Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды

Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚР жаңа Конституциясына әрбір азаматтың мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол сөз басында Комиссия мүшелеріне келісу, талқылау және қызу пікірталастардың күрделілігіне қарамастан, ашықтық пен сындарлылық ұстанғаны үшін алғысын білдірді. 

«Заңгер әріптестеріме азаматтық қоғамның ұсыныстарына нақты тұжырым тапқандары үшін алғыс айтқым келеді», - деді Қарлығаш Жаманқұлова. 

Адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту мәселесіне тоқтала отырып, мемлекеттік органдар қызмет бабына қарай күн сайын адамдардың тағдырымен байланыста болатынын атап өтті. 

Атап айтқанда, мемлекеттік шешімдер – рұқсаттар, тыйымдар немесе тексерулер қарапайым адамның жұмыс істеу, оқу, емделу және өз мүлкін қорғау мүмкіндігін анықтайды.

Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, адамның мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келтірілген зиянды өтеу құқығы құқықтық мемлекеттің және құқықтар мен бостандықтардың нақты сипатының негізгі элементтерінің бірі саналады. 

«Қазақстандықтар осындай залал үшін барабар өтемақы алуы тиіс. Егер азаматқа әділетсіздік жасалса, ол жұмсаған уақыты, ақшасы немесе тіпті жүйкесі үшін өтемақы алуы керек», – деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, мұндай конституциялық кепілдік азаматтарды қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз шешімдер мен іс-әрекеттер қабылдау қаупін азайта отырып, тұрақты алдын алу әсерін тигізеді.

«Егер сот мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттері заңсыз деп таныған жағдайда, азаматтарға осындай өтемақы алу мүмкіндігіне кепілдік беру қажет», - деді Қарлығаш Жаманқұлова. 

Ол мұндай кепілдікті Конституция деңгейінде енгізу әр адамның құқық субъектілігін тану екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция әрбір адам құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатындығынан және оларды, мемлекеттен де қорғауды өз бетінше талап етуге құқылы кендігінен туындайды», – деді ол. 

Жалпы, Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, мұндай норманы енгізу әрбір азаматты жария-құқықтық қатынастардың тең құқылы қатысушысы етеді, «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың практикалық құралына айналады.

«Сайып келгенде, мұндай нормамен жаңа Конституцияның жобасы ел азаматын, оның мүдделері мен құқықтарын бірінші орынға қоятын барынша адамға бағдарланған болады. Сондықтан Конституцияға әрбір азаматтың мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізуді ұсынамын», – деп түйіндеді ол.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 18:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары