Жаңаөзенде зергерлік дүкеннен 15 млн теңгенің алтыны қолды болды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Жаңаөзенде жалпы құны 15 миллион теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 10 қазанда болған.
"Күдікті сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бұйымдар бөліміне заңсыз кіріп, гауһар тастары бар 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын сақинаны ұрлап кеткен", - деп жазылған хабарламада.
Жәбірленуші бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, ұрлықты анықтаған. Келтірілген материалдық шығын 15 миллион теңгені құрады. 15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта полиция ұрланған бұйымдарды іздестіріп жатыр.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 19:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















