Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Жаңа Салық кодексі бойынша тіркелу, есеп беру және төлеу тәртібі қалай өзгереді

Жаңа Салық кодексі бойынша тіркелу, есеп беру және төлеу тәртібі қалай өзгереді

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жаңа Салық кодексі енгізілгенге дейін Қазақстанда 7 арнаулы салық режимі қолданылды, олардың қатарында патент, мобильді қосымша, оңайлатылған декларация, тіркелген шегерім, бөлшек салық пен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған жекелеген режимдер болды. 2026 жылдан бастап жүйе оңтайландырылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі режим мен шаруа қожалықтарына арналған үш арнаулы салық режимі ғана қалады.

Өзгерістердің мақсаты – салық салуды түсінікті ету, әкімшілік жүктемені азайтып, әлеуметтік қорғауға қолжетімділікті барынша кеңейту.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнаулы салық режимін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбайтын және рұқсат етілген қызметпен айналысатын, табысы аз Қазақстан азаматтары мен қандастар қолдана алады. Айлық табыс 300 АЕК-тен (шамамен 1,3 млн теңге) аспауға тиіс. Бұл режим бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді, салықтық есеп тапсырылмайды, жеке табыс салығының мөлшерлемесі 0% деңгейінде белгіленген.

– Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа режим барынша жеңілдетілген және табысы аз әрі тұрақсыз азаматтарға бағытталған. Жалғыз міндеттеме – табыстың 4%-ы мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу. Бұл зейнетақы жүйесін, медицина мен әлеуметтік сақтандыруды қолжетімді етеді. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтуды заңдастыру мен азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы маңызды қадам, - деп түсіндірді Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы Нұрлыбек Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың барлық операциясы арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Онда чектер қалыптастырылады, табысы есепке алынып, әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі. Интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтіндер үшін жарналарды платформалар операторлары аударады. Байланыс қолжетімсіз елді мекендерде міндеттемелер ай қорытындысы бойынша орындалады.

Шағын және орта бизнес үшін оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі сақталып, жаңартылды. Оны жылдық табысы 600 мың АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге) болатын, қызмет түрі тыйым салынған тізбеге кірмейтін салық төлеушілер қолдана алады. Режим жеке табыс салығы немесе корпоративтік табыс салығы бойынша 4% бірыңғай мөлшерлемені, қосылған құн салығы мен әлеуметтік салықтан босатуды, сондай-ақ декларацияны жылына екі рет тапсырып, салықты екі рет төлеуді көздейді.

– Біз оңайлатылған декларацияны сақтап қалдық, бірақ оны бизнес үшін икемдірек әрі қолайлы еттік. Табыс шегінің жоғары болуы кәсіпкерлерге бизнесті бөлшектемей өсіруге мүмкіндік береді, еңбекақы қорын ескеру мүмкіндігі ресми жалақы төлеуді және жұмыспен қамтуды заңдастыруды ынталандырады, - деді Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейітова.

Шаруа қожалықтары үшін арнаулы режимді қолдану тәртібі негізінен сақталды. Бірыңғай жер салығы жойылғаннан кейін мұндай қожалықтар бұрынғы мөлшерлеме бойынша – табыстың 0,5%-ы көлемінде жеке табыс салығын төлей береді. Олар мүлік салығы, көлік салығы, ҚҚС және әлеуметтік салықты қоса алғанда біраз салық түрінен босатылады, есепті жылына бір рет тапсырады. Салық төлеу ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығын ескере отырып, жылына екі рет жүзеге асырылады.

Сондай-ақ жаңа режимдерге көшу тәртібі де түсіндірілді. Оңайлатылған декларацияны қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық төлеушінің кабинеті, E-Salyq Business қосымшасы, банктің мобильді қолданбасы немесе қағаз нысан арқылы хабарлама беру қажет. Әйтпесе, салық төлеуші автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге ауыстырылады. Бұрын патент немесе мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар басқа режимді таңдамаған жағдайда жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден автоматты түрде шығарылады. Шаруа қожалықтарын хабарлама бермей-ақ автоматты түрде көшіреді.

– Өтпелі кезең салық төлеушілер жаңа ережелерге сабырмен әрі артық қиындықсыз бейімделуі үшін қарастырылған. Салық салу режимін уақытылы анықтап, қажет болған жағдайда хабарлама беру маңызды. Барлық өзгеріс рәсімдерді жеңілдетуге және анағұрлым түсінікті әрі әділ салық жүйесін қалыптастыруға бағытталған, - деп түсіндірді департамент өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе апта сайын бизнес мәселесін қарайтынын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Ақпан 2026 14:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see140

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see138

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see136

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see133

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see129

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see120

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see119

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see117

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see117

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see116

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see115

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see114

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see113

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see110

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see108

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see107

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары