Жамбыл облысында желатин өндіретін зауыт салынуда
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жамбыл облысында желатин, пептон, коллаген және өзге де ақуыз өнімдерін өндіретін жаңа зауыт салынуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құны 5 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны Taraz Gelatin ЖШС жүзеге асырып жатыр. Кәсіпорын 8 гектар аумаққа орналастырылады.
Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін тағамдық желатин және 1 мың тоннаға дейін пептон, коллаген мен басқа да ақуыз өнімдерін өндіре алады.
Қазір зауыт құрылысының шамамен 80 пайызы аяқталған. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары тәмамдалып, технологиялық жабдықтардың барлығы дерлік орнатылды. Қазіргі таңда өндірісті іске қосып, жабдықтарды сынақтан өткізуге дайындық жүріп жатыр.
Инвестор болашақ кәсіпорынды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін де қатар шешуде. Өндірістің негізгі шикізаты – ірі қара малдың терісі. Осы мақсатта Taraz Gelatin Алматы, Семей, Тараз және Арқалық қалаларындағы ет өңдеу кәсіпорындарымен келісім жасап, 40 тонна ірі қара терісін жеткізу бойынша алдын ала шарттарға қол қойған.
Жобаның іске асырылуы мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге жол ашып, қосылған құны жоғары отандық өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















