Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Бейбітшілік идеясы мың атом бомбасынан да қуатты екенін келешекте әлем халқы түсінеді Жанат Момынқұлов

Бейбітшілік идеясы мың атом бомбасынан да қуатты екенін келешекте әлем халқы түсінеді Жанат Момынқұлов

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты елімізді тек Орталық Азиядағы ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігіндегі сенімді медиатор және халықаралық диалог орталығы ретінде танытты. Қазақстан аймақтағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда халықаралық бастамаларымен айрықша көзге түсіп, жаһандық ынтымақтастықтың белсенді, жаңашыл ойыншыларының біріне айналды. Әсіресе, халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтасу, еліміздің әлемдік қауымдастықтың сенімді мүшесіне айналуына негіз болды. Қазақстан өз міндеттемелерімен қоса, жаһандық және өңірлік қатынастарда жасампаз, прагматикалық рөл атқарады. Бұл ретте геостратегиялық орналасуы және халықаралық ортасы елімізді анағұрлым белсенді болуға итермеледі.     

Қазақстанның ірі халықаралық ұйымдарға төрағалық етуінің астарында тәуелсіздік пен қауіпсіздікті нығайту, ұлттық стратегиялық мүдделерді қорғау, ел жетістіктерін әлемге таныстырып, оң имиджін қалыптастыру, өзекті мәселелерге халықаралық қауымдастықтың назарын аудару, дүниежүзілік жүйеге кірігу мақсаттары жатыр. Еліміздің сыртқы саясатын жаһандық жауапкершілік, ұлттық бренд қалыптастыру және нақты нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан тиімді ететін басты ерекшеліктері – бейбіт диалогқа негізделген дипломатия, ядролық қарусыздану ұстанымы және халықаралық делдалдық миссия. Бұған кейінгі кезде айтылып жүрген орта күш, жұмсақ күш ұғымдарын да қосуға болады. Осылайша еліміз жаһандық диалог үшін бейбітшілік идеяларын ұсынып отыр.

Жанат Момынқұлов

Біріншіден, Қазақстан тек аймақтық қана емес, халықаралық бастамалар көтерді. Мемлекетіміздің Семей сынақ полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы тәуелсіздігіміздің танылып, қолдау табуында және әрі қарай стратегиялық тұрақтылық орнап, бейбіт экономикалық даму жолында маңызды рөл атқарды. Қазақстан бұл салада күшке емес, жауапкершілікке негізделген қауіпсіздік тұжырымын қалыптастырды. Уран қорына бай саналатын елімізде МАГАТЭ-нің төмен байытылған ядролық отын қоймасы орналастырылып, Иран бойынша келіссөздердің екі раунды Алматыда өтуі Қазақстанды бейбітшіліктің жаршысына, моральдық авторитетке айналдырды. 

Екіншіден, Қазақстан халықаралық диалогтың алаңына айналып, халықаралық дауларды шешудің көпдеңгейлі медиаторлық платформасын қалыптастырды.  БҰҰ деңгейінде Азия құрлығындағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында құрылған «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес» (АӨСШК) қазір толыққанды, іргелі халықаралық ұйымға айналды. Діни экстремизм мен терроризм мәселелері әлі күрделенбей тұрып, өркениетаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілету мақсатында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізіп келеді. 

Үшіншіден, Астана процесі (Сирия келіссөзі) – Таяу Шығыстағы ұзақ әрі өміршең дипломатиялық форматтың және сатылы бейбіт трансформацияның көрінісі болды. Сирия дағдарысын тұрақтандырып азаматтық соғысты тоқтатқан, практикалық шешім ұсынған Астана процесі болды. Армения мен Әзербайжан арасында Алматыда өткен кездесулер дипломатияға қомақты үлес қосты. Кейінгі жылдары Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңғыруына Қазақстанның жаңа билігі мұрындық болып, аймақтық интеграция нығайып келеді. Қазақстан дипломатиясы басынан бері Түркі мемлекеттер ұйымын қолдап, қазір ұйым жаңа стратегиялық деңгейге шықты: Еуразиядағы жаңа энергетикалық-логистикалық жолдардың ашылуына, Шығыс пен Батысты жалғастыратын аймақаралық қауіпсіздік архитектурасының дамуына әсер ете бастады. Астана Ресей-Украина бағытында да жабық медиаторлық қадамдарға және ұсыныстарға барып отыр.

Төртіншіден, Қазақстан ЕҚЫҰ саммитін өткізіп, БҰҰ тұрақты емес мүшесі болуы халықаралық саясатта үлкен тәжірибе жинауға көмектесті. БҰҰ-ның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша Өңірлік орталығын құру қарары қазақ дипломатиясының елеулі жетістіктігі болды. Өйткені бұл бастама Орталық Азияның аймақтық саясатын БҰҰ-ның тұрақты даму бағдарламаларымен етене байланыстырады. Тоқаев дипломат ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау бойынша орта державалардың рөлін күшейтуді ұсынды. 

Бесіншіден, Қазақстанның БҰҰ аясында бітімгершілік миссияларға қатысуы – еліміздің жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Оның пікірінше, бітімгер әскерилер еліміздің дипломатиялық беделін арттыруға зор үлес қосып келеді. 2003 жылдан бастап Ирак пен БҰҰ миссияларына қатысып, жарылғыш заттарды залалсыздандыру, халыққа көмек көрсету және бейбітшілікті сақтау бойынша қазақстандық бітімгерлер Ливан, Батыс Сахара, Мали және Орталық Африка Республикасындағы миссияларда табысты қызмет етіп келеді. Бұл миссия – Қазақстанның бейбітшілікті қолдайтын мемлекет екенін айқын көрсетеді. 

Бұл халықаралық бастамалар еліміздің әлемдік аренадағы беделі мен ықпалын арттырып, мемлекетаралық диалог құра алатын сенімді, бейтарап мемлекет ретінде көрсетті. Бұл – Қазақстанның бейтарап, сындарлы, халықаралық қауымдастыққа интеграцияланған, БҰҰ талаптарын орындайтын мемлекет екенін дәлелдейді. Қазақстанның бейбіт бастамалары ұлттық мүдде мен жауапты мемлекет доктринасының қосындысы десе болады. 

Қазақстанның жаһандық және бітімгершілік бастамалары – бұл сыртқы имидж үшін жасалған символдық саясат емес, өркениеттілік миссиясы мен ұлттық қауіпсіздікті ұштастырған ұзақ мерзімді стратегия. Бұл – күш қолданбай ықпал ету моделі және жаһандық сауда, логистика, қауіпсіздік архитектурасын қайта пішіндейтін жауапты көпвекторлы ойыншының рөлі. Қазақстан жаһандық тұрақсыздық дәуірінде геосаяси қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосатын бейбіт ел ретінде өзін мойындатты. Бейбітшілік идеясы мың атом бомбасынан да қуатты екенін әлем әлі білетін болады.

Жанат Момынқұлов

Еуразия ұлттық университеті, саясаттану кафедрасының аға оқытушысы,

философия ғылымның кандидаты, халықаралық сарапшы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 19:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары