Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жетісу университетінің ғалымдары инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді тетіктерін ұсынды

Жетісу университетінің ғалымдары инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді тетіктерін ұсынды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған үлкен мәселенің бірі ерекше балаларды оқыту,  тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеу, яғни, инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім берудің мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Белгілі педагог ғалым В.Сухомолинский: «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер»,-дейді. Педагогтың осы тұжырымы әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Осы мәселеге қатысты әлем ғалымдарының да айтар ойы бір арнаға тоғысады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, оларды бөлетін кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарын  қолдауға шақырады. Жаһандану  дәуірінде әлем ғалымдары дабыл қағып жатқан проблемаға Жетісу университетінің ғалымдары да  үн қосып үлкен жобаны қолға алды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор З. Мовкебаева инклюзивті білім беруге қатысты жобасын жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елімізде білім беру саласындағы инклюзивті ортаны дамыту мәселелерін талқылауға елеулі үлес қосып жүрген жетісулық ғалымдар  Алматы қаласында өткен инклюзивті білім беру жөніндегі алғашқы Дүниежүзілік — World Inclusion Congress (WIC 2025) конгресіне қатысты. Ауқымды шараға әлемнің 51 елінен 1500-ден астам адам жиналды. Олардың арасында  мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, халықаралық ұйымдар, педагогтар, сарапшылар және инклюзивті білім беру саласының көшбасшылары бар.  Конгресте жоба жетекшісі З. Мовкебаева  өте мазмұнды баяндама жасап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруындағы «BR24993150 Шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың бейіналды дайындығына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жүргізген жұмысының ғылыми зерттеу нәтижелерін және тәжірибелік қорытындыларын ұсынды. Ғалым ерекше білім алуды қажет ететін балалардың мектептен бастап белгілі маман иесі болуға дейінгі  аралығындағы стратегияларды жан-жақты ашып көрсетті. 

Сондай-ақ ғалымдар жоба барысында Брюссель қаласында өткен «Білім берудегі инклюзивті әдіс-тәсілдер: кәсіби жолға қадам» біліктілікті арттыру курсына қатысып қайтты. Іссапар барысында ғалымдар инклюзивті білім беруді ілгерілетуде шешуші рөл атқаратын Еуропа Одағы  институттарының  жұмысымен танысты. Еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитетте (EESC) өткен кездесуге қатысты. Онда инклюзия, мүгедек адамдардың құқықтары, халықаралық ынтымақтастық және Еуропа Одағының көрші елдермен, соның ішінде Орталық Азия елдерімен (Қазақстан) қарым-қатынасы бойынша Dumitru Farcas баяндама оқыды. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетушілердің Еуропалық қауымдастығы (EASPD) қызметін көріп, инклюзивті білім беру саласында жүзеге асырылатын EASPD жобасымен танысты.  City Center-де барлық жастағы нейроерекше адамдар мен олардың отбасыларын қолдайтын Neurodiversity Belgium ұйымының сессиясы өтті. Жетісулық ғалымдар сессия жұмысына қатысып,  нейроерекше адамдар үшін инклюзивті орта құруға бағытталған ұйым қызметкерлерінің тәжірибесін үйренді. Нейроинклюзия принциптерін ілгерілетуге, мүгедектерге қоғамда тең өмір сүруге, оқуға, жұмыс істеуге, мүмкіндік беру мақсатында құрылған  «Konekt», «Bjièn»  ұйымының жұмысымен танысты. Сонымен қатар бағдарлама орындаушылары инклюзивті жоғары білім беруді қолдау орталығында (Steunpunt inclusief HogerOnderwijs) болды.  Жоғары оқу орындарының әртүрлілік саясаты мен білім беру тәжірибесіне инклюзивті білім беруді енгізу үшін кеңес беру, интервизия, коучинг және оқытуды қарастыратын ұйым қызметкерлерімен сұхбаттасып тәжірибе алмасты. «ІТ секторында аутизмі бар адамдарды инклюзивті жұмысқа орналастыру» мәселесін талқылаған жиынға қатысып,  нейроинклюзия қызметтері бойынша кеңестер алды. Ғалымдар Антверпен қолданбалы ғылымдар және өнер университетіне де арнайы барды.  Онда білім беру мен қоғамдағы инклюзия, әртүрлілік және тең мүмкіндіктер тақырыбы бойынша ой бөлісті. Сапар барысында ғалымдар инклюзивті білім беру жүйелерін дамыту мақсатында Еуропаның 31 елінің білім министрліктерін біріктіретін тәуелсіз ұйымның жұмысымен танысты.  Шетелдік ғалымдар интеллектуалды дамуында ауытқуы бар адамдар мен олардың отбасыларының мүдделерін қорғау жөнінде маңызды ақпараттар берді.

Жетісу университеті ғалымдарының мұндай ауқымды халықаралық іс-шараға қатысуы университеттің ғылыми беделін әлемдік деңгейде нығайтып қана қоймай, елімізде инклюзивті білім беруді дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Инклюзивті тәжірибелерді жетілдірудің өзге де бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Жоба аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Арнайы білім беру мәселелерін зерттеу» орталығы ашылды. Орталық көру, есту, тірек-қимыл аппаратары және тағы басқа дамуында шектеуі бар балаларға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар бұл орталықта арнайы педагогика және психология мәселелері, арнайы білім беруді жүзеге асыру бойынша қолданбалы зерттеулер, теориялық және оқу-әдістемелік әзірлемелер дайыналады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе», - деп ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсету керектігін баса айтқан еді. 

Жетісулық ғалымдар  ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, инклюзивті білім беруді дамыту жолында тың ғылыми жобаны іске асырып жатыр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары