Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Жаңа Конституция Қазақстандағы өкілетті билікті күшейтеді Ольга Перепечина

Жаңа Конституция Қазақстандағы өкілетті билікті күшейтеді Ольга Перепечина

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміздің Жаңа Конституциясы өкілетті билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан оны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару қажет. Мұндай пікірді Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Конституциялық комиссияның отырысында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Ольга Перепечинаның сөзінше, Жаңа Конституция жобасы – маңызды әрі жауапты жұмыстың жемісі және қоғамның заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік құрылымды жаңартуға бағытталған.

«Жаңа Конституция биліктің тұрақты әрі түсінікті үлгісін қалыптастырып, өкілетті институттардың рөлін нығайтады және мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара қатынастың нақты ережелерін белгілейді. Барлық өзгерістердің басты мақсаты – адам, оның құқықтары, қадір-қасиеті мен болашаққа деген сенімін қорғау», – деді Сенат Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ол Парламент рөлін Құрылтай институты арқылы қайта қарау негізгі шешімдердің бірі екенін атап өтті.

Мәселен, Құрылтай екі палатаның ізбасары және жоғары өкілді органның жаңа атауы болып табылады. Бұл оның мемлекеттік билік жүйесіндегі ерекше маңызын, тарихи дәстүрмен байланысын және халық алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.

«Мәселе институттың символдық және саяси мәртебесін күшейте отырып, оның парламенттік табиғатын сақтау туралы болып отыр», – деді Ольга Перепечина.

Конституция жобасында Құрылтайдың ішкі ұйымдастырылуына, оның ішінде комитеттері мен комиссияларының қызметіне де ерекше назар аударылды. Сенат Төрағасы орынбасарының пікірінше, олардың жұмыс істеу негіздерін конституциялық деңгейге шығару парламенттік жүйені нығайтуға маңызды қадам болып табылады.

«Комитеттер мен комиссиялар заңдарды дайындау мен пысықтауда, сараптамалық қорытындылар мен парламенттік бақылауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олардың мәртебесі, өкілеттіктері мен жұмыс қағидаттарын нақты конституциялық деңгейде реттеу заңнамалық процестің сапасын арттырып, оны барынша ашық және болжамды етеді», – деді Ольга Перепечина.

Ол тұрақты комитеттердің салалық қағидат бойынша құрылатынын және өз саласына сәйкес мамандандырылған талқылауларды жинақтайтынын еске салды. Осы механизм шеңберінде қабылданған барлық заң жобалары жан-жақты талқыланады. Комиссиялар белгілі бір мәселелер бойынша шоғырландырылған шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

«Жаңа Конституция жобасы өкілетті билікті күшейтуге, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Біздің азаматтарымыздың жобаға деген белсенді қызығушылығын ескере отырып, Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысына қолдау білдіргім келеді», – деді Ольга Перепечина.

Сенат Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл рәсім халықтық егемендік қағидатына сәйкес келеді және қабылданатын шешімнің ерекше маңыздылығын көрсетеді.

«Аталмыш жобаны қолдай отырып, біз оны жүзеге асыруға және еліміздің парламенттік жүйесін одан әрі дамытуға жауапкершілік алуға дайын екендігімізді дәлелдейміз», – деп түйіндеді ол.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 16:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see172

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see154

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see152

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see151

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see150

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see149

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see148

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see148

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see148

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see147

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see147

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see147

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see146

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see146

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see144

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see144

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see144

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see144

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see143
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары