Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Корпоративті кім төлеуі тиіс жұмыс беруші ме әлде қызметкерлер ме? Заңгердің жауабы

Корпоративті кім төлеуі тиіс жұмыс беруші ме әлде қызметкерлер ме? Заңгердің жауабы

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Корпоративтер маусымы жақындаған сайын "ортақ мереке шығынын кім төлеуі керек - компания ма әлде қызметкерлер ме?" деген сұрақ күн тәртібіне қайта шығады. Бірі шығынды жұмыс беруші өз мойнына алуы тиіс десе, енді бірі іс-шараға ақша жинауға қарсы емес. Ал егер қызметкер ақша төлегісі келмесе, бірақ бас тартуға ыңғайсызданса не істемек? Tengri Life бұл мәселені заңгер Фарит Айтбагинмен талқылап, заң не дейтінін білді.

"Әлі жалақы алмасам да, ақша қосуым керек"

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл тақырыпта өз тәжірибелерін бөлісті.

"Жұмысқа енді ғана орналасып, әлі жалақы да алмаған кезде, жөнді танымайтын адамның туған күніне ақша қосуға мәжбүр болатыным ашуыма тиеді", - деп жазды қызметкерлердің бірі.

Тағы бір желі қолданушысы жаңа жылдық корпоративке барудан бас тартқанын айтты, өйткені қызметкерлер өз қалталарынан төлеуі керек болған.

"Мен бас тарттым. Ал анам бірінші күннен-ақ ұжымнан бөлініп кеткенім үшін мені ұрысты. Ал меніңше, корпоративтердің де, туған күнге ақша жинаудың да еш мәні жоқ", - деп бөлісті қыз.

Дегенмен, корпоративтің қызметкерлер есебінен өтуін бәрі бірдей мәселе деп санамайды. Кейбіреулер мерекелік шығынды жұмыс беруші көтеруі тиіс деген ұстанымда.

"Бізде корпоративті әрқашан компания төлейді, бұл - қалыпты жағдай. Егер жұмыс беруші ұжымның басын біріктіріп, ортақ мереке ұйымдастырғысы келсе, оған бюджетті өзі бөлгені қисынды. Қызметкерлер онсыз да жұмысқа өз уақыты мен күш-жігерін жұмсайды", - деді қызметкерлердің бірі.

Басқалары ортақ жиын-терімге сабырмен қарайды және бәрі өз еркімен болса, мұнда тұрған ештеңе жоқ деп есептейді.

"Біздің ұжым шағын, әдетте корпоративті жұмыс берушінің өзі төлейді. Бірақ ақша жинайық деп ұсыныс жасалса, мен қарсы болмас едім. Біз мерекені атап өту, жұмыстан тыс араласу үшін жиналамыз ғой. Ең бастысы, бұл ерікті түрде болуы керек және ешкім төлеу міндетін сезінбеуі тиіс", - деп толықтырды тағы бір желі қолданушысы.

Жұмыс беруші корпоратив шығынын төлеуге міндетті ме?

Заңгер Фарит Айтбагин Еңбек кодексі жұмыс берушілерді қызметкерлер үшін мереке ұйымдастыруға немесе шығынын төлеуге міндеттемейтінін түсіндірді.

"Қазақстанның Еңбек кодексінде ұйымды мереке ұйымдастыруға немесе оған байланысты шығынды көтеруге міндеттейтін норма жоқ. Бұл - ерікті бастама. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер беруге құқылы, бірақ бұл міндет емес, құқық қана. Сондықтан ол іс-шара шығынын толық төлей алады немесе оны қызметкерлердің өз күшімен ұйымдастыруды ұсына алады", - деді Айтбагин.

Бұл ретте корпоративке ақша жинау туралы ұсыныс, ерікті түрде болса заңға қайшы келмейді.

Жалақыдан ақша ұстап қалуға бола ма?

Заңгер жұмыс беруші корпоратив шығынын қызметкердің жалақысынан ұстап қалуға құқығы жоқ екенін атап өтті.

"Жалақыдан ұстап қалу мәселесі Қазақстан Еңбек кодексінің 115-бабында толық реттелген. Бұл сот шешімі бойынша және ҚР заңдарында, сондай-ақ осы баптың өзінде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Корпоратив шығыны бұл тізімге кірмейді. Қызметкердің жазбаша келісімі болса да, мұндай соманы ұстап қалуға болмайды, өйткені заңда қарастырылған негіз жоқ", - деді маман.

Төлеуден бас тартқаны үшін жазалай ала ма?

Заңгердің айтуынша, корпоративке қатысу еңбек міндетіне жатпайды. Сондықтан қызметкерді мерекеге қатысудан немесе ақша беруден бас тартқаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды.

"Корпоративке қатысу және ақша қосу қызметкердің еңбек функциясына кірмейді және еңбек шартында көзделмеген. Бас тарту тәртіптік теріс қылық болып саналмайды және ескерту жасауға, сөгіс беруге, жұмыстан шығаруға немесе жаза ретінде сыйақыдан айыруға негіз бола алмайды", - деп түсіндірді Айтбагин.

Сондай-ақ ол ақша төлеуден бас тартқаны үшін еңбек жағдайын нашарлату немесе қызметкерді қудалау Еңбек кодексінің еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салатын 6-бабын бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін екенін айтты.

Заңгер қызметкерлердің өз бастамасы мен басшылық тарапынан қойылатын талапты ажырата білу маңызды екенін атап өтті.

"Қызметкерлердің өз арасында ерікті түрде қаражат жинауы еңбек құқығы аясына кірмейді, бұл - олардың жеке ісі және заң оған шектеу қоймайды. Ал бастама басшылықтан шығып, қысыммен - тікелей немесе жанама түрде, мысалы, ақша бермегендерге көзқарас туралы ишара жасау немесе жарнаны сыйақымен, мансаппен және кестемен байланыстыру арқылы жүзеге асса, жағдай өзгереді", - деп түсіндірді ол.

Заңгер Жаңа жыл немесе кәсіби мереке құрметіне өткізілсе де, жұмыс беруші корпоратив шығынын төлеуге міндетті емес екенін еске салды. Компания мерекені өз есебінен ұйымдастыра алады, бірақ бұл оның міндеті емес, құқығы.

Бұл ретте қызметкер мереке күні жұмыс істесе, оған жоғарылатылған ақы төленуі тиіс. Алайда бұл ереже корпоративке келгендерге қатысты емес.

Корпоративке ақша жинауға мәжбүрлесе, қайда жүгіну керек?

Егер ақша жинау мәжбүрлі сипат алса, заңгер келесідей әрекет етуге кеңес береді:

қысым көрсету дәлелдерін - хат алмасу, хабарландыру, хабарлама және куәгерлер туралы мәліметтерді сақтап қою. жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясына, соның ішінде eGov порталы немесе жергілікті атқарушы орган арқылы жүгіну. Инспекция тексеріс жүргізіп, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама шығаруға құқылы. егер қызметкер құқығы бұзылып жатыр деп есептесе, прокуратураға өтініш беру. өз құқығын қорғау қажет болса, мысалы, жалақыдан заңсыз ұстап қалуды даулау үшін сотқа жүгіну.

Айта кетейік, жақында Алматы тұрғыны қыз ұзату тойына шақырусыз келген қонақтар туралы айтып берген еді, олар дастарқаннан дәм татып, шетелдікпен суретке түсу үшін келген екен. Сол кезде біз заңгерден шақырусыз келгендер осындай әрекеті үшін жауапқа тартылуы мүмкін бе екенін сұрап білген едік.

Тағы оқыңыз: Мобилограф сізді рұқсатсыз түсіріп алды: оны қалай жауапқа тартуға болады?

Фарит Айтбагин Maqsut Narikbayev University-інде "құқықтану" мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген. 2020 жылдан бастап Астанадағы халықаралық заң компаниясында заңгер болып жұмыс істейді, қазір аға заңгер қызметін атқарады. 2023 жылдан бастап бұл жұмысты Заң консультанттары палатасының атқарушы хатшысы лауазымымен қатар алып жүр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 17:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see148

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see147

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see137

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see135

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see133

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see131

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see129

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see129

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see128

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see126

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see125

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see120

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see117

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see116

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see116

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

28 Қазан 2026 12:13see115

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

28 Қазан 2026 15:22see114

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

28 Қазан 2026 12:38see113

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары