Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Жетісу облысы дала еңбеккерлері марапатталды

Жетісу облысы дала еңбеккерлері марапатталды

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жетісу облысы дәндік жүгері, майбұршақ және қант қызылшасын өсіру бойынша республикада алдыңғы орында. Аймақ шаруалары биыл екі миллион тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімін өндірді. 

Төрт-түлікті түлетіп, қамбаны астыққа толтырған еңбеккерлер жылды қорытындылады. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында 25 адам марапатталып, сый құрметке бөленді. 

Ел ырысын еселеуге үлес қосып жүрген жандардың бірі – Қанат Кенбаев. 30 жылдан бері шаруашылықпен айналысатын ол «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Қанат Кенбаев, «Еңбек Ардагері» төсбелгісінің иегері:

- Мен 95 жылдан бастап осы ауыл шаруашылығына шаруа қожалығын ашып жұмыс істеп жатырмыз. 30 жылдай жұмыс жасадық. Бүгінгі беріп жатқан медаль марапаты сол еңбегіміздің өтеуі деп білемін. 

Сонымен қатар дала еңбеккерлеріне Премьер-министрдің «Алғыс» хаты,   облыс әкімінің «Құрмет» грамотасы берілді. «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгілері табысталды. Ал 400 гектарды тамшылатып суару әдісімен игерген Қахарман Мағдықасымға жаңа трактор тарту етілді.

Қаһарман Мағдықасым, шаруашылық жетекшісі:

- Бұрындары біз жүгері еккенде 5-6 тонна болса, тамшылатып суарудың арқасында 10-15 тоннаға дейін, ал қант қызылшасынан 70-80 тоннаға дейін алуға болады. Бұрын ол жер сусыз, шөл жер болған. Осы тамшылатудың арқасында біз су үнемдеп осындай табысқа жеттік. 

Жетісу облысында 20 мыңға жуық шаруа қожалығы бар. Еңбеккерлерді қолдау үшін биыл мемлекеттен 61 млрд теңге бөлінген. Бес инвестициялық жоба жүзеге асып, саланың дамуына ықпал етті.

Бейбіт Исабаев, облыс әкімі:

- Ауыл шаруашылық өнімін өндіру өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. 90 млрд теңгені құрады. Экспортқа жыл басынан бері 73 мың тоннаға жуық өнім шықты. Азық түлік түрінің 14 түрінен облыс халқын толық қамтуға жеткіліктіміз. Бұл жетістікте өздеріңіздің табанды еңбектеріңіз бар. 

Салтанатты жиында «Ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту» деп аталатын  жаңа бағдарлама таныстырылды. Соған сәйкес келер жылдан бастап шаруаларға 12 бағыт бойынша субсидия беріледі. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Айгүл Ғазизулина

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 05:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары