Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Жарылыстан кейінгі жаңғырық

Жарылыстан кейінгі жаңғырық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жандос Айбасовтың алғашқы режиссерлік дебюті  «№37» – тек бір оқиғаны баяндамайды,  адам жанының жұмбақ қойнауы­на жасалған үнсіз саяхат десек те болады. Бұл туынды көрерменді оқиғаға емес, уақыттың өзі кейіп­керге айналған бөлек (бәлкім тылсым) әлемге жетелейді. 

Кино басталған сәттен бір түсініксіз күйге енесің. Өлім мен өмір арасында қалған үнсіздік.  15 жыл бұрынғы жарылыстың дауысы әлдеқашан сөнгенімен, оның жаңғырығы кейіпкерлердің өмірінде әлі де бар екенін бай­қайсыз. 

Иә, он бес жылдан кейін Расул­дың үйге оралуы – бұл тек адамның қайта келуі емес, өт­кеннің қақ жарылып, бүгінге өтуі. Расулдың (Еркебұлан Дайыров) бейнесі – тірі адам кейпіндегі жұмбақ дерсің. Оның үнсіздігі, салмақты кейпі, көзіндегі мұң – 15  жыл бойғы құпияны ішке жиған, яғни ішкі күресін көр­сеткендей. Тіпті, киноны көріп отырып, бұл кейіпкерге кей тұ­сында сеніп, кей тұсында күмән­дана бастайсың. Ол бір кездері бұл отбасының бір мүшесі болған, қазір мүлдем бөтен адам.

Бірі өткенмен өмір сүруді үйренген, екіншісі  шындықты қабылдай алмаған, енді бірі тағдырына ренішті жандар тып-тыныш өз өмірін сүріп жатыр еді.  Сол тыныштық бұзылды...

Отбасындағы «жарылыс»

 «№37» – әзербайжан дра­матургі Исмаил Иманның «Ас­тара бақтары» пьесасы негізінде қойылған, отбасындағы тра­гедия­ны қозғайтын драма.  Балқаш маңындағы шахтада жарылыстан кейін «қаза тапқан» Расул 15  жылдан соң үйіне оралады. Жарылыс кезінде сүйегі табылмаған Расул сол кезде «37-ші нөмірлі» белгімен жерленген, ал шын мәнінде құқық қорғау органдарынан қорқып, үйінен безіп кеткені белгілі болады. Расулдың оралуы  отбасын қайғыға орайды. Бұл кезде жесір қалған Зейнеп әмеңгерлік жолы­мен қайынағасы Әнуарға қосыл­ған. Анасы күйзелістен арбаға таңылған, әкесі мен ағасы тосын құбылысты таңырқай қабыл­дайды. Ал әкеден ерте қалған ержет­кен. Ұлы оң-солын білетін жаста. 

Театр сахнасында үш жыл бойы бірге ойнаған актерлік құрам фильмде де сақталған. Бір ғана айырмашылық бар: сахнада режиссер – Фархад Молдағали болса, экранда – Жандос Айба­сов. «Дирижері бөлек, құрамы бір оркестрдің әуезі көпке қызық болары даусыз». Туындының ерекшелігі – оның театрдан бастау алғанында. Фильмде ар­тық бояу жоқ, айқай-шу, музыка да жоқ. Тек үнсіздік: сіздің, біздің үніміз. 

Кино тілі басқа, театр – басқа

Фильм көрерменді жылатуы  мүмкін, ойландыратыны да сөзсіз, тіпті үнсіз қалуы да бек мүмкін. Сонда бұл не? Олар қандай сезімді бастан кешіреді? Көрерменнің өзі бұған не дейді?

«Театр тілі бөлек, кино – бөлек. Театрдағы нұсқаны киноға көшіріп әкелуге болмайды. Кино – іс-әрекетті талап ететін дүние. Оған мотив керек. Мәселен, «№37» спектакль ретінде ғажап шыққан. Бірақ кинода оны қайталау қаншалықты қажет болғанын түсінбедім. Иә, Фархад Молдағали жақсы режиссер, театрда оны көрсете білді. Жандос Айбасовтың бірінші дебюті, қанша сын көзбен қарамайық десек те, киноның мотивін ұға қоймаған секілді. Біз бір нәрсені түсінуіміз керек, көрерменді театрдағы көріністер­мен алдай алмаймыз. Кино күр­делілікті талап етпейді, неғұрлым қарапайым дүние болса,  соғұр­лым көрерменге түсінікті болады. 

Бір ғана мысал келтірейін: Расулдың әкесі баласын еске алатын жиынға барады. Бір минуттық үнсіздік жарияланады. Сол сәтте Бақытжан Әлпейісовтің  кейіпкері құлағына сыбырлап: «Мен ұлыңды көрдім... Түсімде» дейді.  Минуттық үнсіздікті сақ­тап, отырып айтса да жарасады. Мұндай эпизод театрда өтуі мүм­кін, кинода білініп қалады. Сосын Зейнеп образы. Он бес жылдан кейін әйел қартаймай ма? Мұнда жап-жас, ары кетсе, 30-ға келген әйелдің бейнесі бар. Соған қарағанда, 15 жасында тұрмысқа шыққан ба деген ой туады. Сол үшін бұл кейіпкерге басқа актрисаны бекіту керек еді», – дейді Абзал Есен. 

Тағы бір көрермен: «№37» фи­льміне бардым. Басынан соңы­на дейін тоқтамай жыла­дым... Неге екенін түсіндім. Өйт­кені менің де жүрегімде жазыл­маған жара бар» десе, енді бірі: «Ешқашан анадай баласын күтетін пенде жоқ. Жанның тыныштығы адам өміріндегі ең маңызды дүние. Зейнептің сүймесе де, 15 жыл ғұмырын сол үйде өткізуі, бәлкім кетсе, дәл осылай қан жұтпайтын еді. Махаббатсыз жанұя қаншама пенде болса да берекесі кетеді» дейді. 

Енді бірі: «Бұл фильмнің ре­жиссурасы да, сценарий құры­лымы да түпнұсқа пьеса мен спектакльден мүлдем бөлек. Актерлер мен оқиға желісі ұқсас бол­ғанымен, режиссердің қол­таң­басы фильмді мүлде басқа қыры­нан көрсеткен» дейді. 

«№37» – театр мен киноның бір-бірімен қабысып, жалғасын табуы. Бұл фильм сахна мен киноның қаншалықты бір үрдістен шығатынын, драманың экранға шыққанда сапа жағынан қалай өзгеретінін көрсететін дә­лел болмақ.

«Музыканы өте  көп қолданған»

Киносыншы Баубек Нөгер­бек­тің айтуынша, бұл – театр қойылымының кино нұсқасы. 

«Бұл фильм әзербайжанның  атақты драматургі Исмаил Иман­ның «Астара бақтары» деген пьесасының желісі бойынша эфирге шығып отыр.   Спектаклі де қойылды. Театрда табысты жүрді. Енді пьесаның кино нұсқасы жарыққа шығып отыр. 

 Оқиға тым әріде, яғни  15 жыл бұрын  террористік акт болып, метро жарылады. Сол оқиғадан кейін  15 жылдай жоқ болып кеткен, «өлді» деп санал­ған кісі үйіне оралады. Киноның тартысты тұсы осы жерден бастап өрбиді. Ал соңын көрерменнің назарына ашық финал сияқты қалдырады.

Көрермен шын оқиға ма, әлде елес пе дегенді өзі шешуі керек. Бір қарасаңыз, елес секілді, ал бір қарасаңыз – жанды бейне. Кей көрерменге түсініксіз болып жат­қаны – соңғы сахна. Бұл кейіпкер елес пе, әлде шынымен жоғалып табылған адам ба? Негізінде, бұл жерде көбірек мистикаға қадам басқан секілді. Мистикалық тұрғыдан интерпретация жасады деп ойлаймын. Оны біз неден байқаймыз?  Егер фильмді мұ­қият қарасаңыз, бірден байқай­сыз.  Әсіресе, Расул бар сахна­ларға үңіліп көріңізші:  екі адам­ның диалогы өрбіп жатыр,  ол сюжеттен Расулды алып таста­саңыз да ештеңе өзгермейді. 

Екінші бір элемент, ол – портфель. «Портфель жоғалды» дейді. Ол  бірақ бөлмеден табылады. Соңғы эпизодтарда Расулдың рухы туған-туыстарына келген сияқты әсер қалдырады. Жалпы, фильмнің атауына келсек, пьеса атауы «Астара бақтары» деп аталады. «Астара» деген –  Бакуден 4-5 сағаттық жер. Бұл фильмде Балқаш атауы жиі аталады. Балқаш дегенге көп акцент беріліп кеткен сияқты. Мысалы, Әділхан Ержановтың фильмдерінде «Қара тас» деп алады. Оның өзі ойлап тапқан әлемі. Тура сол секілді мына фильмде де бір нейтральды атау алынуы керек еді. Фильм туралы жазбаларда – белгісіз уақыт және белгісіз жерде деп жазылады. Яғни, белгісіз жер болса, онда неге Балқаш атауын таңдап алды екен деп ойлайсың. Осы тұсы түсініксіз болып қалды.

Әрине, бұл фильм таза актерлік фильм десек болады. Актерлердің ойынына, солардың эмоциясына құралған. Режис­сердің басты жұмысы, ерекшелігі де сол: актерлермен жұмыс істеген. Бастан-аяқ Еркебұлан Дайыров пен Асан Мәжит екеуі­нің арасындағы іс-әрекет, диалог тұрғысында өрбиді. Жандос Айбасов үшін бұл – дебют. Оның өзі актер, актерліктен режис­сураға келіп жатыр. Бұл үрдіс жал­пы әлемдік тәжірибеде кеңі­нен таралған десек болады. Ак­тер­лердің арасында кейін режис­серлікке қадам басқандар туралы мысал өте көп. Егер өзіміздің қазақ киносының мысалында айтсақ, жарқын көрінісі  – Шәкен Айманов. Ол кісі о баста мансабын актерліктен бастаған. Кейін театр режиссері болды, сосын киноға бет бұрды. Бұл жақ­сы табиғи құбылыс деп санаймыз. 

Музыканы тым көп қолдану да көрерменді мезі ететін секілді. Фильмде өте көп қолданған. Бұл жақсы әдіс емес, мөлшерлеп берілгені  дұрыс. Тұзды кішкене мөлшерлеп қосса, тамағыңыз дәмді шығады. Осындай аз-маз кемшіліктеріне қарамастан, ки­ноға жалпы жоғары баға беремін» дейді. 

Расында, киносыншы айт­қандай, актерлік құрам өте сәтті таңдап алынған, ешқандай бло­гер, әнші, тиктокерді байқа­май­сыз. Кәсіби актерлердің кәсіби шеберлігі арқасында дүниеге келген туынды. 

P.S. 

Әркімнің өз шындығы болады. Режиссердің айтқысы келген ойы сол секілді. Мәселе, сол шындық­ты адамдардың қалай қабыл­дауында. Теарт мен киноның ауди­ториясы бөлек екені даусыз: бұл жолы режиссер сахнадағы өмірден кинодағы өмірді өзгерте алды... 

Фильмнің соңы түсініксіз бітетіні секілді, біз де енді тек ішкі үнімізге ғана үңілеміз...

Гүлзина БЕКТАС

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 07:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see164

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see155

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see149

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see147

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see146

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see145

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see143

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see141

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see139

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see138

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see137

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see134

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see127

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see119

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see118

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see116

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see115

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see114

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see112

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары