Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Ауқымды фестиваль өтеді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Жанат Момынқұлов: Қазақстан логистикалық дәліздер мен аймақтық интеграцияға басымдық беруі тиіс

Жанат Момынқұлов: Қазақстан логистикалық дәліздер мен аймақтық интеграцияға басымдық беруі тиіс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан үшін көпвекторлы саясат енді тек тепе-теңдікті сақтаудың құралы емес, өзгермелі геосаяси жағдайда тәуекелдерді басқарудың тетігіне айналуы тиіс. Саясаттанушы, халықаралық сарапшы Жанат Момынқұловтың пікірінше, қазіргі сын-қатерлер – Иран дағдарысы, санкциялық қысым, логистикалық үзілістер мен аймақтық күштердің қайта топтасуы – бұрынғыдай реактивті емес, керісінше, жылдам, икемді және проактивті саясатты ұстануды талап етеді. Нақты айтқанда, Қазақстан «Көпвекторлы саясат 2.0» форматына көшіп, геоэкономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, аймақтық ынтымақтастықты күшейту және делдалдық дипломатияны жаңа деңгейге шығару арқылы өзінің егемендігі мен стратегиялық дербестігін нығайтуы қажет.

Жанат Момынқұлов қазір көпвекторлы саясатты күшейту үшін бірнеше жаңа тәсіл қажет екенін атап өтті. Ең алдымен, оны тек геосаяси теңгерім құралы ретінде емес, көпқабатты стратегияға айналдыру керек. 

«Бұл дегеніміз – көлік-логистика дәліздерін дамыту, энергетикалық дипломатияны күшейту және цифрлық байланыстарды кеңейту арқылы геоэкономикалық рөлді арттыру. Екіншіден, Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығын күшейту маңызды, өйткені бұл аймақтың сыртқы ойыншыларға тәуелділігін азайтып, келіссөздердегі позициясын нығайтады. Үшіншіден, Қазақстан секілді елдер «орта держава» ретінде делдалдық дипломатияны дамытып, яғни халықаралық қақтығыстарды реттеуде бейтарап алаң ұсыну арқылы өз ықпалын арттыра алады. 

Сонымен қатар экономикалық әртараптандыру стратегиясы да ерекше геосаяси маңызға ие. Қазіргі жағдайда тек ірі державаларға емес, Үндістан, Араб-Парсы шығанағы елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері сияқты жаңа бағыттарға назар аудару қажет. Онсыз да ықпалды көршілес елдердің ұлттық экономикадағы үлесін арттыра бермеу қажет. Бұған қоса, санкциялық қысым мен сыртқы экономикалық тәуекелдерге төзімділікті арттыру үшін қаржы жүйесін әртараптандыру және баламалы логистикалық бағыттарды дамыту да өте маңызды», – деп түсіндірді саясаттанушы. 

Жалпы алғанда, көпвекторлы саясат Орталық Азия елдері үшін әлі де тиімді әрі белсендірек «қорғаныс стратегиясы» саналады.  Сол үшін қазіргі күрделі геосаяси жағдайда мұндай талпыныстың табысты болуы үшін енжар теңгерім саясаты деңгейінен шығып, проактивті, аймақтық ынтымақтастыққа негізделген және геоэкономикалық мүмкіндіктерді барынша пайдаланатын жаңа форматқа көшуі қажет.  

«Қазақстан Иран айналасындағы дағдарысты тек саяси емес, кешенді қауіп ретінде қарауы керек. Дәл қазіргі жағдайды пайдаланып, қауіпсіздіктің рөлін күшейту өте маңызды. Мысалы, Иран дағдарысы энергетикаға, Каспий маңына, санкциялық және ақпараттық қысымға, Қытайдың аймақтық рөлінің ауысуына, Ауғанстан факторына қатысты болуы мүмкін. Әсіресе, Иран қақтығысы аяқталуымен бірге жаңадан қалыптасатын тепе-теңдік жағдайында Каспий теңізі арқылы тасымалдарымыздың мән-жайына қатты көңіл болу керек. Сондықтан «теңгерімді дипломатия» деңгейінде қалмай, проактивті және қорғанысқа бейім модельге көшу қажет. Бұл тұста басты мақсат – тараптарды таңдау емес, тәуекелдерді басқару арқылы егемендікті күшейту.  

Бұл ретте сарапшы Қазақстан Иран дағдарысын кешенді мәселе ретінде қарап, энергетикада мұнай-газ экспортын әртараптандырып, Каспийдің жабықтығына тәуелділікті азайтып, Кавказ, Түркия және Қытай бағыттарын күшейтуге назар аудару қажет екенін атап өтті. 

«Саяси тұрғыда қатаң бейтараптықты сақтай отырып, делдалдық рөлін арттырып, болашақта Иранмен де, араб елдерімен де, Батыспен де тең байланыс ұстау маңызды. Экономикада санкциялық қысымды ескеріп, төлем жүйелері мен логистиканы әртараптандыру арқылы тәуекелдерді азайту керек. Сонымен қатар  проактивті экономикалық дипломатия қажет. Алайда  қазіргі дипломатиямыз әлі де тым сақ және бюрократиялық сипатта қалып отыр. 

Біз шын мәнінде шағын әрі ықшам мемлекетпіз, ірі көршілерімізден артықшылығымыз – шешім қабылдауда жылдамдыққа қабілетіміз бар. Жаңа кезең Қазақстаннан стандарттан тыс қадамдарды, интуитивті батылдықты және өзге тараптан 5-6 қадам алда жүруді талап етеді. Қазақстан әлем тез ауысқан тұста дәл осы «уақыт пен қарқын» факторын тиімді пайдалануы тиіс.

Ирандағы жағдайды ескеріп, ақпараттық қауіпсіздік бағытында сыртқы ықпалға қарсы ішкі тұрақтылықты күшейтіп, қоғамды геосаяси, мәдени, діни, тілдік бөлініске жібермеу қажет. Каспий аймағында милитаризацияға жол бермей, аймақтық қауіпсіздік тетіктерін дамыту маңызды. Ауғанстан факторы бойынша Орталық Азия елдерімен бірлескен саясат жүргізіп, радикализм мен көші-қон тәуекелдерін бақылауды қолға алған жөн. Жалпы, көпвекторлы саясат «теңгерімнен» гөрі «тәуекелдерді басқаруға» көшуі тиіс, – деді Жанат Момынқұлов.

Осы ретте саясаттанушы Қазақстан үшін «Көпвекторлы саясат 2.0» тұжырымын төрт бағытта қарастыруға болатынына тоқталды. 

Біріншіден, қауіпсіздік теңгерімі тұрғысынан бір ғана әскери-саяси серіктеске тәуелді болмау үшін ұлттық қорғаныс қабілетін күшейту және қауіпсіздік серіктестіктерін әртараптандыру керек. 

Екіншіден, геоэкономикалық рөлді күшейту мақсатында Қазақстанды транзит-энергетикалық хабқа айналдыру үшін көлік-логистика дәліздерін дамыту (Каспий, Кавказ, Таяу Шығыс, Азия, Қытай бағыты)  және «оқшаулауға болмайтын ел» қағидатын іске асыра бастау қажет. 

Үшіншіден, санкцияға төзімді экономика, яғни, сыртқы қысымдарға икемді қаржы-экономикалық жүйе құру үшін төлем жүйелерін нығайту және сауда бағыттарын көбейту маңызды. 

Төртіншіден, белсенді дипломатия мен бейтараптықтан проактив саясатқа көшу арқылы делдалдық рөлді күшейту және халықаралық күн тәртібін қалыптастыруға қатысу маңызды. Нақты айтқанда, жаңа жағдайдағы көпвекторлы саясат тек геосаяси теңгерім ғана емес, тәуекелдерді басқару және геоэкономикалық ықпалын арттыру деген сөз. 

«Көпвекторлы саясатқа жаңа тәсілдер ретінде, «Көпвекторлы саясат 2.0» тұжырымдамасы жобасы мен тәуекелдерді басқару моделі сарапшылар арасында талқылануы тиіс. Геоэкономикалық басымдық ретінде логистикалық дәліздер, жеткізілім тізбектеріне қосылу, энергетикалық стратегия таңдалуы тиіс. Аймақтық интеграция саласына қатты мән беріліп, «Алдымен Орталық Азия» (Central Asia first) түсінігіне басымдық беру қажет. Бір нарыққа тәуелділікті азайту, экспорт географиясын кеңейту және транзиттік әлеуетті геосаяси актив ретінде пайдалану маңызды. ДСҰ әлсіреген жағдайда аймақтық және шағын коалициялар ерекше маңызға ие болады. Қазақстан үшін Орталық Азия елдерімен экономикалық интеграцияны тереңдету осы сыртқы күйзелістерден қорғанудың тиімді жолы», – дейді халықаралық сарапшы.

Жанат Момынқұловтың айтуынша, бұл – одақтастықтан гөрі дербестікті нығайтуға басымдық беру, географияны әлсіздік емес, артықшылыққа айналдыру, дағдарыстарға реакция емес, оларды алдын ала болжау және басқару деген сөз. Орта держава дипломатиясы қақтығыстарда делдал болу ғана емес, жаңа дипломатиялық тұжырымдар өндіруге бағытталуы тиіс. Осылайша,  маман Қазақстанға ендігі кезекте «бәрімен дос болу» емес, дағдарыстарды алдын ала есептеп, соған бейімделетін ақылды, бірақ жылдам көпвекторлы саясатқа көшу қажет екенін айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 16:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see141

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see117

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see117

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see116

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see116

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see116

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see113

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see110

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see109

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see108

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see108

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see107

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see106

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see106

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see106

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары