Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Жасанды интеллект игілігін қашан көреміз?

Жасанды интеллект игілігін қашан көреміз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жасанды интеллектіге негізделген стартаптар бүгінде әлем бойынша технологиялық бәсекенің басты өзегіне айналды. Елімізде де күн сайын түрлі жобалар таныстырылады. Жалпы, жыл сайын мыңдаған жаңа жоба іске қосылады, бірақ халықаралық статистика көрсеткендей, олардың небәрі 10-15 пайызы ғана нақты нәтижеге жетеді.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Қалғаны идея деңгейінде қа­лып қояды немесе нарыққа бейім­делмейді. Бұл жағдай тек дамушы елдерге тән емес, Кремний алқабының өзінде стартаптардың 80 пайыздан астамы алғашқы үш жылда жабылады. Сала маман­дарының сөзінше, жасанды интеллект секілді күрделі сала нәтиже беру үшін жүйелік алғышарттар әлдеқайда маңызды.

Кейінгі жылдары елімізде жасанды интеллектіге бағытталған стартаптар саны айтарлықтай артты. Университеттер, бизнес қауымдастықтар мен техноло­гия­лық хабтар жаңа жобаларды шы­ғарып жатыр. Мәселен, елі­мізде «Astana hub» орталығы мен «Ai sana» жобасы жаппай стар­тап жасап, оларға қолдау көрсе­туге бағытталған. Онда жаңа жо­баларға қаржыландыру, мен­тор­лық қолдау, инвесторлар­мен байланыс жүйелі түрде ұсыны­лады. Бұл – жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді ұлттық стратегия. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, стартаптардың бәрі бірдей нарыққа ене бермейді. Алайда кең ауқымды кадр базасы мен инфрақұрылымның болуы экономиканың әр саласын өзгерте алатын серпінді жобалардың пайда болуына негіз қалайды.

– Қазір әлемде жасанды интеллект бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Бұл үде­рістен қалып қоймау мақсатында біздің ең бірінші міндетіміз база­лық ЖИ бағытында сауаты бар мамандарды даярлау. Сондықтан жұмысты білімнен бастадық. 7 айдың ішінде еліміздегі 650 мың бакалавр­дың 560 мыңы, яғни 85 па­йызы, жасан­ды интеллект бо­йынша дайындықтан өтті. Жыл соңына дейін барлығын қамтимыз. Екінші қадам – тереңдетілген дайындық. Біз 100 мың студентті арнайы іріктеп, стартап құру, ЖИ технологияларын қолдану, олардың мүмкіндігі мен шектеулерін түсіну бағытында оқытамыз. Үшінші кезеңде ең ынталы, ең мықты командаларды сүзгіден өткіземіз. Оларды инвесторлармен байланыстырамыз. Жыл сайын кем дегенде 1 000-1 500 команда нарыққа шығуға дайын деңгейге жетеді. Біз саннан қашпаймыз, өйткені дәл қазір стартаптар дәуірі. Әрине, олардың бәрі бірдей нарыққа енеді деп айта алмаймыз. Бұл табиғи құбылыс. Ең бастысы, базаның, инфрақұрылымның, кадрдың, экожүйенің болуы. Сол мыңдаған жобаның арасынан ертең бүкіл саланы өзгерте алатын, жаңа нарық қалыптастыратын шешімдер шығуы мүмкін. Мұндай серпіліске біраз уақыт керек. Әлемдік тәжірибе де осыны көрсетіп отыр. «Meta» компания­сы жақында «Scale AI» стартабын 14 миллиард долларға сатып алды. Венчурлық капитал да жасанды интеллектіге бағытталған. Сондықтан жобалар нарыққа ене ме, енбей ме – бұл екінші мәселе. Бастысы, мүмкіндігімізді барынша пайдаланамыз. Білім бар, маман бар, инфрақұрылым қалыптасып келе жатыр, – дейді министр.

Жасанды интеллектіні жаппай енгізуге ден қойылғандықтан, оның ең алдымен қай салаға бағытталуы керек деген сұрақ та өзекті бола түсті. Сарапшылардың пікірінше, жауапкершілігі ең жоғары бағыттар – әлеуметтік сала, яғни білім, ғылым, медицина. Себебі бұл салаларда шешім тек технологиялық тиімділікке емес, адамның тағдырына, өмір сапасына, қоғамдық сенімге тікелей әсер етеді. Білім саласының сарапшысы Нұрлан Қиясовтың айтуынша, ЖИ-ді енгізу қарқыны ғана емес, оның этикалық, құқықтық және кәсіби жағынан дұрыс реттелуі де аса маңызды.

– Білім саласында мұғалімнің, мектеп жүйесінің жұмыс жүктеме­сін азайтуға көмектесетін стартап жобалар өте көп. Бірақ оның игілігін тек жүйе дайын болғанда көре аламыз. Еліміздің мектептері түрлі жобаларды өзіне бейімдеп, қолдануға дайын емес. Мұғалімнің біліктілігі жетіспейді, мектеп инфрақұрылымы сай емес, интернет әлсіз, деректер орталығы жоқ. Мұндай жүйеде жасанды интеллект білім саласына ене алмайды. Қазір әлемдегі білім саласының ең үлкен тежегіші – деректің аздығы. Кітапханалар цифрлық форматта, бірақ әр баланың қандай кітап оқитыны туралы мәлімет жоқ. Ал ЖИ онсыз жұмыс істей алмайды. Сондықтан алдымен елдер білім жүйесін дұрыс цифрландыруы керек. Журнал мен электрондық күнделік жеткіліксіз. Баланың оқу жылдамдығы, қателесу үлгісі, назар ұзақтығы, үйрену стилі сияқты талдамалы деректер керек. Сол кезде ғана стартаптар пайдалы құралға айналады. Айта кетейік, бүгінгі көп ЖИ жобалар – әлі сынақ нұсқа. Балаға кеңес береді, алайда мұғалімнің орнын баспайды. Бірақ компаниялар тынымсыз ізденіс үстінде. Ертең-ақ әр оқушыға жеке тьютор шығуы мүмкін. Яғни мұның бәрі қиял-ғажайып дүние емес, кәдімгі инженерлік жұмыс. Тағы этика мәселесі бар. Дерек кімге тиесілі, баланың жеке ақпараты қалай қорғалады, тең мүмкіндік сақтала ма? Осы сұрақтар шешілмейінше, ешбір мемлекет ЖИ-ді толық енгізбейді. Сол себепті стартаптардың мектепке кіру уақыты технологияға емес, инфрақұрылым, заң, мұғалім дайындығы мен қоғам сеніміне байланысты, – дейді ол.

Медицина –  ең жауапкершілікті талап ететін сала. Соған қарамас­тан, кейінгі жылдары дәл осы ба­ғытта жасанды интеллектіге негіз­делген стартаптар көбейіп келеді. Диагностикадан бастап науқас­ты бақылау, деректерді талдау мен емдеу тактикасын таңдауға дейін жаңа шешімдер ұсынылып жатыр. Нейрохирург Шенол Жа­дик­тің сөзінше, әр жоба әбден тексе­рі­ліп барып қана енгізілуі қажет.

– Медицина – өте күрделі сала. Мұнда жаңа технологияны бірден енгізе салуға болмайды. Әуелі зерттеу жүргізіледі, қауіп-қатері бағаланады, сынақтан өтеді, лицензия алынады. Инженер де, дәрігер де оны қолдануға дайын болуы керек. Сол үдерістің бәрі уақыт алады. Қазірдің өзінде ЖИ мүлде қолданылмайды деу дұрыс емес. Радиологияда, гистологияда, деректерді талдауда көмек береді. Мысалы, МРТ немесе рентгенді тез оқып, дәрігерге қосымша ақпарат ұсынады. Бірақ диагнозды жасанды интеллект емес, дәрігер қояды. Бұл – қауіпсіздік үшін маңызды. Ал ЖИ толыққанды операция жасайтын деңгейге қашан жететінін нақты айту қиын. Технология өте жылдам дамып жатыр. Дегенмен күрделі хирургияда роботтың адамды толық алмастыруы үшін әлі 30-40 жыл қажет. Себебі әр науқастың анатомиясы, жағдайы әртүрлі. Шешім қабылдау тәжіри­бе мен клиникалық ойды талап етеді, – дейді дәрігер.

Сарапшылар айтқандай, қа­нат­қақты жоба ретінде енгізіліп жатқан стартаптар баршылық. Мыса­лы, солардың бірі «BilimClass» цифрлы платформасы. Кейінгі екі жылда еліміздің мектептері отандық цифрлық білім беру жобасын кеңінен қолдана бастады. Платформа үлгілік оқу бағдар­ламасына толық сәйкестендірілген. Бүгінде «Bilimclass»-та еліміз­дің үздік педагогтері әзірлеген
24 000-нан астам интерактивті са­бақ бар. Олар 42 пәнді, 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі барлық дең­гейді қамтиды. Материал­дар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Сонымен қатар платформада 500 мыңнан астам тапсырма, бағалау құралы мен оқу-әдістемелік кон­тент жинақталған. Жоба тек оқу материалын ұсынумен шектел­мейді. Ол мектеп басқару жүйесін де цифрлық форматқа көшіреді. Мектеп әкімшілігіне мұғалімдер мен қызметкерлерді басқару, сабақ кестесін құру, күнтізбелік-тақырыпты жоспарлау, оқу сапасына мониторинг жүргізу, статистика талдау және аудандық, облыстық, ұлттық рейтингтерді ба­қылау мүмкіндігі бар. Плат­фор­ма мұғалімдер мен сынып жетек­­шілерінің жұмысын да жеңіл­­де­теді. Электрондық жур­нал, ин­те­рак­тивті сабақ құрас­тыра­тын конс­­труктор, БЖБ мен ТЖБ жа­сау құ­ралдары, бейнеконферен­ция ар­қылы сабақ өткізу, факуль­та­тив­терді ұйымдастыру, үй тапсыр­масын беру, топтық, жеке чат­­тар, ара­­лас және қашықтан оқыту фор­­­малары бәрі бір жүйеде ұсынылған.

Ал медицина саласында «Askell» электрондық терапевті сынақ­тан өтіп жатыр. Бұл – жасанды интеллектіге негізделген көмекші. Ол науқастың шағымын тыңдап, оны саралап, ұсыныс айтады. Қазір «Askell» еліміздің 30 емханасында қанатқақты режім­де жұмыс істеп тұр. Жобаны «Қазақ­телеком» мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп іске асырып отыр. Егер сынақ нәтижесі жақсы болса, жүйе барлық медициналық ұйымға енгізілуі мүмкін. «Askell» жобасы аясында «Samsung» аппараты негізінде арнайы құрылғы да әзірленген. Құрылғы қауіпсіздік үшін бейнежазба жүргізеді, талдау жасайды. Бұл медицина қыз­мет­керлері немесе науқас тарапынан жасалған дөрекі іс-әркетті болдырмауға бағытталған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see166

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see158

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see151

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see150

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see147

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see145

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see143

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see141

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see140

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see139

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see136

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see121

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see118

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see117

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see117

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see115

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see112

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары