Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Жасанды интеллект ақылдының қолында парасат құралы, ақымақтың қолында апатқа сүйреуші

Жасанды интеллект ақылдының қолында парасат құралы, ақымақтың қолында апатқа сүйреуші

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

BGR материалына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz үй тапсырмасы мен кәсіби міндеттерді чат-боттарға сеніп табыстау адамды кеще жасауы мүмкін екенін түсіндіреді.

ЖИ-ді жиі пайдаланатын студенттерде психологиялық қиындықтар байқала бастаған. Фото gigazine.net сайтынан алынды

Кейбір адамдар өзінің түйсігіне сүйеніп ЖИ құралдарын пайдаланбауды жөн көрсе, басқалары ChatGPT-дің тиімділігін жоғары бағалайды. Бірақ жиі қойылатын сұрақтар көбейе бастады. Соның бірі: ChatGPT бізді «ақымақ» етіп жатқан жоқ па?

Бұл бағыттағы зерттеулер саны көбейді. Олардың көпшілігі бір тұжырымға келе бастады: «ЖИ адамның миына кері әсер етеді».

Жасанды интеллект бізді тек «ақылсыздандырып» қана қоймайды. Ол біздің миымыздың жұмысын өзгерте алады. Бұл адамның үйрену қабілетіне, мәселені өз бетінше шешуге және дербес ойлау дағдыларына теріс әсер етеді. Зерттеулер мұның тек жеке адамға емес, жалпы адамзатқа қатысты қаупі өскенін көрсетуде.

ЖИ-ді жиі пайдаланатын студенттерде психологиялық қиындықтар байқала бастаған. Оларда өзіне деген сенім төмендеген, мәселені шешуде тәуелділік, өз құндылығын сезіну әлсіреген. Зерттеулер ЖИ адамның тілін де өзгертіп жатқанын көрсеткен. ChatGPT жиі қолданатын сөздер мен сөйлем үлгілері енді адамдардың ауызекі тілінде жиі қолданыла бастады. Машина адамға үйрете бастады.

Эссе жазу тәжірибесінде жүргізілген қызықты зерттеулерде мынадай қорытынды жасалған. Өз ойына сүйенген топтың ми белсенділігі жоғары, ал үлкен тілдік модельдерге (LLM) сүйенгендерде ми белсенділігі мен когнитивтік қабілет төмен болған.

2025 жылы жарияланған «Сіздің миыңыз ChatGPT-де: эссе жазу кезінде ЖИ-ға сүйенудің когнитивтік кемшілігі» атты зерттеу ChatGPT-ді эссе жазуда қолданудың ми белсенділігіне қалай әсер ететінін тексерген. Қатысушылар үш топқа бөлінген: 1. тек өз миына сенгендер; 2. іздеу жүйелерін пайдаланғандар; 3. LLM (ChatGPT) пайдаланғандар.

Ми белсенділігі ЭЭГ арқылы өлшенген. Нәтиже үш жазу сессиясы бойынша тұрақты болған. Тек өзінің миын қолданғандарда мидың белсенділігі ең жоғары болған. Іздеу жүйесін қолданғандардың ми белсенділігі орташа болса, ChatGPT пайдаланғандардың миының белсенділігі ең төмен екені анықталған.

Төртінші сессияда топтар тапсырмаларын ауыстырған. Өзінің миын ғана қолданған топтың Brain + LLM жағдайында өткен сынақта есте сақтау және ми белсенділігі жақсарған. ChatGPT пайдаланған топтың LLM → Brain сынағында ми белсенділігі өзгермей төмен болып қалған.

Сынақ нәтижелері бойынша тағы бір дабыл қағатын тұжырым жасалған. LLM пайдаланғандар өз жұмысына авторлық, иелік сезімін жоғалтқан, дұрыс дәйексөз жасай алмаған, тілдік және мінездік дағдылары бойынша да төмен нәтиже көрсеткен.

22 миллионнан астам сөзді талдаған зерттеу қолданушылардың сөйлеуінде ChatGPT-дің тілдік таңдау үлгілері байқала бастағанын көрсеткен. Мәселен, орыс тіліндегі «тщательный» («мұқият»), «стратегически» («стратегиялық»), «превосходный» («үздік») сияқты сөздер жиілене түскен. Бұл – адам тілінің бірегейлігі жоғалуы мүмкін деген алаңдаушылық тудырады.

Оқушыларға мен ересектерге ChatGPT неліктен қауіпті? Балаларда және студенттерде ChatGPT критикалық ойлауды әлсіретіп, жаңа нейрондық байланыстардың қалыптасуын тежейді екен. Сонымен бірге олардың өзіне деген сенімі, өз күшіне сену қабілеті төмендейді. Мидың дамуы үшін қателесу, өзін-өзі түзету, тәжірибе жинау, қайта үйрену өте маңызды. Егер ойлауды толық ЖИ-ге беріп қойсақ, онда мидың дамуы баяулайды.

Бұдан шығатын қорытынды біреу – ChatGPT пайдалы құрал ғана. Ол адамның өз бетінше ойлауын, сыни ойлауын алмастырмауы тиіс. Егер адам мәселені шешуді, талдауды және қателесіп түзелуді ЖИ-ға тапсырса, онда ол миының өзіндік қабілеттерін әлсіретеді, адами қасиетінен айырылады. Сондықтан ЖИ – ақылды адамның қолында ақылды құрал, ақымақтың қолында – апатқа сүйреуші екенін естен шығармайық.

Алайда ЖИ-ді бейғам және ретсіз қолдану қауіптері де байқалуда. Иллюстрация linkedin.com әлеуметтік желісінен алынды. Авторлығы: Rufus Lidman

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған жасанды интеллекті дамыту тапсырмаларында теңгерімді даму мен жауапты қолдану мәселесі де бар. 

Биылғы Жолдауында Президент жасанды интеллекті дамыту туралы маңызды тапсырмалар берді. Олардың ішінде ЖИ-ді ұлттық экономиканы әртараптандырудың, цифрлық мемлекеттік басқаруды жетілдірудің, білім мен ғылымды жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде қарастыру бар. Мемлекет басшысы Қазақ елі технологиялық серпіліс жасауы үшін ЖИ мамандарын даярлау, отандық модельдер мен деректер орталықтарын құру, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында ЖИ шешімдерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Алайда ЖИ-ді бейғам және ретсіз қолдану қауіптері де бүгінде байқалуда. ChatGPT-ге шамадан тыс сүйену ми белсенділігін төмендетуі, сыни ойлауды әлсіретуі, тілдік бірегейлікті жұтаңдатуы мүмкін. Бұл Қазақстан үшін де өзекті, себебі елде ЖИ құралдары білім беру процесіне белсенді еніп келеді.

Сондықтан Президенттің ойы – ЖИ-ді енгізуді науқанға айналдырмай, оны сауатты басқару құралы түрінде қолдану екені заң шығарушылар мен Үкіметке түсінікті деп ойлаймыз.

Біздің ойымызша, ЖИ – адамды алмастырмауы тиіс. Ол адамның интеллектуалдық әлеуетін кеңейтетін және күшейтетін құрал ғана болуы керек. Интеллектуалды ұлт та осындай парадигманың негізінде жасалатыны – өмір шындығына айналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 12:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары