Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Драматургиядағы дара даңғыл

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Жарық жағамын деп жарық дүниемен қоштасты

Жарық жағамын деп жарық дүниемен қоштасты

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгін ел басылымы «Егемен Қазақстан» газетіне «Жарығы жиі сөнетін Жезді» атты мақалам жарыққа шықты. Онда Ұлытау облысына қарайтын Жезді кентінде тұратын жергілікті тұрғындар жарықтың жиі сөнуі, бірнеше сағатқа дейін электрдің болмауынан ұзақ жыл бейнет шегіп келе жатқанын айтып, мәселе көтерген едік.

Осыған жауапты Ұлытау аудандық коммуналдық-ша­руа­шылық кәсіпорны тек қағаз жүзінде иесі болып тіркелгенмен, банкроттық мекеме деп танылған. Жезді кентінде электр желілері кеңес кезеңінде салынған, барлығы ескі, сымдары тозған. Тозығы жеткен трансформаторлар жиі істен шығып, халықтың тұрмыс­тық техникалары күйіп кетіп жатады. Оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ. 

Жезді кентінің әкімі Мұратбек Жұмабек әкім болып сайланған 2021 жылдан бері осы мәселені жауапты мекемеге барып, айтып, БАҚ-та көтеріп келеді. Бұл шетін мәселені шешіп беретін Ұлытау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы шабан қимылдайды. Жылдың басында осы басқарманың басшысы Алмас Жандарбеков­тен «Электр жарығы мәселесі қашан шешіледі?» деп сұрағанда «Жезқазған энергия тарату компаниясын (ЖРЭК) сотқа беріп жатырмыз» деп қысқа жауап берген. Содан бері бес ай өтті. Электр мәселесі еленбей, сол күйі қалды.

Соңы қайғылы жағдайға әкелді. Жезді кентінің электригі Гүлімбетов Қуаныш 2026 жылдың 24 сәуір күні Жезді кентінде жаңадан ашылған дене шынықтыру – сауықтыру кешені ауласында жарықтандыру желісін жөндеу кезінде биіктен құлап, қайтыс болды. Қ.Гүлімбетов «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында электрик болып 2001 жылдан бері жұмыс істеген. Кент тұрғындарының айтуынша, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, сыйлы азамат.

Жезді кентінің әкімі Мұратбек Досымбекұлынан қайғылы оқиғаның мән-жайын сұрағанда:

«1975 жылы туған Қуаныш Гүлімбетов кенттің электригі болып тіркелсе де айлығы уақытылы төленбей, кент әкімдігінен алатын «күзетші» айлығы да аударылмай, ақшаға әбден тарыққан. Түрлі жұмыстар істеп, алған азын-аулақ нәпақасы ешқайда жетпеді. Содан, бар үміті Жезді кентінде жаңадан ашылған дене шынықтыру – сауықтыру кешеніне тұрақты жұмысқа тұру еді. Сол күні аталған мекеменің басшысы Н.Бірімжановқа жолығып, қажетті құжаттар жиынтығының тізімін алып, кетерінде алғашқы қол ұшымды тигізейін деп, тал бұтағы тиіп тұрған жарықтандыру желісін дұрыстамақ ойымен, талға шыққан. Сол мезетте жанындағы болған адамдар оған «шықпай-ақ қой, арқанмен тартып түзеуге болады» деген. Жұмыс десе жанып тұратын Гүлімбетов Қуаныш бұл жұмысты оңай көріп, жылдам жасауға тырысқан. Өкінішке қарай, тағдырдың жазмышы солай болды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр», деп жауап берді.

Қайтыс болған азамат күзетшінің жалақысына электрик болып жұмыс істеп жүрген екі азаматтың бірі еді. Ұлытау аудандық коммуналдық-ша­руа­шылық кәсіпорнынан қайран болмаған соң  шарасыз кент әкімі осындай қадамға барған. Кү­зетшінің бар болғаны 85 мың тең­гесі қай жыртығын жамасын. Қосымша нәпақа табамын деп талқаны таусылды.

Бұл қайғылы жағдай біздің қоғамда кей мекемелердің өзінде жұмыс істейтін адамның өміріне немқұрайды қарайтынын көрсетеді. Еңбек еткен жұмыс орны уақытылы еңбек ақысын төлеп келсе, жұмыс істеу кестесін, қауіпсіздік техникасын сақтаса, әлеуметтік қолдау жасап отырса, осындай орны толмас оқиғаға апармас еді. Кейбір жұмыс берушілер жұмысшыға жағдай жасай алмай отырып, оң нәтиже талап ететіні жасырын емес.

Қысқасы Ұлытау облысына қарайтын Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Қаражал қаласының электр жүйесін ұстап тұратын жауапты мекеме керек.

Былтыр 28 қарашада Астана­да ауылдық округ­тер әкімдерінің форумы өтті. Онда Мемлекет басшысы­ Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттерді айқындап, баяндама жасады. Осы ашық формадағы диалог-платформада Жезді кентінің әкімі Мұратбек Жұмабек кенттегі электр желілерін жөн­деу, жарықтандыру мәселесі қиын жағдайда екенін жеткізді. Осы салаға қатысты министрліктегі мамандар сырғытпа жауап, уәде беріп, шығарып салды. Одан кейін бірталай уақыт өтті. Әзірге Жездідегі жарық мәселесін жарылқап жатқан ешкім жоқ. Жездідегі қосалқы стан­саға жөндеу жұмысы жүр­гізілген жоқ, трансформаторлар сынған, апатты жағдайда тұр.

Соңы электрик болып істейтін адам өлімімен бітті. Осыдан артық жаға ұстатар сұмдық жағдай бар ма?  

Енді кентте жарықтандыру мәселесін шешуде Энергетика министрлігінің және энергия саласына жауапты құзырлы орындардан жауап күтеміз.

Ұлытау облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see138

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see132

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see131

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see130

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see130

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see128

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see128

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see126

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see125

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see125

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see122

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see122

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see120

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see119

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see117

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see116

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see116

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see114

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see111

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

16 Қазан 2026 21:39see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары