Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жапон мектеп оқушылары жолдан өткенде неге қол көтереді және Қазақстанда олардан не үйренеді

Жапон мектеп оқушылары жолдан өткенде неге қол көтереді және Қазақстанда олардан не үйренеді

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жапонияда балалар жүргізуші тоқтағанның өзінде жолдан өтерде неге қол көтереді? Бір қарағанда бұл жай дағды сияқты көрінуі мүмкін, алайда бұл қимылдың артында жол қауіпсіздігіне үйретудің тұтас жүйесі жатыр.

Tengri Auto бұл әдіс қайдан шыққанын және оның Қазақстанда қалай қолданылып жатқанын анықтады.

Жапонияда балалар жолдан қалай өтеді?

Әлеуметтік желілерде жапон оқушыларының жаяу жүргіншілер өткеліндегі видеосы танымал бола бастады. Олардың жолдан өтуі тұтас бір рәсімге ұқсайды: бізге үйреншікті "жан-жағыңа қара, жол бергеніне көз жеткіз" деген қағидадан айырмашылығы, жапондық мектеп оқушылары жүргіншілер жолағына қадам басар алдында жүргізуші толық тоқтағанша кідіріс жасайды.

Маңызды ережелердің бірі - балалар жүргізуші оны көріп тұрғанына сенімді болу үшін өзара көз түйістіріп, анық көрінуі үшін бүкіл жол бойында қолын көтеріп жүреді.

Айта кетерлігі, кішкентай жаяу жүргінші жолдың екінші бетіне өткенде, жүргізушіге иіліп, құрмет білдіреді, бірақ бұл міндетті әрекет емес, көбіне әдептілік белгісі.

Бұл әдіс қашан пайда болды?

Көшеден өткенде қол көтеру дәстүрі (Ote wo agete - "Қол көтеру) және балаларды жол қозғалысы қауіпсіздігіне жүйелі түрде оқыту ресми түрде 1950-жылдардың басынан бастау алады.

Бірақ неге бұл туралы қазір ғана айтыла бастады? Бұрын әлеуметтік желілер болмағандықтан, ешкім білмеген деп жауап беру қисынды сияқты. Бірақ олай емес. , Жергілікті БАҚ-тың жазуы бойынша, Жапонияда бұл ережелер бірнеше жыл бұрын ғана қайта жаңғыртылған.

Жаяу жүргіншіге жолдан өтерде қол көтеруді ұсынатын ереже жапондық Жол жүру ережесінде бұрыннан болған, алайда 1978 жылы ол құжаттан алынып тасталды.

2021 жылдың сәуірінде Жапонияның Ұлттық қоғамдық қауіпсіздік комиссиясы өзгеріс енгізіп, қол көтеру немесе басқа тәсілмен жүргізушіге жолдан өту ниетін көрсету туралы ұсынысты қайта бекітті.

Бұл әдіс қаншалықты тиімді?

Жапонияда жолдағы ең осал топ ретінде жеті жасар балалар есептеледі. Бұл шамамен осы жаста баланың бастауыш мектепке бара бастауымен және ата-анасыз жиі жүруімен байланысты.

Дегенмен Кобе университеті ғалымдарының зерттеуі жағдай біртіндеп өзгеріп жатқанын көрсетеді. Авторлар Жапонияда балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырау статистикасын талдап, зардап шеккендер саны айтарлықтай азайғанын анықтады.

Мәселен, жеті жасар балалар арасында зардап шеккен жаяу жүргіншілер көрсеткіші 2001 жылғы 0,322 пайыздан 2023 жылы 0,073 пайызға дейін төмендеген. Бірінші сынып оқушылары арасында бұл көрсеткіш 2014 жылдан 2024 жылға дейін 0,143 пайыздан 0,064 пайызға дейін азайды.

Бұл ретте зерттеушілер жеті жас әлі де қауіп жоғары кезең болып отырғанын атап өтті. Алайда жас топтары арасындағы айырмашылық азая бастады, сондықтан авторлар "жеті жас қауіпті кезең" деген түсінік қазір бұрынғыдай бірмәнді емес деп санайды.

Қазақстанда бұл әдіс қалай қолданылады?

Жапонияның балаларды жол жүру ережесіне үйрету тәсілі Қазақстанда да қолданыла бастады. 2025 жылдың қыркүйегінде Жетісу облысында оқушыларды жол қауіпсіздігі ережелеріне баулитын жоба басталды.

Жапон әдістемесінің бір қағидаты - баланың жүргізушіге көрінуін қамтамасыз ету. Оқушыларға жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану және жолдан өтерде ниетін білдіру үшін қол көтеру ұсынылады.

Оқытуға балалар ғана емес, педагогтер, ата-аналар мен еріктілер де тартылады. Олар жарық шағылыстырғыштарды тағуға көмектеседі, өткелдерде оқушыларды алып жүреді және профилактикалық іс-шараларға қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың қаңтарында жапондық әдісті Шымкентте де қолдана бастады. Қалалық полиция мен прокуратура оқушыларға сабақ өткізіп, онда шынайы көліктер, манекендер және полиция қызметкерлерінің көмегімен жол-көлік оқиғаларының себептері мен салдары, сондай-ақ балалардың жолда жиі жіберетін қателіктері көрсетілді.

Іс-шараға 600 оқушы қатысты. Қалалық прокуратура басқармасының басшысы Жасұлан Ораздың айтуынша, мұндай формат балаларға жол жүру ережелері мен жолдағы дұрыс мінез-құлық алгоритмін жақсырақ есте сақтауға көмектесуі тиіс.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 15:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары