Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесі енгізілді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 19 маусым - Sputnik. Вьетнам шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету үшін "Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін" Pre-arrival Information – PAI пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Вьетнам тарапының мәліметінше, бұл жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шекаралық бақылаудан өту уақыты қысқарып, әуежайдағы жолаушылар ағынын оңтайландырады.
"PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында енгізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып жатыр", - дейді министрлік.
Айта кету керек, PAI жүйесі Вьетнамға кіретіндер үшін міндетті талап емес және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынады.
Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал – prearrival.immigration.gov.vn арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 11:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















