Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Халық Кеңесінің Төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді айқындады

Халық Кеңесінің Төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді айқындады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жиынның негізгі тақырыбы – Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру. 

Отырысты ашқан Ерлан Қошанов Президенттің халыққа Жолдауы терең мазмұнды, тұжырымдамалық мәні бар құжат екенін атап өтті. Онда Қазақстанның болашағы, жаңа әлемдік тәртіптегі орны және алдағы жылдардағы даму бағыты айқындалған.

Төрағаның пікірінше, биылғы Жолдау ел дамуының ауқымды пайымы мен стратегиялық тәсілімен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді жаһандық өзгерістерді, жаңа технологиялық болмысты және елдің одан әрі дамуын айқындайтын заманауи сын-қатерлерді ескере отырып қарастырады.

Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің белсенді қатысуын және нақты нәтижелер үшін жеке жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Сондықтан басым бағыттарды айқындап, жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуге қосатын өз үлесін нақты түсіну аса маңызды.

Ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын қалыптастыру мақсатымен Қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп, жыл сайынғы баяндама дайындау жоспарланып отыр. Бұл баяндама өңірлерден келіп түскен бастамаларды жинақтауға, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді айқындауға және еліміздің стратегиялық құжаттарын әзірлеуге арналған ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл жұмысқа отандық жетекші сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, соның ішінде Еркін Әбіл, Айгүл Сәдуақасова, Ботагөз Ракишева және Найля Мұхтарова тартылады.

Қатысушылар жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу мәселесіне де ерекше назар аударды. Ерлан Қошанов құжатты дайындау жұмысына азаматтық қоғамның кеңінен қатысуы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Кодекс заманауи талаптарға сай болып, халықтың әртүрлі санаттарының мүдделерін ескеруі тиіс.

Бұл жұмысқа белгілі заңгер ғалымдар Исидор Борчашвили, Мәди Мырзағараев және Андрей Лукинді де тарту ұсынылды.

Халықтың цифрлық дағдыларын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Азаматтардың практикалық цифрлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасын іске қосу ұсынылды. Ауыл тұрғындарына маркетплейстер мен интернет-платформалар арқылы тауар сатуды үйрету, ал жастарға жеке кәсіп ашу үшін цифрлық құралдарды пайдалануды меңгерту жоспарланып отыр.

Өңірлердегі жұмысқа да басымдық берілді. Жыл бойы Қазақстан Халық Кеңесі әкімдіктермен, қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Кездесулердің негізгі мақсаты – халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын іздестіру және Халық Кеңесінің келесі сессиясына нақты заңнамалық әрі практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жұмыс тиімділігін арттыру және бастамалардың іске асырылуын бақылау мақсатында Хатшылық бірыңғай цифрлық платформа әзірлеп жатыр. Бұл жүйе қажетті ақпаратты, құжаттарды қарау барысын және олардың ағымдағы мәртебесін жедел бақылауға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін ұсыныстар берудің бірыңғай нысаны енгізіледі. Платформаны әзірлеу жұмысына Бағдат Мусин, Әділхан Қопабаев және Жандос Ақтаев тартылды.

Отырыс барысында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңестер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де сөз сөйлеп, салалық жобаларды іске асыру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Нұртай Сабильянов пен Вера Ким өңірлерде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға қатысты ұсыныстарын айтты. Олар жол құрылысы, цифрландыру мәселелеріне және қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған шараларға ерекше назар аударды.

Инфрақұрылым тақырыбын жалғастыра отырып, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко «Халықтық құрылыс» бағдарламасының жұмыспен қамту саласына да оң әсерін тигізіп отырғанын атап өтті. Бағдарламаны іске асыру техникалық және кәсіптік білімге деген сұранысты едәуір арттырып, білікті мамандардың ұзақ мерзімді жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді.

Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты ретінде Төралқа мүшелері Бекмұрат Жүсіпов пен Еркін Әбілдің ұсыныстары айтылды. Олар жобалардың іске асырылу барысына тұрақты қоғамдық бақылау жүргізу қажеттігіне тоқталды. Олардың пікірінше, бұл жұмысқа бейінді сарапшыларды тарту ашықтықты қамтамасыз етіп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуына мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтар жобалардың іске асырылу мерзімдері мен барысы, оған қатысушылар және бөлінетін қаржы қаражаты туралы хабардар болады.

Отырыс барысында инклюзивті ортаны дамыту мәселелері де қозғалды. Бұл саладағы өзекті міндеттер туралы жеке тәжірибесіне сүйене отырып, белгілі параспортшы, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ардақ Оторбаев баяндады. Оның айтуынша, соңғы жылдары мемлекет тарапынан бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлініп, азаматтардың толыққанды өмір сүруіне, спортпен айналысуына және өзін-өзі дамытуына жағдай жасалуда.

Төралқа отырысында айтылған барлық бастамалар мемлекеттік органдармен бірлесіп қосымша пысықталып, алдағы кезеңге арналған Халық Кеңесінің кешенді жұмыс жоспарына енгізілетіні атап өтілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:56
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 19:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see140

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see134

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see132

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see132

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see131

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see129

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see128

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see123

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see121

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see121

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see119

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see119

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

28 Қазан 2026 12:13see119

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

28 Қазан 2026 15:22see118

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

28 Қазан 2026 12:38see118

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see115

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see113

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

28 Қазан 2026 18:52see113

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары