздік маманы» марапаты Астана қаласының «Спортты дамыту дирекциясы» РМК инспекторлық-аналитикалық бөлімінің әдіскері Мейрам Нұртазинге табысталды. Ол халықаралық жарыстарда, соның ішінде Азия ойындарында көрсеткен аналитикалық қолдауы үшін үздік деп танылды.

«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» аталымы жасөспірімдер арасындағы (U17) әлем чемпионы Мадхия Усманованы дайындаған Хислат Мамметовке берілді.

«Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері» аталымымен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қызмет ететін Алтынбек Сарбупин марапатталды. Ол күрес түрін дамытуға және әдістемелік жұмысқа көп жылдық үлес қосқан.

«Спорттағы жыл серпіні» аталымы «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаевқа табысталды.

«Жасөспірімдер және жастар құрамасының спортшысы» аталымында көркем гимнастикадан Қазақстанның абсолютті чемпионы, Азия және әлем чемпионы Ақмарал Ерекешова, фристайл-акробатикадан әлем чемпионы Дінмұхаммед Раймқұлов және ауыр атлетикадан әлем чемпионы Ксения Прозорова лауреат атанды.

2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?

«Жылдың үздік спорт меценаты» аталымы FREEDOM компаниясына берілді.

Сонымен қатар Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Үздік тележоба» аталымымен Qazsport телеарнасының бас редакторы Азат Смағұлов марапатталса, «Үздік спорттық жарияланым» аталымы бойынша Қанат Байұзақов (Elordainfo.kz) пен Әсел Әбілбек (Baq.kz) үздік деп танылды. Ал «Үздік фоторепортаж» аталымы Тұрар Қазанғапқа бұйырды.

Соңғы жаңалықтар

Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды

Заң • Бүгін, 18:02

Үздік–2025: Дастан Сәтпаевқа «Спорттағы жыл серпіні» атағы берілді

Спорт • Бүгін, 17:53

Ұлттық банк алаяқтардың жаңа әрекеттері туралы ескертті

Қоғам • Бүгін, 17:40

«Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өз мәресіне жетті

Жастар • Бүгін, 17:34

2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?

Қоғам • Бүгін, 17:20

Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты

Үкімет • Бүгін, 17:15

Атырауда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған ірі логистикалық орталық ашылды

Экономика • Бүгін, 17:05

Алматыда «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті

Театр • Бүгін, 16:55

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

Оқиға • Бүгін, 16:40

Көмірсутек және уран саласында жер қойнауын пайдалану туралы заңға түзетулер енгізілді

Президент • Бүгін, 16:30

Қос аққу жылжымайды: «Жақын барып хал-жайын кім сұрайды?»

Руханият • Бүгін, 16:27

Алматыда 60 мыңдай адам бюджет есебінен сақтандырылады

Аймақтар • Бүгін, 16:12

Жаңа жыл түні қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

Қоғам • Бүгін, 16:07

Елімізде жаңа жыл қарсаңында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді

Қоғам • Бүгін, 15:52

Қазақстан онлайн-қызмет сапасы бойынша әлем елдері арасындағы үздік ондыққа кірді

Оқиға • Бүгін, 15:44

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 18:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see196

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see173

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see168

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see162

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see158

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see148

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see145

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see143

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see142

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see134

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see133

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see129

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see126

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see119

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see119

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see115

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see111

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see110

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see107

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары