Claude басшылыққа қызметкерлерді бақылауға көмектеседі жаңа функция туралы не белгілі
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Басшылық қызметкерлердің жасанды интеллектіні қалай қолданатынын, оның көмегімен қандай тапсырмаларды орындайтынын және бұған қанша қаражат жұмсайтынын біле алады. Anthropic компаниясы Claude сервисіне жұмыс сессиялары мен команда нәтижелерін талдайтын функцияны қосты, деп хабарлайды Tengri Life.
Жаңа функцияның мүмкіндіктері
Сипаттамаға сәйкес, smart reports деп аталатын жаңа функция жұмыс берушілерге келесі мүмкіндіктерді береді:
қызметкерлердің жұмысын талдау, олар ЖИ көмегімен қандай мәселелерді шешетінін және нәтижесінде не алатынын бақылау; шығынды бақылау, Claude-қа жұмсалған қаражатты қадағалау және қайда көп ақша жұмсалатынын анықтау; мәселелерді табу, жиі қайталанатын қиындықтарды және пайдалы нәтижеге қол жеткізілмеген сессияларды анықтау; статистиканы зерттеу, деректерді күні, құны, өнімі және нәтиже түрі бойынша сұрыптау; ұсыныстар алу, жұмыс процестерін жақсарту және ЖИ-ні тиімді пайдалану жолдарын табу.Компания мәліметінше, менеджерлер команданы, 28 күнге дейінгі кезеңді және есепке қосылатын функцияларды таңдай алады. Бастапқыда Claude Enterprise пайдаланушыларына айына 10 тегін есеп қолжетімді болады, одан кейін қосымша ақы төлеу қажет.
Енді басшылық қызметкерлердің Claude-ты қалай қолданатынын көре алады. Мысалы, олардың жұмыс тапсырмаларын қалай орындайтынын немесе нейрожеліге жеке тақырыптарда сұрақ қоятынын бақылай алады. Сондай-ақ есептер компания ақшасы қайда кетіп жатқанын және ЖИ-нің қандай тапсырмаларда пайдалы екенін көрсетеді.
Бұл ретте Anthropic аталған функция жекелеген қызметкерлерді аңдуға немесе кімді жұмыстан шығару керек екенін шешуге арналмағанын атап өтті. Алайда жұмыс хат-хабарларын талдау мүмкіндігі басшылықтың артық назар аударғанын қаламайтын қызметкерлерге ұнай қоюы екіталай.
Айта кетейік, қыркүйекте Anthropic Қытайдың Moonshot AI және DeepSeek компанияларын Claude жауаптарын өздерінің жасанды интеллект модельдерін оқытуға пайдаланды деп айыптаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 18:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















