Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Ата аналар тілегін тыңдады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

Зеленский Трамппен сөйлескені және Нью Йорктегі алдағы кездесу туралы айтты

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Жаңа бағыттар мен шетелдік туристер: 2025 жылы Жетісу қалай дамыды

Жаңа бағыттар мен шетелдік туристер: 2025 жылы Жетісу қалай дамыды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2025 жылы Жетісу облысының туристік саласы халықаралық және ішкі нарықтағы ілгерілету жұмыстарын күшейтіп, туристік маршруттар желісін кеңейтіп, шетелдік туристерді тарту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізді. Атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары мен жаңа бағыттар туралы "Visit Zhetysu" туристік ақпараттық орталығы мәлімдеді.

2025 жылы Жетісу облысының туристік саласы халықаралық және ішкі нарықтағы ілгерілету жұмыстарын күшейтіп, туристік маршруттар желісін кеңейтіп, шетелдік туристерді тарту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізді. Атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары мен жаңа бағыттар туралы "Visit Zhetysu" туристік ақпараттық орталығы мәлімдеді.

"Visit Zhetysu" туристік ақпараттық орталығының басшысы Жандос Нуриевтің сөзінше, 2025 жыл Жетісу облысында туризмді жүйелі түрде жаңғыртуға серпін берген маңызды кезең болды.

Жергілікті жобалардан – Жетісудің біртұтас туристік брендіне

"Өңір жекелеген жергілікті бастамалардан ауқымды, жүйелі әрі визуалды түрде танылатын ілгерілету моделін қалыптастырды. Нәтижесінде Жетісу елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттардың бірі ретінде өз мәртебесін сенімді түрде бекітті. Бүгінде Жетісу тек табиғи ресурстарға бай аумақ ретінде ғана емес, турист үшін айқын маршруты, қалыптасқан бейнесі, эмоциялық әсері және түсінікті навигациясы бар тұтас туристік өнім ретінде қабылдана бастады", – деп атап өтті.

Халықаралық танымалдық пен жаңа туристік тартымдылық нүктелері

Жылдың басты оқиғаларының бірі – "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі халықаралық деңгейде мойындалуы болды. Белгілі Travel + Leisure басылымының нұсқасы бойынша парк әлемдегі үздік 10 ұлттық парк қатарына кіріп, АҚШ шегінен тыс ең әсерлі парктердің арасында 7-ші орынға ие болды. Сонымен қатар, Лепсі ауылы Қазақстанның үздік туристік ауылы деп танылды.

"Visit Zhetysu" туристік ақпараттық орталығының мәлімдеуінше, туристік саланы дамыту жалпыұлттық приоритеттерге сәйкес жүргізілді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгіленген бағыттарын ұстана отырып, назар цифрлық технологияларға, ішкі туризмді жандандыруға және бәсекеге қабілетті туристік бағыттарды қалыптастыруға аударылды.

Цифрлық серпін және инфлюенсерлермен бірлескен жобалар

Туристік ақпараттық орталықтың мәліметінше, өңірді насихаттауда негізгі рөлді өңірді ілгерілету стратегиясында цифрлық платформалар басты орын алды. "Visit Zhetysu" TikTok, Instagram және YouTube платформаларын пайдаланып, туристке түсінікті форматтар мен визуалды контентке ерекше назар аударды

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТУРИСТСКИЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ЦЕНТР «VISIT ZHETYSU» (@visitzhetysu)

"Стратегияның маңызды құрамдас бөлігі ретінде тревел-блогерлер, инфлюенсерлер, фотографтар, видеографтар және БАҚ өкілдерімен бірлескен жобалар атқарылды. Серіктестер қатарында – Алия Ашим, Дмитрий Доценко, Фархат Абдыкаиров, Дастан Мұхамедрахим, Сергей Абрамов, Жұлдыз Рахмет, Ұлан Әлімбек, Абылайхан Таймас және Сымбат Рамазан бар. Бірлескен жұмыстар өңірге күшті ақпараттық резонанс әкелді: Жетісудің көрнекті маршруттары мен табиғаты жаңартылған цифрлық форматта көрініс тауып, кең аудиторияның қызығушылығын оятты", – деді Жандос Нуриев.

Жыл бойы туризм және маршруттық картаның кеңеюі

2025 жыл ауқымды іс-шаралар, ақпараттық турлар мен таныстыру шаралары жылы болды. Мысалы, алғаш рет Алакөл көліне арналған қысқы балық аулау туристік әлеуеті таныстырылып, өңірді жыл бойы туристік бағыт ретінде көрсету мүмкіндігі артты. Панфилов ауданы бойынша ұйымдастырылған сапар барысында Долантау - Жолбарыс таулары жаңа туристік нысан ретінде таныстырылды.

Жетісу облысының сыртқы имиджін қалыптастырудағы маңызды элементтердің бір- KITF 2025 халықаралық туристік көрме KITF 2025-ке қатысу болды. Аталған алаңда өңір кәсіби туристік қауымдастыққа таныстырылып, шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік тудырды.

"Көрмені өткізудің әсері бірден байқалды: небәрі бір айдың ішінде біз Италиядан келген алғашқы ұйымдастырылған туристік топтарды қабылдадық. Бұлкөрме туризмнің дамуына қуатты серпін берді", - деп атап өтті орталық басшысы.

Ол жазғы маусымның "Алакөл – Жалаңашкөл – Аралтөбе аралы" бағытының таныстырылымымен, сондай-ақ Балқаш көлінде ұйымдастырылған ақпараттық турмен ерекшеленгенін атап өтті. Аталған тур барысында тұщы және тұзды сулардың тоғысатын бірегей табиғи феномені көрсетілді. Айрықша оқиға ретінде National Geographic Kazakhstan және Toyota Motors Kazakhstan компанияларымен бірлесіп ұйымдастырылған экспедиция да маңызды оқиғаға айналып, оның бағыты өңірдің негізгі табиғи және киелі нысандарын қамтыды.

Туристік ақпараттық орталықта туризмді жаппай ақпараттандыру және оның күнделікті ортада визуалды көрініс табуы бағытында атқарылған жұмыстар туралыда хабарланды. Өңірде әртүрлі көлік түрлеріне визуалды материалдар орналастырылып, тақырыптық полиграфиялық өнімдер таратылды, ал ақпараттық инфрақұрылым үнемі жаңарту режимінде қолдау тапты. Сонымен қатар өңірді медиа кеңістікте ілгерілетуге бағытталған ауқымды науқан да айтарлықтай маркетингтік нәтиже берді: жарық көрген бейнероликтер сериясы жоғары қаралым жинап, облыс брендігінің халықаралық деңгейде танымал болуына ықпал етті. Бұл контент шетелдік саяхатшылар үшін ынталандырушы импульске айналды.

Жетісудің туристік әлеуетін ілгерілетудің қосымша арнасы ретінде Қазақстан әуе компанияларының борттық журналдарында орналастырылды. Бұл өңірге келмей тұрып-ақ транзиттік жолаушылар мен әлеуетті туристердің назарын аударуға мүмкіндік берді.

"2025 жылдың қорытындылары Жетісудың туризмді кәсіби әрі ауқымды даму моделіне көшкенін көрсетеді. Алдыңғы айтылған жаңа туристік бағыттарды ашу сияқты жүзеге асырылған жобалар - бұл үлкен жұмыстың тек бір бөлігі ғана. Құрылған ақпараттандыру жүйесі туристік қызмет сапасын арттыру және Жетісуды сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті бағыт ретінде біртұтас имидж қалыптастырудағы негізгі құралға айналды", - деп есептейді Жандос Нуриев.

Ол атап өткендей, қол жеткізілген нәтижелердің артында 2025 жылы іс жүзінде өңірдің туристік бренді қалыптасуына бағытталған біріккен үйлестіру орталығына айналған "Visit Zhetysu" туристік ақпараттық орталығының жүйелі жұмысы жатыр. Жұмыс мемлекеттік құрылымдар, туристік бизнес, медиа қауымдастықтар және креативті индустриялармен тығыз өзара әрекеттестік аясында жүргізілді, басты назар ауқымдылыққа, қамтуға және коммуникацияның тұрақтылығына аударылды.

Фото: Visit Zhetysu

Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталығы ұсынған материал

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 21:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see160

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see156

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see154

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see151

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see149

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see145

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see145

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see144

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see135

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see132

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see131

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see129

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see118

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see117

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see116

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see112

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

21 Қыркүйек 2026 18:39see112

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

21 Қыркүйек 2026 11:14see111

Зеленский Трамппен сөйлескені және Нью Йорктегі алдағы кездесу туралы айтты

21 Қыркүйек 2026 08:01see110

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары