Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жаңа Маралды бірлік пен дамудың жолы

Жаңа Маралды бірлік пен дамудың жолы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Себебі Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов Маралды ауылдық округіне арнайы келіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын сұрады. Шұрқырасқан ел базынасын айтып, ауылдағы жарық пен интернет мәселесін күн тәртібіне қойды.

Жөнделген жол, орындалған іс

Кейінгі жылдары Маралды округі тұрғындарының мамы­ражай өмір сүруі үшін бірқатар іс атқарылған. Мұны тұрғындар да растап отыр. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановпен ке­здесу­дегі әңгіме басы да алғыс айтудан басталды. Бірі жол мәселесінің күрмеуі шешіле бастағанына қуанса, енді бірі балаларға арналған ойын алаңының құрылысына дән риза екенін жеткізді. 

«Туған жер – алтын бесігім» дейді дана халқымыз. Марал­ды – ата-бабамыздың ізі қалған, маңдай терімен көркейген, бізге аманат болып жеткен қасиетті мекен. Бүгінде біз Жаңа Марал­ды жөнінде айтып отырмыз. Жаңа Маралды жай сөз ғана емес, бұл – нақты іс, әр тұрғынға шын­айы көрініп отыр­ған нәти­же. Жаңа Марал­ды – үміт, сенім және болашаққа жасалған нақты қадам. Кейінгі кезде ауылды дамыту үшін нақты жұмыс жүріп жатыр. Ауылішілік жолдар жөнделді, жарық тар­тыл­ды, балалар және спорт ал­аң­дары салынды. Ұзаққа созыл­ған орталық­тан­дырылған су мәселесі шешілді, мектептің төбесі жаңартылды. Ал келесі жылы мектептің ішкі жөндеу жұмысы басталады. Бұл Жаңа Маралдының бой көтеріп келе жатқанын, ауылдың тынысы кеңейіп, болашаққа сенім ны­ғай­ғанын білдірсе ке­рек», – дейді Нұрымбет Сақтағанов.

Екі сағатқа созылған кез-десуде ауданның әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, мәдени мәселелері талқыға түсті. 2025 жылы қандай іс оңал­ғанын, жүйеге түскені айтылды. Бұл турасында аталған аудан әкімі Мейіржан Әлбеков баян­дамасында кеңінен көсілді. Оның мәліметінше, биыл округ­тың әлеуметтік-экономикалық дамуына жергілікті алтын өндіру­ші компаниямен жасал­ған меморандум аясында 400 миллион теңге бөлінген. Бұл қа­ра­жат Қыстау-Күршім ауылы­ның орталық көшесін орташа жөндеуге, Маралды ауылындағы ҰОС ардагерлерінің аллеясына гранит плиталарын төсеуге, ауылдық округ ауылдарында абоненттер үшін Starlink спут­никтік интернет жүйесін орна­туға, ауданның басқа да ауылдық округтерін әлеуметтік дамытуға, орталық саябақты қоршауға және Маралды ауылының ста­дио­нында спорттық құрал-жабдықтар алуға, Үшбұлақ пен Қыстау-Күршім ауылдарында шағын футбол алаңын салуға және жас мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бағытталған. 

Аймақ басшысы жоғарыда аталған алтын өндіру компания­сына қатысты тұрғындардың пікірін тыңдап, экологияға қа­тысты тұсына байыппен жауап берді. 

«Әрине, өндіріс пен эколо­гия­ға қатысты алаңдаушылық бар екенін жақсы түсінемін. Бұл – халықтың туған жерге деген жанашырлығының бел­гісі. Алтын өндіретін кәсіпорын облыс және республикалық деңгейде қатаң экологиялық бақылауда. Экология мен халық денсаулығы – біздің ең басты құндылығымыз. Бұл бағытта ешқандай бейқамдыққа, немқұ­райлыққа жол берілмейді. Әрбір тексеру ашық өтеді, әрбір талап орындалады. Сонымен қатар бұл өндіріс – ауыл эко­номи­касының маңызды тірегі. Бұл – жаңа жұмыс орындары, тұрақты табыс, әлеуметтік жау­ап­керші­лік. Онда өз ауылы­мыздың аза­маттары еңбек етіп жүр. Қазір Маралды округінен 25 адам сонда жұмысқа кір­ген», – деді облыс әкімі.

Жас келсе – іске!

Әсіресе, жиын барысында белсенді жастар аймақ басшы­сына арыз-арманын жеткізіп, мүмкіндік беруін сұрады. Бір тұрғын мал шаруашылығымен, соның ішінде сүт және ет бағыт­ында бизнеспен айналысқысы келетінін айтты. Мал бордақы­лау бойынша грант алғысы келетінін, қайта грант бөлу жал­ғасса, бел шеше кірісуге дайын екеніне сендірді. Бұған облыс әкімі «белдеріңді буып, қорық­пай жұмыс істей беріңдер!» деп жауап берді. 2,5 пайыз несие беретін «Ауыл аманаты» сияқты бағдарлама аясында қамдануға болатынын, оның үстіне жергі­лікті бюджеттен де кәсіпкерлерге көмектесудің жолын қарасты­ратынын жеткізді. Өскен елін өркендеткісі келетін әрбіріне қолдау білдіріп, мал шаруашы­лығы мен туризмді дамытамыз дейтін жастарды қуана қоштады. 

Өйткені биыл Маралды ауыл­ында мал сою алаңын салу­ға, Қыстау-Күршім ауылында көше жарығын орнатуға, Ма­ралды ауылында хоккей алаңын жөндеуге, өрт сөндіру пунктін жөндеуге, көше жары­ғын орна­туға, округ студент­терінің оқуына ақы төлеуге, мал өткелін орнатуға, су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге, шаруаларға қайтарымсыз гранттар ретінде несие беруге қаражат бөлінген. Әрі барлығы оңынан шешіліп, тұрғындар қуанышымен бөліс­кен-ді. 

Мәселен, Қыстау-Күршім ауылының тұрғыны Ләйлә Майлықанова бұл жерге былтыр көшіп келген. Қазір еңсесін тіктеп, ел қатарлы еңбек етіп жүргенін айтты. 

«Мен осы ауылға 2024 жылы жұмыс бабымен көшіп келдім. Аталған жылы тұрғын үймен қамтамасыз етті. Биыл шешіл­меген интернет мәселесі бір ізге түсіп, орнатып берді. Көптеген игі іс жасалды. Балаларға ойын алаңы, футбол алаңын соғып, жаңадан мектеп құрылысы басталды. Шалғай ауылдағы тұрғындардың арыз-арманының орындалуына себепші болған облыс, аудан, ауыл әкімдеріне алғысым шексіз», – деді Қыстау-Күршім ауылының тұрғыны. 

Нұрымбет Сақтағанов кез­десуде қоныс аударуға қатысты да пікір білдірді. Егер мамандар көшіп келіп жатса, ауылдағы бос үйлерді жөндеуден өткізіп беретінін айтты. Келер жылы үш үйді таңдап алып, жөндеу жұ­мыс­ын жүргізіп бере алатынын, еңбек етем деген кісіге демеу барын көрсетті. Аймақ басшысы сөзінің соңында Маралды округі одан сайын гүлденетінін, бұған ел болып жұмыла кірісу керегін атап өтті. Келер жылы округ дамуына 600 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді.

«Үш ауылдың жағдайына қанық­тым. Бірлесе отырып, ауылдың жағдайын көтеру үшін жұмыс істейміз. Келешекте Маралды ауылдық округы даму­дың даңғыл жолына түседі. Бұған барлық жағдай жетеді. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жұдырықтай жұмылғаны­мыз жөн. Мен облыс әкімі ре­тінде Маралдының назардан тыс қалмайтынын нақты айта­мын. Бұл ауылдың әрбір мәсе­лесі кезең-кезеңімен, халықпен ақылдаса отырып шешіледі. Біз Жаңа Маралдыны дау-дамаймен емес – даналықпен, айқаймен емес – іспен, үреймен емес – сенім­мен құруымыз керек!» – деді облыс әкімі сөз соңында.

Айбике ЖАНАСЫЛ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 07:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары