Жамбыл облысында анасына ауыр сөз айтқан ер адам қамауға алынды
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 5 ақпан - Sputnik. Ер адам анасын қорлағаны және есірткі заттарын қолданғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.
Сотта анықталғандай, 2026 жылдың қаңтарында ер адам үйде болған кезінде анасын қорлап, оған былапыт сөздер айтқан. Сонымен қатар, оның есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды.
"Ер адамның кінәсі тараптардың айғақтарымен, хаттамаларымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Ол анасына қатысты қорлайтын сөздер айтқанын өзі де мойындаған", - деп жазылған хабарламада.
Ал әйел ұлының мұндай әрекеттерге үнемі жол беретінін жеткізді.
Айта кетері, ер адам 2024 жылдың наурызында осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған, оған сол кезде ескерту берілген. Сол себепті жасалған құқық бұзушылықтың қайталануы, сондай-ақ мас болу жағдайы ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 14:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















