Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттар мен гендерлік теңдік мәселелері қарастырылады

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттар мен гендерлік теңдік мәселелері қарастырылады

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова айтты. Ол Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның Әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-сессиясына қатысып жатқан Қазақстан делегациясын басқарды.

Ол өз сөзінде, аталған сессияға қатысуы – халықаралық қауымдастыққа қол жеткізілген нәтижелерді таныстырумен қатар, гендерлік саясат саласындағы жаңа міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді. Ол конституциялық реформаның ел үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

– Жаңа Конституция шын мәнінде, мемлекеттің кемелденуінің және Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелердің расталуы, - деді Конституциялық соттың төрағасы.

Оның айтуынша, жаңа Ата заң мемлекет қол жеткізген нәтижелерді де, сондай-ақ ел алдында тұрған жаңа сын-қатерлерді де қамтиды.

Жаңа жобада сақталатын негізгі қағидаттардың бірі – халықаралық шарттарды елдің қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі ретінде тану. Қазақстан адам құқықтары мен гендерлік теңдік саласындағы бірқатар халықаралық құжаттарды, соның ішінде БҰҰ аясында қабылданған келісімдерді ратификациялаған.

– Халықаралық шарттық міндеттемелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының бір бөлігі болып қала береді, - деп атап өтті ол.

Эльвира Әзімованың айтуынша, бұл адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар ұлттық заңнаманы қалыптастыруда маңызды рөл атқара беретінін білдіреді.

Қазіргі заманғы гендерлік теңдік мәселелеріне тоқталған спикер Қазақстанның біртіндеп тек осал топтарды қолдауға бағытталған саясаттан қоғам дамуына әйелдердің белсенді рөлін мойындайтын неғұрлым кең тәсілге көшіп келе жатқанын атап өтті.

– Бүгін біз тек әйелдер мен қыздардың осалдығы туралы емес, олардың ел мен халықаралық қоғамдастық дамуына қандай үлес қоса алатыны туралы да айтуымыз керек, - деді ол.

Бұл процесте маңызды рөлді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік туралы 1325 резолюциясын іске асыру атқарады. Бұл құжат әйелдердің шешім қабылдау және бейбітшілік орнату процестеріне қатысу қажеттілігін ерекше көрсетеді.

Соңғы жылдардағы елеулі өзгерістердің бірі – әйелдер үшін тыйым салынған мамандықтар тізімінің күшін жоюы болды.

– Бүгінгі күні елде мұндай тізім жоқ. Қазіргі мемлекеттік саясат барлық жұмысшыларға, жынысына қарамастан, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Эльвира Әзімова.

Бұл шешім әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және еңбек нарығына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған стратегияның бір бөлігі болды.

Тең құқықты қамтамасыз етуде Қазақстан Конституциялық соты маңызды рөл атқарады. Эльвира Әзімова маңызды прецедентке айналған нақты істі мысалға келтірді. Сотқа денсаулығында қиындықтары бар баланы тәрбиелеп отырған ер адам жүгініп, баласына күтім жасау бойынша демалыс алу құқығын пайдаланғысы келген. Алайда қолданыстағы заңнама бұл кепілдіктерді тек аналарға ғана беретін.

Конституциялық сот бұл норманы әділетсіз деп танып, ата-аналар тең құқыққа ие болуы керектігін жариялады. Нәтижесінде заңнама өзгертіліп, енді ана да, әке де баласына күтім жасау демалысын алу және тиісті әлеуметтік кепілдіктерді пайдалана алады.

Маман атап өткендей, бұл мысал сот жүйесі гендерлік теңдікті тәжірибе жүзінде нығайтуға қалай үлес қосатынын көрсетеді.

Сонымен қатар ол сұхбат барысында Қазақстанда ерекше назар үйде зорлық-зомбылық мәселесіне аударылған. Мемлекет бұл мәселені маңызды сын-қатер ретінде қабылдайды және оны шешуге кешенді шаралар қолданады деді.

Елде үйде зорлық-зомбылықты алдын алу туралы бөлек заң қабылданған, ол зардап шеккендерді қорғауға және алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар жақында қылмыстық заңнамаға әйелдерді мәжбүрлі түрде некеге тұрғызу үшін аластату фактілеріне қатысты өзгертулер енгізілді.

Конституциялық сот төрағасы мұндай құқық бұзушылықтарды дәстүрмен шатастыруға болмайтынын және мемлекеттің бұған түбегейлі қарсы екенін атап өтті.

– Біз үйлену үшін қыздарды ұрлау – дәстүр емес, ескірген әдет екенін түсінуіміз керек, - деп атап өтті ол.

Жаңа Конституция жобасында сондай-ақ некенің ерікті түрде ер мен әйел арасындағы одақ екені бекітілген. Бұл бап некеге ерікті және саналы келісімнің маңыздылығын көрсетуге арналған.

Оның айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік саясаты қоғамға айқын сигнал береді: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ.

– Зорлық-зомбылық мәселелеріне – нөлдік төзім, - деді Эльвира Әзімова.

Сонымен қатар ол бұл күрес тек қана жазалаумен шектелмей, алдын алуды да талап ететінін атап өтті. Маңызды рөлді құқықтық мәдениетті арттыру және зорлық-зомбылыққа қоғамның, әсіресе жастардың, қарсылығын қалыптастыру атқарады.

Қазақстан делегациясы қатысып жатқан БҰҰ-ның Әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-сессиясының басты тақырыбы – әйелдердің әділдікке қол жеткізуі.
Эльвира Әзімованың айтуынша, құқық пен заң гендерлік теңдік саласында қол жеткізілген нәтижелерді жүйелі түрде бекітуге арналған негізгі құрал саналады.

– Құқық пен заң – қол жеткізілген нәтижелерді жүйелі негізде бекітуге мүмкіндік беретін құралдар, - деді ол.

Қазақстанның халықаралық форумдарға қатысуы өз тәжірибесін бөлісуге ғана емес, сонымен қатар басқа елдердің үздік тәжірибелерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Сот төрағасының айтуынша егер азаматтар жаңа Конституция жобасын референдумда қолдаса, Конституциялық сотқа қосымша функциялар беріледі. Оның бірі – қабылданатын заңдар мен нормативтік актілердің тек Конституцияның мәтініне ғана емес, оның рухы мен принциптеріне де сәйкес болуын қадағалау. Бұл құқық үстемдігін нығайтуға және конституциялық нормаларды тұрақты әрі біркелкі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Конституциялық реформа, халықаралық механизмдерге қатысу және сот практикасын дамыту Қазақстанның құқықтық институттарды нығайту және теңдікті алға жылжытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Мемлекеттің басты міндеті – заңдарды қабылдау ғана емес, олардың өмірде нақты қолданылуын қамтамасыз ету.

Күтілетін референдум осы процестің маңызды кезеңі болып, елдің құқықтық жүйесінің әрі қарай дамуын, соның ішінде әйелдердің құқықтарын қорғау мен зорлық-зомбылықпен күресті айқындай алады. 

Еске сала кетейік, 1995 жылы қабылданған Конституция тәуелсіздігін енді ғана алған Қазақстан үшін тарихи құжат болды. Ол кезеңде басты міндет – мемлекеттің негізін қалыптастырып, елдің әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындау еді. Ал бүгінде Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, оның геосаяси рөлі де өзгерді. Сондықтан сарапшылар жаңа Конституция жобасын заман талабына сай маңызды құжат деп бағалайды. Олардың пікірінше, жаңа редакцияда «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты нақты жұмыс істеуі тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 15:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары