Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Венециядағы қазақ үні: беделді Биеннале көрмесінде Қазақстан атынан қатысатын жоба анықталды

Венециядағы қазақ үні: беделді Биеннале көрмесінде Қазақстан атынан қатысатын жоба анықталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін 61-ші Венеция биенналесінде  ҚР Ұлттық павильонына арналған кураторлық ұсыныстар конкурсының қорытындысын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Дауыс беру нәтижесі бойынша «ҚОҢЫР: Архив үні» тұжырымдамасы жеңімпаз атанды. Жобаның кураторы – Сырлыбек Бекботаев

61-ші Венеция биенналесі 2026 жылғы 9 мамыр мен 22 қараша аралығында өтеді. Осы мерзімде Қазақстанның Ұлттық павильоны Биеннале бағдарламасы аясында ұсынылатын болады.

Конкурс ұлттық павильонды дайындауда ашық әрі тұрақты тәжірибені қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Өтінімдер бір ай бойы қабылданды. Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ұсынылған материалдарға сараптамалық бағалау жасалды, ал екіншісінде финалистермен онлайн-сұхбат жүргізілді.

Бағалау үшін жобаның тұжырымдамалық тұтастығына (25 баллға дейін), менеджменті мен іске асырылуы (20 баллға дейін), тәжірибе, этика және орнығуына (20 баллға дейін) мән берілді. Әр сұрақ бойынша 1-ден 5 балға дейін қойылып, қорытынды нәтиже ұпай арқылы анықталды

Бірінші кезеңнің финалына үш жоба өтті. Екінші кезеңде қазылар алқасы әрбір финалиспен онлайн-сұхбат өткізіп, талқылау қорытындысы бойынша ақтық дауыс беру парақтарын толтырды.

Іріктеу комиссиясы пәнаралық сараптама қағидаты бойынша құрылып, оның құрамында заманауи өнер, өнертану, тәуелсіз театр мен музыка салаларындағы жергілікті және халықаралық мамандар, сондай-ақ академиялық қауымдастық пен мемлекеттік музейлер өкілдері болды.

Еске сала кетейік, конкурс 2025 жылдың қараша айында жарияланған болатын. Оның мақсаты – 2026 жылы Биенналеде «In Minor Keys» тақырыбын ашатын, тұжырымдамалық және көркемдік тұрғыдан біртұтас жобаны іріктеу және Қазақстанның заманауи өнерін халықаралық деңгейде таныстыру.

Конкурсқа кураторлар мен кураторлық топтарға Қазақстан Республикасының азаматтары, кураторлық қызмет тәжірибесі бар мамандар шақырылды. Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін үміткерлерге басымдық берілді.

Сырлыбек Бекботаев – суретші әрі куратор, Астана қаласында тұрып, жұмыс істейді. Оның шығармашылығы мен мол тәжірибесі көшпенділер өмірі мен мәдени мұра тақырыбына арналған. 2025 жылы ол Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мәдениеттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:253
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 20:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары