Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Жер дүмпуінің жұмбағын шешуге ұмтылған жас

Жер дүмпуінің жұмбағын шешуге ұмтылған жас

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ал небәрі 11-сынып оқушысы, алматылық Әлихан Ғатаулин бұл мәселені жасанды интеллект көмегімен шешуге талпынып жүр. Бір қызығы, Әлиханға Сейсмологиялық байқау мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығынан арнайы жұмыс орны бөлінген. Ол Галина Хачикянның кабинетінде зерттеумен айналысады. Қазір Әлихан – команда құрамындағы ең жас зерттеуші.

Мектеп оқушысының зерт­теуі спутниктік дерек­тер мен геомаг­ниттік өзгерістерді талдау арқылы зілзаланы шамамен бір тәулік бұ­рын болжауға бағыт­тал­ған. Кейіпкеріміздің айтуынша, оның дәл осы бағытқа ден қоюына 2024 жылы Алматыдағы жер сілкінісі негіз болған.

– Ең алдымен мені сол сәттегі дәрменсіздік сезімі қатты тол­ғандырды. Балалардың жанұшыра айқайлағаны, дабылдың үні әлі күнге дейін құлағымда. Сол кезде біз сейсмикалық қауіпті аймақта өмір сүрсек те, апаттың алдын алу­ға емес, оның салдарымен күресуге ғана дайын екенімізді түсін­дім. Содан кейін өзіме «Қа­зіргі ғылымның қолында осын­шама мүмкіндік, осыншама дерек бола тұра, жер сілкінісінің жақын­дағанын білдіретін белгілерді неліктен анықтай алмаймыз?» де­ген сауал қойдым. Дәл осы сұ­раққа жауап іздеу арқылы ғылым жолына түстім, – деді ол.

Ғылымның мәні – шындыққа сүйену

Әлиханның зерттеу бағыты көпшілікке тосын көрінуі мүм­кін. Өйткені ол Күндегі жар­қыл­дар мен жер сілкінісінің өзара байла­нысын зерттейді. Бұл тео­рия ғы­лыми ортада әлі толық мойын­дал­ған жоқ. Сондықтан зерттеушінің өзінен оның алға­шын­да ғылыми қауымдастық тарапынан қалай қабылданғанын сұрап көрдік. 

– Ғалымдардың бұл мәселеге көзқарасы әртүрлі. Бұл – ғылым үшін қалыпты жағдай. Кейбір зерттеушілер қазіргі деректерді талдаудың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл бағыттың бола­шағы бар деп есептейді. Ал енді кейбірі Күндегі үдерістер мен Жердің тектоникалық қозға­лыстарының арасында тікелей байланыс барын дәлелдеу өте қиын екенін айтып, күмәнмен қарайды. Сол үшін мен қандай да бір теорияны қалайда дәлелдеуге тырыспаймын. Мен үшін ең маңыздысы – нақты дерек. Қазір басты мақсатым – жеткілікті көлемде сенімді статистикалық мәлімет жинап, оны жан-жақты талдау. Егер зерттеу белгілі бір заңдылықтың бар екенін көрсет­се, оны ғылыми дерек­термен дәлелдеуге болады. Ал егер ондай байланыс анықталмаса, оны да дәлелді түрде жоққа шығаруға мүмкіндік бар. Ғылымның мәні де сол – шындыққа сүйену, – деді Әлихан.

Қазір ғылыми топ Күн бел­сен­ділігін зерттеумен шұғыл­данады. Әлиханның сөзінше, команда құрамында Қазақстан, Италия және Германиядан келген тәжі­рибелі мамандар жұмыс істейді. Жас зерттеуші кейінгі уақытта өзін таңғалдырған ма­ңызды нәти­желердің бірі ретінде ірі жер сіл­кінісінің алдында байқалатын әлсіз микротербе­лістердің анық­талғанын жеткізді. Түптеп кел­генде мұндай өзгеріс­терді қарапа­й­ым тәсілмен байқау қиын. Сол себепті зерттеушілер машиналық оқыту алгоритм­дерінің көмегімен ауқымды де­ректерді саралап, бұрын назардан тыс қалған заң­дылықтарды іздеп жатыр.

– Біздің мақсатымыз – жер сілкінісінің алдында байқалуы мүмкін сейсмикалық белгілерді анықтап, оларды талдау. Тағы бір маңызды жайт, қазір «жасанды интеллект» ұғымы өте кең мағы­нада қолданылып жүр. Мен бұл жерде GPT немесе Gemini секілді тілдік модельдерді емес, ма­шиналық оқыту технологияларын айтып отырмын. Біз алгоритм­дерді тектоникалық үдерістердің алдында пайда болатын маңызды аномалияларды тануға үйретеміз. Машиналық оқыту  зерттеу­шілердің мүмкіндігін бірнеше есе арттыратын қуатты құрал деп ойлаймын. Оның көмегімен бұрын деректердегі жай ғана «шу» болып көрінген ақпараттың арасынан белгілі бір заңды­лық­тарды байқауға болады, – деді зерттеуші.

Мектеп пен ғылым арасындағы тепе-теңдік

Әлиханның күн тәртібі қа­тарластарынан өзгеше. Ол апта­ның белгілі бір күндері Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен техно­логиялар орталығында бол­са, кейде обсерваторияда жұ­мыс істейді. Бұдан бөлек, халықаралық зерттеу тобының жұмысын үйлес­тіріп, қосымша сабақтарға уақыт бөлуге тыры­сады. Мектеп бағ­дарламасының мұндай ауқымды ғылыми ортада жұмыс істеуге жеткіліксіз екенін түсінетін Әли­хан білімін өз бетінше толық­тырып келеді. Ғылымға құштар жас күн сайын бірнеше сағатын қосымша дайындыққа арнайды.

– Бұл ретте менің жолым болды деп айта аламын. Өйткені мен жұмыс істейтін компания әлемдегі үздік ғарыш компания­ларының үштігіне кіреді. Сон­дықтан мұндағы талап та, жауап­кершілік те жоғары. Компаниямыз халықаралық деңгейде болған­дықтан, әріптестеріміз әлемнің әр түкпірінде жұмыс істейді. Мы­салы, менің бағытымдағы маман­дардың бірі қазір Берлинде, енді бірі Италияда. Әріптестерімнің жұмыс кестесі өте тығыз. Бірі док­торантураны аяқтап жатыр, енді бірі ауқымды ғылыми зерттеу­лер­мен айналысады. Соған қарамас­тан аптасына бірнеше рет кез­десіп, алдағы жоспарларымызды бірге талқылауға уақыт табамыз. Осы тұста компания жетекшісі Арман Бекембаев туралы ерекше атап өткім келеді. Ол жай ғана басшы емес, нағыз көшбасшы дер едім. Әрбір талқылауға өзі қаты­сып, команданың жұмысына үнемі қолдау танытады, – деді ол.

Өзімді қатарластарымнан ерте есейдім деп ойламаймын

Замандастары студенттік өмірге қадам басуға дайындалып жүрген шақта Әлихан ғылыми зерттеулерге ден қойып, халық­аралық деңгейдегі мамандармен бірге жұмыс істеп жүр. Мұндай өмір ырғағы оны өз қатарлас­тарынан ерте есейіп кеткендей сезіндірмей ме деген сауал бізді де қызықтырмай қоймады.  

– Әрине, мен де ҰБТ мен мектеп бітіру кеші туралы ойлай­мын. Болашақ мамандығым мен қай университетте оқитыным да мен үшін маңызды. Бірақ мұның бәрін «ерте есейгендік» деп есеп­темеймін. Бұл салаға деген қызы­ғушылығым шынайы. Сондықтан академиялық білім алып жүріп, таңдаған мамандығыммен қазір­ден бастап айналысуды қалыпты жағдай деп санаймын. Иә, менің күнделікті өмірім қатарлас­та­рымнан басқаша. Олар көбіне мектеп бітіру кешін талқылап жүргенде, мен Берлин мен Ита­лиядағы әріптестеріммен маши­на­лық оқыту модельдерін талқы­лаймын. Мен ешқашан өзімді балалық шағымнан айырылып жатырмын деп ойлаған емеспін. Керісінше, дәл қазір болашақта қоғамға пайдасын тигізетін білім мен тәжірибе жинап жүрмін, – деді оқушы.

Алматыда қуатты жер сілкі­нісі болғаннан бері екі жыл­дан аса уақыт өтсе де, тұрғын­дар арасында зілзала қайталануы мүмкін деген алаңдаушылық жиі сөз болады. Әлихан мұндай сауал­дарды сы­ныптастарының да өзіне жиі қоя­тынын жасырмады. 

Ал­айда ол ғылымның міндеті – бол­жам айтуға негізделмегенін, шын мән­інде, деректерді талдап, қауіп­тің алдын алуға мүмкіндік беретін жүйені жетілдіру екенін алға тартты.

– Бұл тақырып мен үшін өте қызық. Мен өзімді алдыңғы буын ғалымдарына қарсы қойып неме­се олармен бәсекелесіп жүр­мін деп ойламаймын. Ғылымда бір адамның ғұмыры кейбір ауқымды мәселелерді толық шешуге жете бермейді. Бірақ ғылымның ең үлкен күші – оның сабақтас­ты­ғында. Әр буын өзіне дейінгі ғалымдардың еңбегіне сүйеніп, оны әрі қарай жалғастырады. Мен де өзімді сол жолдың жалғас­тырушысымын деп санаймын. Бүгінгі ізденістерім – өзіме дей­інгі ғалымдардың қалыптас­тыр­ған ғылыми негізінің жалғасы деп білемін, – деді Әлихан.

Ғылымның өмірдегі пайдасын көргенде, қызықты бола бастайды

Қазір жастардың басым көбі әлеуметтік желіге әуес және олар ғылымнан алшақтап барады деген пікірлерді жиі естиміз. Десек те, өзі ғылым жолын таңда­ған Әлихан бұл жай ғана қалып­тасқан стерео­тип деп есептейді. Оның пайым­ынша, мәселе жас­тарда емес, олар­дың қызығушы­лығын дұрыс бағыттай білуде жатыр.

– Бұл кейінгі кездері жай ғана «сәнге» айналған пікірлердің бірі деп ойлаймын. Қай кезеңде де адамдар әртүрлі болған және солай бола береді. Бірі дайын ақпаратты тұтынғанды жөн көреді, енді бірі жаңа дүние жасап, өзін дамытуға ұмтылады. Мұны тарихтағы барлық буыннан көруге болады. Сондықтан қазіргі жас­тарды бұрынғы буыннан түбегейлі өзгеше деп айта алмай­мын. Ең бастысы, жасөспірімге өзін таны­туға, қабілетін дамытуға мүмкіндік беру. Ғылымның өмірдегі нақты пайдасын көргенде, қызықты бола бастайды. Зерттеуді өзің үшін қызықты ізденіске айнал­дырып, алған біліміңнің айналаңа, қоғам­ға әсер ете алатынын түсін­ген кез­де ғылымға деген қызығу­шы­­лық артады, – деп сөзін түйін­деді Ә. Ғатаулин.

Ерекше атап өтерлік жайт, таяуда Әлихан Қазақ­стан­дағы IT және жасанды интеллект сала­сындағы жетекші NeuroKids плат­формасынан 800 мың АҚШ дол­лары көлеміндегі келісім­шарт­қа ұсыныс алды. Компания жас талантқа Бизнесті дамыту және AI таланттар жөніндегі директор (Chief Business Development & AI Talents Officer) қызметін ұсынған. Жаңа лауазым аясында Әлихан платформаның халықара­лық ауқымын кеңейтуге, білім беру бағдарламаларына жасанды ин­тел­лект технологияларын енгізуге және әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жастарды тартуға атса­лысады.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 05:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see181

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see164

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see161

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see159

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see158

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see157

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see157

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see157

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see155

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see154

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see154

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see153

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see152

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see152

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see152

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see151
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары