Жәрдемақы тағайындау: қазақстандықтарға push хабарламалар келе бастайды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандықтарға олардың қай әл-ауқат санатына жатқызылғаны туралы push-хабарлама жіберіледі. Тиісті деректерді талдау жұмыстары жыл аяғына дейін жалғасады. Бұл туралы Құрылтайда өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұманғариннің сөзінше, отбасыны белгілі бір санатқа жатқызу оның материалдық жағдайына байланысты және ол уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Сондықтан "орташа статистикалық отбасы" қай санатқа жататынын алдын ала айту мүмкін емес.
"Қателік болмауы тиіс. Одан да азаматтарымыздың пайдасына қателескеніміз дұрыс. Бұл жерде қалай да үнемдеу туралы сөз болып отырған жоқ", - деді ол.
Шенеуніктің айтуынша, бағалау үшін 30-ға жуық цифрлық жүйе пайдаланылады. Деректерді апта сайын талдау, ал қорытынды бағаны ай сайын шығару жоспарланып отыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тобы барлық 20 өңірді аралап, халыққа жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндіруі тиіс.
Жәрдемақыларды жаңаша тағайындау2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың жекелеген шаралары отбасының мұқтаждығын ескере отырып тағайындалады. Ол үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен Отбасының цифрлық картасындағы деректер ескеріледі. Жүйе отбасыларды бес санатқа - А-дан Е-ге дейін бөледі.
Отбасының цифрлық картасы Қазақстанда 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқыда жүйе жәрдемақы мен басқа да қолдау шаралары тиесілі болуы мүмкін азаматтарды анықтауға көмектесті және оларды өтініш бермей-ақ рәсімдеуді ұсынды.
2027 жылдан бастап карта негізінде жекелеген төлемдерді тағайындау кезінде отбасының мұқтаждығы анықталады. Мысалы, бала туғанда берілетін және бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған төлем табыс деңгейі жоғары және жеткілікті отбасыларға - А және В санаттарына тағайындалмайды.
Жүйе отбасыларды бес санатқа нақты қалай бөлетіні туралы мына материалдан оқыңыз.
Тағы оқыңыз: “Байлар көмек алмауы керек“: Бектенов әлеуметтік төлемдер туралы пікір білдірді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















