Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Қазақстан СІМ Непал мен Тибетте жоғалған туристерге қатысты мәлімдеме жасады

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Тарихтан тағылым, болашаққа бағдар

Тарихтан тағылым, болашаққа бағдар

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

– Қазақстан Түрікменстанның Ұйым­ға төрағалық жасаған кезеңінің нәтижелерін және ТМД-ның ортақ күн тәр­тібін ілгерілетуге қосқан үлесін жо­ғары бағалайды. Осыған орай, құрметті әріптес, Сіздің жоғары кәсіби деңгейдегі жұ­мысыңызға ризашылығымды біл­діре­мін. Бүгінгі саммит Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 35 жылдығымен тұс­па-тұс келіп отыр. Өздеріңізге мәлім, Қа­зақстан Ұйымның бастауында тұрды. 1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы шын мәнінде мемле­кет­тері­міз­дің тарихындағы бетбұрысты сәт болды. ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңіс­тік­тегі жаппай қақтығыстың алдын ал­ды. ТМД-ның біріктіруші миссиясы ел­­­деріміз тәуелсіздік алған кезеңде айқын көрін­ді десек, артық айтқанымыз емес. Одақ құрамындағы елдер ірге бөлген күр­делі сәтте тарихи байланыстарымызды сақтап, мемлекетаралық ықпал­дас­тық­тың мүлдем жаңа форматын құрдық. Осы жылдарда Достастық ұйымы сенім мен ынтымақтастықты дәріптейтін тиім­ді көпжақты тетік ретінде бүкіл әлем­ге кеңінен танылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ТМД-ның ең үл­кен байлығы халықтар достас­ты­ғы, ортақ мәдени және рухани мұра екеніне назар аударды.

– Көз алдымызда халық­ара­лық қатынастардың жаңа құры­лы­мы қалыптасып келеді. Жаһан­дық экономикалық байланыстар жүйесі күйрей бастады. Техноло­гия­лық бәсеке күшейді, белгісіз­дік белең алып, алдағыны болжау қиындай түсті. Мұндай жағдайда тікелей және сенімді диалог өрбі­тіп, әр мемлекеттің мүддесін еске­ретін ортақ шешім табу ерек­ше маңызды. Достастықтың ұдайы сұранысқа ие ұйым болуы­ның бірден-бір себебі осы деп ойлаймын. Мерейлі жылда Алма­ты декларациясындағы қағидат­тарға тағы бір назар аударып, жүріп өткен жолымызды қайта зерделеуді және келешек міндет­терді айқындауды ұсынамын. Қараша айында Алматыда Қазақ­станның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен аталған тарихи құжаттың қабыл­данғанына 35 жыл толуына орай халықаралық конференция өтеді. ТМД мемлекеттерінің ғалымдар­ын, құқықтанушыларын, тарих­шы­лары мен сарапшыларын конфе­ренция жұмысына белсенді түрде қатысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа тарихи меже ал­дындағы ортақ міндет – Достас­тықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу. Бұдан кейін Президент басты ық­па­л­дастық бағыттарына тоқтал­ды. Ең әуелі, ТМД-ның ұзақмер­зімді басымдықтарын белгілеу қажет.

– Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­ты­ғын дамыту тұжырымдамасы 2007 жылы бекітіліп, алты жыл бұрын жаңартылған еді. Одан кейін қабылданған бағдарламалар мен құжаттар көбіне белгілі бір салаға қатысты болды. Сондықтан көбіне бір-бірімен сәйкеспейді. Олардың бәрін біріктіріп, өзара байланысты біртұтас жүйе түзген жөн. Келе­шекте Достастықтың қандай болған­ын қалаймыз? Еура­зиядағы геосаяси архитек­тура жылдам өзгеріп жатқан ке-з­еңде оның орны қандай болмақ? ТМД-ға мүше мемлекеттер осы сауалдардың нақты жауабын табуымыз қажет. Сондықтан Атқарушы комитетке елдеріміздің үкіметтерімен бірлесіп, ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стра­тегиясын әзірлеуді ұсынамын. Бұл – ортамерзімді перспектива. Ең алдымен, мемле­кет­теріміз үшін аса маңызды басымдықтарға мән берген жөн. Олар: экономика, энергетика, инфрақұрылым, озық технологиялар және адам ка­питалы. Мұндай тәсіл орнықты прогреске жету жолындағы іс-әрекетіміздің үйлесімді әрі бірізді болуына септігін тигізеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікі­рін­ше, экономикалық ықпалдас­тықты тереңдету және индустрия­лық-технологиялық серіктестікті жетілдіру ерекше маңызға ие. Бұл ретте ол Қазақстан ТМД елдерінің нарығына әдеттегідей басымдық беретінін айтты – еліміздің сырт­қы сауда айналымының шире­гі­нен астамы Ұйымға мүше мем­ле­кеттердің үлесінде.

– Өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша ТМД елдерімен сауда айналымы 40 миллиард долларға жуықтады, ал биылғы жеті айда 10 пайызға өсті. Бірлескен өндірістер ашу ісінде де үлкен тәжірибе қал­ыптасты. Мысалы, Ресей Фе­дера­­циясының қатысуымен іске асыры­лып жатқан қазақстандық өнеркәсіп жобалары портфелінде жалпы құны 61 миллиард доллар болатын 178 жоба мен бастама бар, оның 124-і жүзеге асырылды. Өзбекстанмен арада құны шама­мен 2 миллиард доллар болатын 80 жоба бойынша жұмыс жүргізі­лу­де. Беларусьпен арнайы және ауыл шаруашылығы техникасы­ның бірлескен өндірісі жолға қой­ыл­ды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақ­стан бір мезгілде Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен ара­дағы шекара маңында индус­трия­лық-сауда орталықтарының желісін құрып жатыр. Өнеркәсіп және сауда саласындағы ынты­мақтастықты нығайту мақсатында құқықтық база жасалды.

– ТМД кеңістігінің біраз бөлі­гінде іскерлік байланыстарды дамытуға және жаңа өндіріс орын­дарын ашуға арналған зама­науи инфрақұрылым қалыптасып келеді. Енді осы әлеуетті барынша ұтымды пайдалану керек. Басқаша айтқан­да, өзара сауда-саттықтағы негізсіз, қолдан жасалған кедер­гілерден арылған жөн. Қызметтер нарығын кеңейтіп, инвестицияға қолайлы жағдай жасау қажет. Достастық аясында бірлескен ірі бастамаларды жүзеге асыру атал­ған жұмыстың қисынды жалғасы болуға тиіс. Осы орайда, ТМД елдерінің 2027-2030 жылдарға арналған үздік индус­триялық-тех­нологиялық жобала­рының тізімін жасақтауды ұсына­мын. Менің ойымша, қосылған құны жоғары өнім өндірісіне баса мән берген дұрыс. Бұл экономикаға серпін беретін жаңа нысандарды құруға септігін тигізеді. Сонымен қатар Қазақстан осы міндеттердің күр­де­лі екенін ескере отырып, эконо­микалық саладағы артықшы­лық­тары мен жетістіктерін тиімді пайдалану мүмкіндігінен бас тарт­пайды және прагматикалық ұстанымында қала береді. Аталған іске даму институттары, қаржы ұйымдары және бизнес атсалысуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Көлік байланысын дамыту және транзит әлеуетін нығайту ынты­мақтастықты кеңейтетін тағы бір перспективті бағыт ретінде аталды.

– Қазақстан үшін Солтүстік – Оңтүстік, Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәліздері, сондай-ақ Транс­каспий бағыты басты күре жолдар саналады. Оларды бір-бірімен үйлесімді ұштастыра біл­сек, құрлық арқылы жүк тасыма­лының тиімділігі айтарлықтай арта­ды. ТМД-ға мүше мемлекет­тер аумағы арқылы өтетін басты көлік жолдарын ұштастыру тұжырымдамасы осы мақсатқа қызмет етпек. Аталған құжат биыл мамыр айында еліміздің баста­масымен қабылданған еді. Қазақстан осы тұжырымдаманы жүзеге асыруға нақты үлес қосуда. Тамыз айында жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын Арал – Каспий магистралінің құры­лысы басталды. Аталған стратегиялық жоба пайдалануға берілген кезде Қытайдан Еуропаға дейінгі автожол шамамен мың шақырымға, ал транзит жүктерді жеткізу мерзімі үш тәулікке дейін қысқарады. Басқа да ірі жобалар бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл ретте «Жұмсақ инфрақұры­лым», яғни жүк тасымалын цифр­ландыру, электронды құжат айна­лымы және шекарадағы рәсім­дер­дің үйлесімділігі зор рөл атқа­рады. Басты мақсат – «Бірыңғай цифрлық дәліз» қалыптастыру. Біздің ұсынысымыз бойынша Өзбекстанмен және Қырғыз­стан­мен рұқсат құжаттарын электрон­ды форматта алмасу жолға қойыл­ды. Ресей және Беларусь елде­рі­мен де дәл осындай жұмыс жүр­гізіліп жатыр. Ресей тарапымен бірлесіп биыл мамыр аясында жүргізушісіз жүк көліктерімен алғашқы трансшекаралық жүк тасымалы ұйымдастырылды. Анағұрлым тиімді шешімдерді ТМД аумағында жаппай тарату қажет деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент цифрландыру рөлі артып, жасанды интеллектіні немесе суперинтеллектіні қол­дану аясы кеңейіп келе жатқанына назар аударды. Оның пайымдау­ынша, жаңа технологияларды игеріп, төл әзірлемелерін енгізу ТМД елдері экономикасының бәсекеге қабілетін айқындайтын негізгі фактор болмақ. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект стратегиясы, заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді. Оған ғылыми орталықтар, университеттер, компаниялар мен стартаптар қа­тыса алады. Сондай-ақ Президент келесі жылдың алғашқы тоқсан­ында Астанада ЖИ саласы ма­ман­­дарының ТМД аясындағы арнайы форумын өткізуді ұсынды.

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтудің маңызына тоқталды. Өйткені адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынас, өзара сенім, ұқсас менталитет, сондай-ақ орыс тілі ТМД-ның бірегей сипатын паш ететін ерекшеліктер саналады.

– Қазақстанның ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшыла­рының мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдемесі қабылданды. Тамыз айында тұңғыш рет Астанада ТМД волонтерлер форумы өтті. Осы арада волонтерлік ұғымы немесе ізгі істер саясаты жаңа Конституциямызда көрініс тапқа­нын атап өткім келеді. Яғни во­лон­терлер конституциялық мәртебеге ие болды, соған сәйкес олардың қызметіне ерекше қам­қорлық көрсетіледі. Бастама­ларымызға әрдайым қолдау білді­ретін әріптестеріме және ТМД елдері үкіметтерінің басшыларына алғыс айтамын. Елдеріміз арасын­дағы қарым-қатынаста орыс тілінің атқаратын рөлін атап өткен маңызды. Орыс тілі өзара түсінісуге, білім беру, ғылым сала­ларындағы серіктестік пен адам­дар арасындағы байланыстың кеңеюіне ықпал етуде. Бұл – айдан анық дүние. Сондықтан қадірлі әріптестерімді Халықаралық орыс тілі ұйымының қызметін қолдауға шақырамын. Дүниежүзінде орыс тілін әртүрлі деңгейде меңгерген 300 миллионға жуық халық бар. Сондықтан аталған ұйымның келешегі жарқын. Мен бұған сенімдімін. Сонымен қатар ТМД елдерінің тілдері мен мәдени әр­алуандығын көздің қарашығын­дай сақтап, бүкіл халықтың тарих­ына, дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау аса маңызды. Бізге халықтарымыздың досты­ғына арқау болатын жаңа ынты­мақ­тастық жолдарын іздеу қажет. Жастардың оқуға құштарлығына қолдау білдіру өте өзекті. Себебі артық білім – кітапта. Кітап оқыған адам ғана білімді, пара­сатты тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табады. Интер­нет үстемдік құрған, TikTok-менталитеті секілді құбылыс пай­да болып, жастардың мінез-құлқы өзгерген заманда бұған мән бер­ме­се болмайды. Қазақстанда Ұлт­тық кітап күні белгіленді. «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасы іске асырылып жатыр. Осы идеяны әрі қарай өрбітіп, халықтарымыздың әдеби жауһарларынан құралған «ТМД кітапханасының алтын қорын» жасауды ұсынамын. Атал­ған қорды құрылысы келесі жыл­дың орта шенінде аяқталатын Астанадағы Президент кітапхана­сында орналастыруға болар еді. Жоба аясында кәсіби аударманы да қамтып, көпшілік еркін пайда­ла­натын цифрлық кітапхана жасақ­тауға болады. Үздік әдеби шығар­маларды насихаттау арқы­лы Достастық халықтарының тарихын, мәдениетін және рухани мұрасын зерделеу мүмкіндігі жас­тарымыздың өзара түсіністігіне жол ашатыны, ең бастысы, қазіргі құбылмалы заманда ынтымағы­мызды нығайта түсетіні сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Достастықтың халықаралық байла­нысын кеңейту қажет деп санайды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұсынысымен ТМД жанынан Бай­қау­шылар және Серіктестер инс­титуты құрылғанын еске салды.

– Осы бастаманың желісімен «ТМД плюс» форматы пайда бол­ды. Ендігі қадам – алғашқы «ТМД плюс» саммитін ұйымдастыру деп ойлаймын. Жоғары деңгейдегі мұндай кездесу ықпалдастық географиясын кеңейтіп, еуразия­лық ауқымдағы ашық әрі сұран­ыс­қа ие алаң ретінде Ұйымның рөлін күшейтеді. Қазақстан конс­труктивті ұстанымға сай Еура­зия­дағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық тұжырымдамасын жет­іл­діру бойынша ортақ жұмысқа атсалысуға ниетті. Аталған құжат­тың сипаты жағымды, конфрон­та­циялық мазмұннан ада болғаны жөн, – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөз соң­ында 35 жыл ішінде Достастық ұйымы мемлекеттер мен халықтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Өзбекстанға сәттілік тіледі.

Жиында Түрікменстан Пре­зиденті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-мин­истрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лука­шенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Прези­денті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және ТМД Бас хатшы­сы Сергей Лебедев сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 03:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see150

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see142

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see142

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see141

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see140

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see140

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see139

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see139

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see137

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see137

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see136

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see136

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

08 Қазан 2026 20:53see127

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see126

Қазақстан СІМ Непал мен Тибетте жоғалған туристерге қатысты мәлімдеме жасады

08 Қазан 2026 18:56see121

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see119

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see119

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

08 Қазан 2026 17:09see118

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see115

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары