Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Виктор Мозес: Қайсарды таңдауыма алға қойған мақсаты әсер етті

Виктор Мозес: Қайсарды таңдауыма алға қойған мақсаты әсер етті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Алдымен Қазақстанға қош келдіңіз демекпіз. Жанкүйерлер сізді Англияның «Ливерпуль» және «Челси» клубтарында доп тепкеніңді жақсы біледі. Қызылордалық «Қайсар» жейдесін киюге келісім беруіңіздің басты себебі неде?

— Маған ұсыныспен шыққан командалар аз болған жоқ. Әрине, әрбір футболшы өзіне қолайлы нұсқаны қалайды. Мен «Қайсар» өкілдеріне жолыққан сәтте команданың алға қойған мақсаты жөнінде білдім. Қызылорда қаласында былтыр жаңа стадион пайдалануға берілгенін естідім. Оған қоса биыл алдына жоғары мақсат қойып отыр екен. Бұл жобалар мені қызықтырды. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін өз үлесімді қосуға шешім қабылдадым. Оған еш өкінген емеспін. Осылайша маған жаңа мүмкіндікке жол ашылды. Командамен бірге үлкен жетістікке қол созамын деген ойдамын. Алдағы уақытта «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барамын. Онда футболшылармен танысып, тәжірибемді арттыра түсемін деген ойдамын.

Тағы бір айта кетерлігі, команда был академия ашуға ниет танытып отыр екен. Бұл мақсатта жаңадан құрылыстар бой көтеріп, футбол алаңдары салынатынын естідім. Ендігі кезекте Қызылордада жас таланттарға жол ашылып, өз елінің атағын шығаруға күш салатынына көзім айқын жетеді.

— Өзіңіз жайлы қысқаша айтып берсеңіз. Футболға қалай келдіңіз?

— Мен 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келдім. Англияның «Кристал Пэлас» командасының түлегімін. Алдымен сол клубта 2007 жылы мансабын бастап, одан кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер», Ресейдің «Спартак» клубтарында доп тептім. 2012-2018 жылдары Нигерия ұлттық құрамасының намысын қорғадым.

— Сіздің қорғаныс және жартылай қорғаныс шебінде ойнай алатыныңызды білеміз. Өзіңіз алаңның қай шебінде болғаныңызды қолайлы деп бағалайсыз?

— Алғашқы мансабымды бастаған сәтте негізінен қорғаушы болдым. Әрине, бапкерлер мені өз командасында қай шептен көргісі келетінін алдын ала айтып жүрді. Сондықтан мен үшін қай-қайсысы да оң жамбасыма келеді деп ойлаймын. Жалпы, футболшы үшін әмбебап болған артық емес. Бұл оған қосымша мүмкіндікке жол ашады. 

Алдағы уақытта «Қайсар» сапында жоғары жетістікке қол созсам деген мақсатым бар. Сондықтан бас бапкер мені қай шептен көргісі келсе, соған бейімделуге тырысамын.

— Алдағы уақытта Қазақстан Премьер-лигасында қанша гол салуды жоспарлап отырсыз?

— Менде ол жөнінде әзірге нақты жоспар жоқ. Оны жанкүйерлер уақытында көре жатады. Басты мақсатым — команданың әрбір ойынында жеңіске үлес қосу. «Қайсардың» биылғы жоспарына көз салып көрсек, жанкүйердің көңілінен шығуға күш саламыз деп айта аламыз. Оған барлық футболшының тәжірибесі, шеберлігі, жауапкершілігі жетеді деген ойдамын.

— Қызылорда жазы ыстық ауа райымен ерекшеленеді. Бұл сіз үшін қиындық туғызбай ма?

— Футболшы ешқандай ауа райына қарамайды. Мейлі, ол суық болсын, ыстық болсын. Жасыл алаң төрінде жақсы ойнап, өз командаңның жеңісіне үлес қосу — басты міндетіміз. Мен қанша жылдан бері ойнап келемін. Кездесу барысында талай ауа райының қолайсыздығын көрген едік. Барлығында көпшілік көңілінен шығуға тырыстық. Сол мақсатымызға жеттік. Ол жайында команда өкілдері де айтты. Сондықтан кез келген ауа райында ойын көрсетуге дайынмын деп айта аламын.

Сондай-ақ мен дүниеге келген Нигерия да ыстық ауа райымен ерекшеленеді. Бұл — Африка құрлығындағы көптеген елге тән табиғат құбылысы.

— Жергілікті жанкүйерлердің қарсы алуы қалай болды?

— Қызылордалық жанкүйерлер өз командасында әрдайым қолдау білдіреді деген сенімдемін. Оны таныстыру барысында да байқадым. Стадионда үш мыңнан астам адам жиналған екен. Олардың тарапынан маған қолдау ерекше болды. Алдағы уақытта қызылордалық жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысамын.

— Өзіңізбен бірге әлемге танымал футболшылардың биыл Қазақстан Премьер-лигасында ойын көрсетуге ниет танытып жатқанын естіген шығарсыз. Бұл жөнінде не айтасыз?

— Тәжірибелі ойыншылар әрбір чемпионаттың жоғары деңгейде дамуына оң әсерін тигізеді деген сенімдемін. Мен оны қолдаймын. Бұл жергілікті жастардың шеберлігін жетілдіруге өз әсерін тигізеді. Келешекте әлемге танымал футболшылар көбірек келеді деген ойдамын.

— Қызылорда қаласын көргенде алған алғашқы әсеріңіз қандай? Қала ұнады ма?

— Сырттан кіріп келе жатқанда қаланың дамуына көз салып қарап көрдім. Қаншама жаңа ғимараттар бой көтеріп жатқанын байқадым. Бұл әрбір елдің әлеуетін байқатады. Қызылорда өте шағын қала болса да, дамуы жағынан маған өте ұнады. Өте тыныш қала секілді. Менің өзім негізінен тыныштықты жақсы көремін. Сондықтан Қызылорда мені осы жағынан ерекше баурап алды деп санаймын. Алдағы уақытта қаланы аралап көремін. Қызылордамен жақын танысамын.

— Қызылордалық жанкүйерлерге қандай тілек айтасыз?

— Алдағы маусымда бізге қолдау білдіріңіздер дегім келеді. Әрбір футболшы үшін жанкүйер сенімі ерекше деп санаймын.

— Әңгімеңізге рақмет.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 21:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see159

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see157

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see154

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see154

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see153

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see153

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see151

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see149

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see148

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see142

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see137

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see135

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see135

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see133

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see127

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see125

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see122

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see120

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see117

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары