Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Жаңаөзенде мемлекеттік рәміздерді дәріптейтін танымдық лекция ұйымдастырылды

Жаңаөзенде мемлекеттік рәміздерді дәріптейтін танымдық лекция ұйымдастырылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жаңаөзен қаласында мемлекеттік рәміздердің құндылығын дәріптеуге бағытталған тағылымды шара өтті. Қоғамдық қор «Қазақстан экологиялық қоры» жүзеге асырып отырған «Qazaq Symbols: Кеше, Бүгін, Ертең» әлеуметтік жобасы аясында «Менің символдарым – менің мақтанышым» атты танымдық лекция Маңғыстау облыстық медициналық колледжінде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың маңызын түсіндіру» басым бағыты бойынша жүзеге асуда. Іс-шара Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаржыландыруымен, сондай-ақ Маңғыстау облыстық Білім басқармасы, оқу-әдістемелік бөлімінің қолдауымен өтті. 

Лекцияның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының терең мағынасын ұғындыру, олардың әрбір элементінде жатқан тарихи тамыр мен рухани мазмұнды түсіндіру.

Шараға 50-ге жуық студент қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жастар мемлекеттік рәміздер туралы викторина сұрақтарына жауап беріп, елдік сана мен патриотизм төңірегінде пікір алмасты. Лекция барысында еліміздің рәміздері туралы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға арнайы ақпараттық материалдар таратылды. 

Колледж студенттері бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, мұндай шаралар жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсетінін айтты.

Мемлекеттік рәміздердің мәні – елдің еңсесін көтеріп, халықтың рухын биіктету. Туымыз желбіреген сайын, Елтаңбамыз жарқыраған сайын, Әнұранымыз шырқалған сайын – әрбір қазақстандық өз жүрегінде мақтаныш пен бірлік сезімін сезінеді. Сондықтан мұндай жобалар – тек тәрбиелік іс-шара емес, ұлттық рух пен елдік сананы күшейтудің нақты тетігі.

Жоба аясындағы іс-шаралар кеңінен өріс алды. «Qazaq Symbols: Кеше, Бүгін, Ертең» әлеуметтік жобасы тек бір лекциямен шектеліп қалған жоқ. Қоғамдық қор «Қазақстан экологиялық қор» ұйымдастыруымен және Маңғыстау облыстық Білім басқармасы мен оқу-әдістемелік бөлімінің қолдауымен, өңірдегі мектептер мен колледждерде мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын насихаттауға бағытталған бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, интерактивті сабақтар, ашық дәрістер, көрмелер, конференциялар, патриоттық челлендждер мен викториналар ұйымдастырылды. Оқушылар мен студенттер эссе жазу, сурет салу және шығармашылық байқауларға қатысып, өз елінің рәміздеріне деген сүйіспеншілігін өнер мен сөз арқылы жеткізді.

Сонымен қатар жобаның маңызды бағыттарының бірі ретінде мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне арналған тренингтер, мастер-кластар мен практикалық семинарлар өткізілді. Бұл іс-шаралардың мақсаты – мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық рухты нығайту және патриоттық идеологияны кеңінен тарату.

Семинарлар барысында қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің тарихы, авторлары мен олардың символдық мазмұны туралы терең мәлімет алып, тәжірибелік талқылаулар жүргізді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, рәміздерді қоғамда насихаттаудың жаңа тәсілдері туралы ұсыныстар айтты.

Жоба аясындағы осындай кешенді іс-шаралар Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының білім беру ұйымдарында, мәдени мекемелерінде және еңбек ұжымдарында кеңінен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдің басқа да елді мекендерін қамтитын болады.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – тәуелсіз елдің әр азаматының борышы. Сол себепті «Qazaq Symbols: Кеше, Бүгін, Ертең» жобасы ел рухын көтеріп, жастар мен қоғам арасында патриоттық сана мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға зор үлес қосып келеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 17:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары