Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен болашаққа бағдар

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен болашаққа бағдар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ал бүгінде Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, оның геосаяси рөлі де өзгерді. Сондықтан сарапшылар жаңа Конституция жобасын заман талабына сай маңызды құжат деп бағалайды. Олардың пікірінше, жаңа редакцияда «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты нақты жұмыс істеуі тиіс. Толығырақ Kazinform тілшісінің материалында.

Сауалнаманың нәтижесі қандай?

12 ақпанда Жаңа Конституция жобасы республикалық БАҚ-та және Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланды. Ал алдағы күндері азаматтар республикалық референдумда өз таңдауын жасамақ.

Осыған байланысты қазақстандық қоғамдық даму институты халықтың референдум туралы хабардарлығы мен жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізді. 12-20 ақпан аралығында өткен сауалнаманың нәтижесінде респонденттердің шамамен 90%-ы жаңа құжат жобасын қолдайтыны анықталды.

Зерттеу деректері азаматтардың 81,8%-ы референдум өтетіні туралы хабардар екенін көрсетті. Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға сәйкес, олардың 33,7%-ы референдум жайлы жақсы біледі, ал 48,1%-ы бұл туралы естігенімен, толық ақпаратқа қанық емес. Ал жастардың 44,8%-ы референдум туралы хабардар екені анықталды.

Коллаж: Kazinform / Nano Banana Pro

Сонымен қатар референдум туралы ақпараттану деңгейі жоғары өңірлер де белгілі болды. Олардың қатарында Жамбыл (89,7%), Қызылорда (89,1%), Батыс Қазақстан (88,1%), Шығыс Қазақстан (87,8%) облыстары мен Алматы қаласы (87,6%) бар. Ал электоралдық белсенділік Түркістан (82,7%), Батыс Қазақстан (78,6%), Қарағанды (78,1%), Қызылорда, Жамбыл (75,0%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (75,0%) жоғары екені байқалды.

Бұл деректерді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров та растайды. Оның айтуынша, өңірлерді аралау барысында халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары болған.

Фото: Kazinform

– Конституция жобасы қызу талқылануда. Бұл азаматтардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді, – деді Мәжіліс депутаты.

Адам құқығы мен әлеуметтік кепілдіктерге басымдық

Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай жаңа Ата заң жобасы жастың да, жасамыстың да танымына сай, түсінікті тілде жазылғанын айтады. Оның сөзінше, Конституциялық комиссияның 12 отырысында және көптеген секциялық талқылауларда филологтар мәтіннің әр сөзіне мән беріп, құжаттың сауатты әрі түсінікті болуын қамтамасыз еткен.

– Біздің заң техникасы бойынша да, грамматикалық жағынан да өте жетік жазылған. Кімге болса да түсінікті. Мәселен, преамбуланы бала оқыса да түсінеді, – деді Серік Ақылбай.

Сондай-ақ заңгер жаңа Ата заң жобасының, әсіресе, 3-бабына ерекше назар аударды.

Фото: t.me/konstituciyalikreforma

– Жаңа Конституция жобасының 3-бабында мемлекеттің міндеттері көрсетілген. Ең басты принцип – адамның құқығын, өмірін, денсаулығын, қауіпсіз еңбек ету мүмкіндігін мемлекет өз мойнына алып, кепілдік береді. Ең алдыңғы орынға адам қойылып отыр, – деді Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасы.

Жаңа Конституция жобасында қоғам назарын аударған маңызды мәселелердің бірі – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері. Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде бюджет шығысының 40-45 пайызын осы салаға бағыттап келеді.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, жаңа Конституцияда балаларға тегін білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндетті деп көрсетілген. Ал жоғары білімді жастар конкурс арқылы тегін ала алады. Елдегі 2,6 млн зейнеткерге де зейнетақы төлеу үшін бюджеттен 4,9 трлн теңге бөлінеді.

– Парламент таратылатындықтан, осы уақыт ішінде Президент туралы, Құрылтай туралы, Халық кеңесі туралы, Үкімет туралы негізгі заңдарға өзгеріс енгізу қажет. Бұл біздің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірімізді қайта құратын құжат болмақ. Сондықтан мұны тек саяси реформа емес, құқықтық реформа деп те қабылдау керек, – деді Ерлан Саиров.

Құқықтық мемлекет қағидаттары күшейеді

Сарапшылардың пікірінше, жаңа Конституцияға көшу Қазақстанның дамыған, әділ әрі тұрақты мемлекетке айналуы жолындағы стратегиялық қадам болмақ.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Болатбек Тлеулов жаңа Ата заң жобасы аумақтық тұтастықты бекітіп, құқықтық мемлекет қағидаттарын күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ықпал ететінін айтады.

Фото: Болатбек Тлеуловтың жеке мұрағатынан

– Құрылтай билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтеді. Ол сот, Парламент және Президент билігі арасында аралық бақылау жүргізетін институт ретінде әрекет етіп, маңызды конституциялық өзгерістер мен стратегиялық шешімдерді кеңестік келісім арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес бұл модель жартылай президенттік немесе модификацияланған президенттік республикаға тән, – деді ол.

Сондай-ақ ғалым жаңа Конституция жобасында цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау мәселелері де ескерілгенін атап өтті.

– Цифрлық революция жағдайында Конституция тек саяси-құқықтық құжат емес, сонымен бірге цифрлық қоғамның іргетасын айқындайтын стратегиялық актіге айналады. Егер онда цифрлық құқықтар мен дербес деректерді қорғау мәселелері бекітілсе, бұл мемлекеттің құқықтық жүйесі жаңа технологиялық шындыққа бейімделгенін білдіреді, – деді Болатбек Тлеулов.

Ал философия ғылымдарының кандидаты Саипжамал Қорғанова Конституцияда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары кеңінен бекітілгенін алға тартады.

Фото: Саипжамал Қорғанованың жеке мұрағатынан

– Конституцияда өмір сүру құқығы, бостандық пен теңдік, меншікке қол сұқпау, сөз, дін, әділ сот талқылауы мен кінәсіздік презумпциясы сияқты негізгі құқықтар нақты көрсетілген. Сондықтан азаматтар жаңа Конституция жобасымен мұқият танысып, алдағы референдумда дауыс беру арқылы саяси белсенділік танытады деп сенемін, – деді сарапшы.

Айта кетейік, республикалық референдумда қабылданған Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Конституцияның қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.

Ал 2-тармақта республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланатыны нақты көрсетілген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see145

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see136

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see130

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see128

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see126

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see125

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see125

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see125

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see120

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see120

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see119

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see118

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see116

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see116

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see115

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see113

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see112

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see111

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары