Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Зәрдегі қанды ескерусіз қалдыруға болмайды онколог

Зәрдегі қанды ескерусіз қалдыруға болмайды онколог

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

– Олег Викторович, алдымен өңірдегі жағдайға тоқталсаңыз. Қуық қатерлі ісігі бойынша қанша адам диспансерлік есепте тұр?

– Қазіргі таңда онкологиялық орталықта қуық қатерлі ісігі диагнозымен 296 адам диспансерлік есепте тұр. Былтыр жаңадан 58 науқас есепке алынды, ал биыл 2 адамға осы диагноз қойылды. Яғни өңірде қатерлі ісіктің бұл түрі әлі де өзекті.

– Қуық қатерлі ісігінің пайда болуына не себеп?

– Қуық қатерлі ісігінің нақты бір ғана себебі бар деп айту қиын. Ғылымда оның этиологиясына қатысты ортақ қабылданған гипотеза жоқ. Дегенмен, аурудың дамуына әсер ететін бірқатар қауіп факторы белгілі.

Зерттеулер зәрдің қуықта ұзақ уақыт бойы іркіліп қалуы қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттыратынын көрсетті. Зәрде жиналатын түрлі метаболиттер онкогендік әсерге ие болып, уротелий жасушаларының қатерлі өзгеріске ұшырауына себеп болады.

Зәрдің қуықта ұзақ уақыт бөгеліп қалуына әртүрлі урогенитальды аурулар әсер етуі мүмкін. Олардың қатарына простатит, қуықасты безінің аденомасы мен обыры, қуық дивертикулдары, несеп-тас ауруы, созылмалы цистит, уретраның тарылуы және басқа да патологиялар жатады.

– Тұқым қуалауы немесе инфекциялар обырдың пайда болуына әсер етуі мүмкін бе?

– Папилломавирус инфекциясының қуық қатерлі ісігіне әсері әлі де талқыланып жатыр. Ал паразитарлық инфекция – қатерлі ісіктің дамуына айтарлықтай ықпал етеді.

Кейбір жағдайларда ауру генетикалық бейімділікпен, яғни отбасылық тұқым қуалаушылықпен де байланысты болуы мүмкін.

Жалпы, адамның өмір сүру салтының да әсері зор. Ұзақ уақыт бойы ароматты аминдермен, фенолдармен, фталаттармен, химиялық және бояу заттарымен жұмыс істейтін адамдар қауіп тобында болады. Бұл қатарға жүргізушілер, суретшілер, дизайнерлер, бояушылар, химия, мұнай өңдеу, тоқыма, былғары өндірісінің қызметкерлері және медицина мамандары кіреді.

Сонымен қатар темекі шегу – ең қауіпті факторлардың бірі. Темекі шегетін адамдарда қуық қатерлі ісігі шекпейтіндерге қарағанда 2–3 есе жиі кездеседі.

Ал хлорланған ауыз суды ұзақ уақыт пайдалану аурудың даму қаупін 1,6–1,8 есеге арттырады.

Сондай-ақ ер адамдар әйелдерге қарағанда бұл ауруға бірнеше есе жиі шалдығады. Қуық қатерлі ісігімен көбіне 50-80 жас аралығындағылар ауырады.

– Қуық қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

– Науқастардың 90%-ында алдымен зәрде қан пайда болған. Көбінесе бұл ауырсынусыз өтеді. Ал науқастардың шамамен 25%-ында зәрдің жиі келуі, ауырсыну, күйдіргендей ауыру сияқты белгілер байқалады. Бұл белгілер цистит немесе простатитке ұқсас болғандықтан, адамдар кейде мән бермей жатады. Сондай-ақ жамбас тұсы, іштің төменгі немесе бүйір тұсы ауыруы мүмкін.

– Мұндай белгілер пайда болса не істеуі керек?

– Ең бастысы үйде жатып, өздігінен емделмеу. Зертханалық және құралдық тексерусіз ем қабылдау ісіктің ерте анықталуына кедергі келтіреді және аурудың асқынуына әкелуі мүмкін. Сондықтан ағзада ауытқу байқалған жағдайда дереу дәрігерге көріну қажет. 

Диагнозды нақтылау үшін медициналық орталықта бірнеше тексеру тағайындалады, олар: зәр талдауы – қан, қабыну белгілері және қатерлі жасушаларды анықтау үшін. Цистоскопия – қуық обырын анықтаудағы ең тиімді әдіс. Арнайы құрал арқылы қуық ішін қарап, қажет болса биопсия алынады. Ультрадыбыстық зерттеу – зәрде қанның пайда болу себебін анықтауға көмектеседі. Компьютерлік томография – ісіктің көлемін, орналасуын және басқа ағзаларға таралуын анықтайды.

– Сұхбат соңында оқырмандарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Зәрде қан байқалса немесе зәр шығару кезінде жайсыздық сезілсе, уақыт оздырмай маманға жүгіну керек. Қуық қатерлі ісігі, жалпы обыр неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым тиімді емделеді. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз. 

Бұған дейін Астана қаласының акушер-гинекологы, профессор Жанерке Ажетова жатыр обырына қатысты ақпарат беріп, ата-аналарды қыз балаларын дер кезінде вакцинациялауға жауапкершілікпен қарауға шақырған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 21:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see141

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see139

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see127

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see121

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see121

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see120

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see120

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see119

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see116

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see115

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see114

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see114

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see113

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see113

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see113

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары