Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жақыныңызды “жедел жәрдеммен” алып кетті қазақстандықтарға SMS арқылы хабарлана бастайды

Жақыныңызды “жедел жәрдеммен” алып кетті қазақстандықтарға SMS арқылы хабарлана бастайды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында адам өзі хабарласа алмайтын жағдайда жақындарына оның шұғыл ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлайтын сервис іске қосылды. Пайдаланушы алдын ала үш сенімді тұлғаға дейін көрсете алады. Ауруханаға жатқызу тіркелген соң оларға автоматты түрде SMS жіберіледі.

Жаңа сервис қалай жұмыс істейтінін және жақындары нақты қандай мәліметтер алатынын Tengri Health тілшісі анықтады.

Туыстары ауруханаға жатқызу туралы қалай біле алады?

Сервисті пайдалану үшін қолданушы eGov.kz порталында немесе eGov Mobile қосымшасында сенімді контактілерді тіркеуі қажет. Үш адамға дейін көрсетуге болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

eGov.kz порталында сенімді контактіні қалай тіркеуге болады

eGov.kz порталында авторизациядан өту. Одан кейін "Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыс тұлғаларын тіркеу" қызметін таңдау керек. Содан соң сенімді тұлғаның ЖСН-ін көрсету қажет. Ол 18 жастан асқан және мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Бұдан кейін дербес деректерді өңдеуге және денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді беруге келісімді растап, сұранысты жіберу керек.

"Көрсетілген адамға тіркеуді растау немесе одан бас тарту туралы ұсыныспен SMS келеді. Растау үшін 911 кодымен, бас тарту үшін 912 кодымен жауапты SMS жіберу қажет. Шешім қабылдауға бес сағатқа дейін уақыт беріледі", - делінген хабарламада.

Егер адам тіркеуді растаса, пайдаланушы сұранысқа қол қояды. Осыдан кейін сенімді тұлға туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне беріледі.

eGov Mobile қосымшасында контактіні қалай тіркеуге болады

Қосымшаның басты бетінде "Мемлекеттік қызметтер" бөлімін таңдау қажет. Содан кейін "Денсаулық сақтау" бөліміне өтіп, "Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыс тұлғаларын тіркеу" қызметін табу керек. Одан әрі тіркеу процедурасын порталдағыдай ретпен орындау қажет.

Өтінімді Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен өңдеу 10 минутқа дейін уақыт алады.

Ауруханаға жатқызу туралы SMS қашан келеді?

Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының орынбасары Айдар Қасенов хабарлама медицина қызметкері пациенттің ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратты тіркегеннен кейін автоматты түрде жіберілетінін түсіндірді.

Жақын адамға SMS 1414 нөмірінен келеді. Хабарламада адамның ауруханаға жатқызылғаны, сондай-ақ медициналық ұйымның атауы мен мекенжайы көрсетіледі.

Осылайша, туыстарына пациенттің өзі хабарласқанын күтудің қажеті болмайды. Олар оның қай медициналық мекемеге жеткізілгенін біліп, қажет болған жағдайда өзі немесе ауруханамен байланыса алады.

Егер пациент өзін таныстыра алмаса не істеу керек?

Айдар Қасенов адам ауруханаға құжатсыз жеткізілген немесе өзі туралы мәлімет бере алмайтын жағдайларға жеке тоқталды.

"Егер адам есімін айта алмайтын немесе өзі туралы мәлімет бере алмайтын жағдайда болса, дәрігерлер пациенттің кім екенін анықтау үшін полицияны тарта алады", - деді спикер.

Сенімді контактіні тіркегеннен кейін оның өзекті мәртебесін eGov.kz порталындағы "Менің профилім - Жеке кабинет" бөлімінен, ал eGov Mobile қосымшасында - "Хабарламалар - Жеке кабинет тарихы" бөлімінен тексеруге болады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

692 мың теңге айыппұл немесе қамауға алу: жалған медициналық анықтама сатып алудың қаупі қандай?

Инсульт алған пациент “басқа ауданнан“: ДСМ шұғыл көмек көрсету ережелерін түсіндірді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қазақстан

Денсаулық

оқыс оқиға

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see138

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see136

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see136

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see127

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see127

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see126

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see124

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see118

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see117

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see117

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see116

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see116

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see115

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see115

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see115

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see114

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see114

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see112

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see111

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары